практикалық жұмыс «Суды ластанудан тазарту»
№ 3 практикалық жұмыс
«Суды ластанудан тазарту»
Мақсаты: суды қоспадан бөлу, тазарту әдістерін практикада қолдану.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: су ( № 1,2 үлгіде), сутек пероксиді, спиртшамы, тигельді қысқыш, пробиркаұстағыш, сүзгіш, фильтр қағазы.
Сабақтың жүруі:
ҚТ бойынша нұсқаулық.
- Судың анализі
Берілген екі үлгідегі судың мөлдірлігі, иісі, ластану дәрежесін анықтаңдар. Ерітіндіні рН индикатормен анықтаңдар.
Үлгі | рН | Мөлдірлігі | Иісі | Көзге көрінетін қоспалар |
№ 1 | ||||
№ 2 |
- Судың үлгілерін тазарту
А. Ерімейтін қоспаларды тазарту (құм, ағаш үгінділері және т.б. ) — тұндырып фильтрлеу.
Б. Үлгілерді еритін қоспалардан тазарту: қайнату, тотықтыру Н2О2. рН анықтау.
Тазарту түрі | Көрінетін құбылыстар | рН | Қорытынды |
Қорытындылау: