Сілтілік металдар, натрий, калий.
Сабақтың тақырыбы: Сілтілік металдар, натрий, калий.
Сабақтың мақсаты: 1.Химиялық элементтер жайында алған білімдерін кеңейту және
тереңдету, сілтілік металдар жайында мағлұмат беру.
2.Металдардың қасиеттерін , маңызын талдау, реакция теңдеулері
арқылы жаза білуді әрі қарай дамыту.
- Алған білімдерін тұрмыста және күнделікті өмірде қолдана білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту.
Үй жұмысының тақырыбына байланысты ребус шешу.
( жауабы: металл )
Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап: 1.Металдардың периодтық системадағы орны.
2.Табиғатта таралуы.
3.Химиялық қасиеті.
4.Физикалық қасиеті.
5.Қолданылуы.
6.Маңызды металдар, олардың қолданылу салалары.
ІІ. Мағынаны тану. (жаңа тақырып).
Ой шақыру.
Электрондық оқулықтан металдың суда еруін көрсету арқылы оқушыларға сұрақ қою.
Сабақтың тақырыбы: «Сілтілік металдар». Периодтық системадағы қай топ осылай
аталады, неге?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Сілтілік металдар» жайында не білесіздер? Әр қайсысыңыз
дәптерлеріңізге не білетіндеріңізді жазыңыздар. Жазып болған соң, оқушыларға мәтін
таратылады.
Мәтінмен жұмыс.
( қысқаша мәтін )
Сілтілік металдар, натрий, калий.
1.Сілтілік металдар периодтық жүйенің І тобының негізгі топшасында орналасқан. Оған
жататындар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr. Олардың іс жүзіндегі маңыздылары: Na, K. Қалған сілтілік
металдар осыларға ұқсас. Натрий таралуы жөнінен алтыншы орында, калий жетінші орында.
Олар тек атом радиустары бойынша ғана ерекшеленеді. Олар s элементке жатады. Атом
радиусы, химиялық белсенділігі топтарда жоғарыдан төмен қарай өседі. Ең кіші радиус Li-
де , ал ең үлкені Fr –да. Реакция кезінде +1 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Табиғатта кездесуі: Сілтілік металдар қосылыстарынан табиғатта кең тарағаны тек натрий
және калий қосылыстары ғана. Мысалы: натрий хлориді Арал, Каспий маңында , натрий
сульфаты Алматы ,Қызылордада , сильвинит, карналит Батыс Қазақстанда. Натрий, калий
иондары тірі ағзада маңызды роль атқарады. Франций ядролық реакция кезінде жасанды
жолмен алынған. Сілтілік металдарды тұздарынан электролиз әдісімен алады.
- Сілтілік металдардың барлығы болар-болмас реңкті, ақ түсті, жеңіл, оңай балқиды. Олардың
қаттылығы және балқу температурасы жоғарыдан төмен қарай кеми береді. Натрий ионы
жалынды сары түске, ал калий ионы күлгін түске бояйды. Сілтілік металдар күшті
тотықсыздандырғыш және химиялық өте белсенді болып табылады. Олар сутегін қоса
алғанда барлық бейметалдармен қуатты әрекеттеседі. Мысалы:
+СІ2 2МеСІ
+ S Me2S
2Ме +2HCI 2MeCI + H2
+2HOH 2MeOH + H2
+H2 2MeH
+O2 Me2O
- Натрий тотықсыздандырғыш ретінде түсті металлургияда ядролық реакторларда жылу жеткізгіш, органикалық заттарды синтездеу кезінде катализатор ретінде қолданылады. Сілтілік металдар, әсіресе цезий жарықтың әсерінен оң зарядталған ионға айнала алады. Оның бұл қасиеті жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспапқа- фотоэлементке, сондай-ақ өздігінен жұмыс істейтін аппараттар әзірлеуге пайдаланылады. Калий тұздарының өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы өте зор. Натрий пероксидін ауаны регенерациялау үшін сүңгуір қайықтарда және ғарыштық кемелерде пайдаланады. Ол көмірқышқыл газын сіңіріп ауаны тазартады.
Маңызды қосылыстары: NaOH- сілті, химия өнеркәсібінің маңызды қосылысы, сабын, қағаз, бояу, дәрі алу үшін және тұрмыста NaCI – ас тұзы, консервілеуде және химия өнеркәсібінде натрий, хлор, сода алу үшін, Na2SO4— шыны, сода, медицинада қолданылатын глаубер тұзын алу үшін, Na2CO3 – кальцинирленген сода, тері, формацевтика өнеркәсібі, дәрі алуда, NaNO3— тыңайтқыш ретінде, NaHCO3 – ас содасы, медицина, кондитерде қолданылады. KNO3— азоты, калийі бар тыңайтқыш, KCIO3 – бертолле тұзы, химия өнекәсібінде, сіріңке жасауда, КМnO4-марганцовка, дәрі ретінде, зертханада оттегін алу үшін, К2СО3— ағаш күлінде болады, тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Бірінші абзацты оқу және талдау, тапсырма орындау.
1 тапсырма.
Химиялық таңбасы | Электрондық формуласы | Электрондардың орбитальдарда таралып орналасуы. |
Li | ||
K | ||
Na |
2 тапсырма.
Cілтілік металдардың оксидтерінің және сульфидтерінің формуласын жазыңдар.
3 тапсырма.
Натрий хлоридіндегі (NaCI) натрийдің , калий оксидіндегі (К2О) калийдің массалық үлесін есептеңдер.
4 тапсырма.
Мына заттар сілтілік металдардың табиғатта кездесетін қосылыстарының аттары:
1)натрий хлориді; 2)сильвинит (натрий хлориді-калий хлориді)
3)карналит (калий хлориді-магний хлориді-6 су молекуласы) 4)калий хлориді
5)микрабилит (натрий сульфаты-10 су молекуласы)
Осы заттардың формуласын жазыңдар.
5 тапсырма.
№ | Сұрақ | Жауап | |
1 | Ас содасы | А | Na2O |
2 | Ащы тұз | Б | KOH |
3 | Поташ | В | NaHCO3 |
4 | Натрий пероксиді | Г | Nа2SO4*10H2О |
5 | Күйдіргіш калий | Д | K2CO3 |
1. 4.
2. 5.
3.
Екінші абзацты оқу және талдау.
6 тапсырма
Сызбанұсқадағы реакция теңдеулерін жазыңдар,теңестіріңдер.
Реакция теңдеулерін жазу.
Үшінші абзацты оқу және талдау.
Түртіп алу
7 тапсырма
Химиялық диктант
1.Калий тұздары ең қажетті зат.
2.I топтың негізгі топшасындағы сілтілік металдар деп аталады,себебі
3.Металдар реакция кезінде болады.
4.Бағалы металдар:.
5.Na+?=NaCI+?
6.?+H2O=KOH+?
III.Ой толғау.
Сабақты қорытындылау:Тест тапсырмасы.
Үй тапсырмасын беру,бағалау.
Тест тапсырмасы.
1.Натрийдің ядро заряды:
А)10
Б)11
В)12
2.Протон саны:
А)22
Б)23
В)11
3.Энергетикалық деңгей саны
А)3
Б)2
В)4
4.Электрондық формуласы:
А)1s²2s²2p63s²
Б)1s²2s1
В)1s²2s²2p63s1
5.Сілтілік металдар гидридінің жалпы формуласы:
А)MeH
Б)MeH2
В)Me2H
6.Металдар ішіндегі ең ауыры:
А)хром
Б)вольфрам
В)осмий
7.Сілтілік металдар қасиеті:
А)жеңіл,жұмсақ
Б)ауыр,қиын балқиды
В)жеңіл,қиын балқиды
8.Калийдің нейтрон саны:
А)19
Б)20
В)39
9.Сілтілік металдар табиғатта кездеседі:
А)оксидтер түрінде
Б)бос күйінде
В)тұздар түрінде
10.Сілтілік металдарды таза күйінде қандай әдіспен бөліп алады:
А)еріту
Б)электролиз
В)қыздыру