Металдардың химиялық қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен еңбектену іскерлігін арттырып, танымдық белсенділіктерімен ой-өрісін дамыту.
Білім беру міндеті: Оқушылардың оқулық және электронды оқулық арқылы өз бетімен жеке жұмыс істеуін негізге ала отырып, металдардың қасиеттерін сипаттайтын тапсырмаларды орындап, қорыта білуге үйрету .
Тәрбиелік міндеті: саяси сауаттылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, эстетикалық талғамын арттыруға , дүниетанымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше , сызба-нұсқа құру. Тірек конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалды деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.
Сабақтың түрі: баяндау-әңгімелесу, аралас сабақ .
Сабақтың тегі: жаңа сабақ, жаттығу есептер шығару, тақырыптық қайталау
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, жобалау технологиясы Сабақтың тәсілі: жалпы класпен, жеке оқушымен.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Ақпарат құралдар, элементтердің периодтық кестесі, металдар түрлері, қышқыл, тұз, мулльтимедия «лабораториялық жұмыстар» Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, кластың дайындығын тексеру, бағалау парағы бойынша оқушылар өз өзін бағалайтынын ескертіп өту)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І кезең «Сергіту» кезеңі I І тапсырма «Сандарды сөйлетейік» ойыны
( І,ІІ,ІІІ ), ІҮ – ҮІ , І-ҮІІІ, 80, 19, +1 — +3, 0,5 , 22, 26
Жауабы:
І,ІІ,ІІІ топтың негізгі топшаларында Н пен В басқасы металдар
ІҮ-ҮІ топтың негізгі топшаларының төменгі сол жағында орналасқан элементтер – металдар
І-ҮІІІ топтардың қосымша топшаларында металдар орналасқан
80 – химиялық элементтердің 80 астамы металдар
19 – калий дің реттік саны
+1 — +3 металдардың период бойынша тотығу дәрежелері +1 ден +3 ке дейін артады
0,5 жеңіл метал Литийдің тығыздығы
22 ауыр метал висмуттың тығыздығы
26 темірдің реттік саны
ІІ тапсырма «Ой шақыру»
1.Металдардың физикалық қасиеттеріне ассосация құру : ЕҢ оңай балқиды, қиын балқиды. Ауыр, жеңіл. Жұмсақ, қатты
- Металдық байланыс дегеніміз не?
ІІ кезең «Мағынаны ажырату» Металдардың химиялық қасиеттері
Б.Ү. Б кестесін толтыру
Білемін | үйрендім | Тереңірек білгім келеді |
|
Оқулықпен жұмыс
Жоба:
- Металдар күшті тотықсыздандырғыш
- Металдар
Жай заттармен Күрделі заттармен
- Металдардың электрхимиялық кернеу қатары
ІІІ кезең «Ғажайып тәжірейбелер»
1 Металдардың жай заттармен әрекеттесуі; Метал электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді
- 2Ca + O2 = 2CaO
- Na + Cl2 = 2NaCІ
Металдар- тотықсыздандырғыш. Бейметалдар – тотықтырғыш.
Металдардың электр химиялық кернеу қатарында металдар тотықсыздандырғыш қасиеттерінің кемуіне қарай орналасады
- тәжірейбе « Металдардың сумен әрекеттесуі» (Электронды оқулықтан)
- Металдардың сумен әрекеттесуі.
2Li + 2H2O = 2LiOH + H2
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
2K + 2H2O = 2KOH + H2
- Магнийге дейін орналасқан металдар кәдімгі жағдайда сумен әрекеттесіп,, сутек бөліп шығарады және өзінен кейін орналасқан металдарды олардың тұздарынан ығыстырады
2.тәжірибе Металдардың қышқылмен әрекеттесуі. мультимедиядан қарау
HCl + Zn = ZnCl2 + H2 — тез жүреді.
HCl + Fe = FeCl2 + H2 – баяу жүреді.
HCl + Cu = жүрмейді.
Эл хим кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл құрамыныан сутекті ығыстырып шығарады
- Металдардың тұздармен әрекеттесуі. (Электронды оқулықтан)
CuSO4 + Zn → ZnSO4 + Cu реакция тез жүреді
CuSO4 + Fe → FeSO4 + Cu баяу жүреді
FeSO4 + Cu → жүрмейді.
Белсенді металдар өзінен белсенділігі төмен металды олардың тұзынан ығыстырып шығарады. Мыс сульфаты ерітіндісінде белсенді металдар ерітіндіден мысты ығыстырып оның орнын басады, нәтижесінде тұз түзеді
ІҮ кезең: Сабақты қорыту “Ой толғау”
- Есепті шығар.
2 гр. мырышты еріту үшін күкірт қышқылының қандай массасы керек?
- Темір сульфаты мына металдардың қайсыларымен әрекеттеседі: алюминий, мыс, Рв
3.Ақ түйір айналады тыным таппай,
Жүргендей су бетінде орын жоқтай
Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады
Не түзілді, қай элемент кім айтады?
- Б.Ү.К кестесіне қайтып оралу. Оқушыларды бағалау
ҮІ Үйге тапсырма:
- 28. 3-6 жаттығу.
- Металдар және олардың қолданылуы туралы тарихи мәліметтер жазып келу.