Химия әлемінде ( тәрбиелік шара)
Химия әлемінде ( тәрбиелік шара)
Мақсаты : Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтерін арқылы, қосымша материалдардан мағүлмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге , ұйымшылдыққа баулу, тапқырлыққа үйрету.
Көрнекіліктер : Интерактивті тақта .
NaOH, H2SO4 индикатор лакмус қағазы ф-ф метилоранж 10 дана элементтер. Тор H2O формуласы ,сөзжұмбақтар .
Жоспар:
- Кіріспе :Құрметті ұстаздар, оқушылар кош келдіңіздер.
2.Таныстыру: екі топ отырады, екі топтың атын анықтау үшін көрініс.
Көрініс : Арренус, Усанович екі ғалым кіреді.
— Арренус: міне ғажап,бір жерге тап болдық
— Усанович: мына қонған ауылдар, кімнің ауылы болды екен !
— Арренус : бір құпиясы бары анық, қалай анықтаймыз ?
— Усанович: бір жолын таптым; қоржыннан құралды шығарып,қазір
тәжірибе жүргісем бе деймін : H2SO4 лакмус салады. Сонда қағаз
қызыл түске боялады . Демек қышқылдар аылы болды ғой (9б)
— Арренус :жарадыңыз.Енді екінші ауылды мен анықтап көрейін :
NaOH,+ лакмус = көк түске боялады. Бұл негіздер ауылы екен (9а)
— Усанович: Біз химия еліне келіппіз. Армысыздар оқушылар .
Жүргізуші : Қош келдіңіздер құрметті ғалымдар. Химия елін табуға
қиынға соқты ма ?
-Әзер таптық.
Жүргізуші : Сайысқа «Қышқылдар , Негіздер ауылы қатысады ?»
І бөлім :Сұрақ – жауап (ұпай )
«Қышқылдар» ауылына:
- Өсімдік жапырақтары неге жасыл, ол жапырақтарға түс беретін қандай
элемент бар ?
(Өсімдік жапырағына түс берітін хлорофилл.онда магний металы
болады) .
- Кір сабында болатын қышқыл (Стеарин қышқылы )
- Адам мен жануардан бөлінеді , өсімдіктің торына ілінеді (СО2)
- Өзі ауыр металға жатады . Балалар осы металл құйып сақамен атады
(Қорғасын )
- Оң заряды бірдей ядросы бар атомдардың белгілі түрі?
(химиялық элемент.)
Негіздер ауылына :
1.Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (Коэфицент)
- Дені сауадамның асқазанында қандай күшті қышқыл болады?
(Тұз қышқылы)
- Жанбайтын қандай зат сумен сөндіріледі?
(Әктасты сумен қосу, әктасты сөндіру деп аталады)
- Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент (Zn)
- Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент (Магний )
ІІ – бөлім : Экспериментатор: тәжірибе көрсету. Қызықты тәжірибе түсіндіру.
1- Қышқылдар : « Барлық гүлдер гүлденсінші»
Қазір сендердің көз алдарыңызда мына гүлдер шығады ,күн көзіндей сендердің жүректеріңді жылытады .
Орындаушы : Фенолфталин сіңірілген қағаздан жасалған гүлдер тұрады, ас содасы ертіндісі толтырылған пульверизатордан гүлге шашады, көз алдымызда барлық гүлдер таңқурай түсіне ауысады .
Оқушы сөзі : фенолфталин индикаторы ас содасы да таңқурай түске боялады.
2- негіздер : «Сиқырлы жылан»
Ақ қағаздың бетіне H2SO4 – ң ертіндісімен жазу жазыңыз. Қағаз кепкен кезде жазу ғайып болады. Содан соң 15-18 см ара қашықтықта жанарғы шамының жалынына ұста.
Біраз уақыт өткеннен кейін қағаз бетінде қара түсті жазу пайда болады.
Түсіндіруші : қағаздың H2SO4 — да көмірге айналу нәтижесінде түзіледі.
№2 Күл. «Қанттың жануы» қысқыштың көмегімен бір бөлік қантты жанып тұрған газ плитасына ұстаңыз. Қанттың үстіне шамалы темекі күлін сеуіп, жалынға қайта апарамыз:
Сұрақ: Күл қандай қызмет атқарады ?
Түсіндірме : кейбір заттар өздері реакцияға түспесе де, екінші бір заттың реакцияға түсуін тездетеді. Күл катализатор қызметін атқарады.
№ «Жұмыртқаның қабығын сындырмай ,қалай аршуға болады»
Піскен жұмыртқа НСІ стакан су .
Орындылауы : стакандағы тұз қышқылына піскен жұмыртқаны салғанда жұмыртқа алғашқы кезде НСІ – ң біресе астына түссе : Біресе үстіне шығып , қозғалыста болады .
А) Жұмыртқаның сыртындағы қабығы СО2(СаСО3) тұз қышқылында ериді.
Б) Түзілген СО2-ң қысымының әсерінен жұмыртқа қозғалысқа түсті (1 жұмыртқа)
ІІІ бөлім 1 Ойын. «Тормен су әкелу»
2 топ оқушыларына металдан немесе жіппен тоқылған тор беріледі. Суды төкпей, жылдам әкелу керек . Қалай әкелуге болады ? Жауабы : торға Н2О формуласын жазып салады да әкеліп береді. 2 торкөзге ас тұзын толтыру Na => 10дана CI =>10дана ,
басқа элемент 10 =>дана.
ІҮ – бөлім: Биогендік элементтер
2 топқа бірдей аталған мүшелерінде кездесетіретін элементтерді атаулары қажет:
« Қышқылдар тобына » « Негіздер тобына »
Өкпеде – Li, Na Мида – Na, Mg, K
Қанда — Fe,Na,Li,Ca,K Шашта – AI, As, CI
Қалқанша безде — J, Zn,Br Жүректе — Ca,K
Тiсте — F, Ca,Mg, P Ұйқы безінде — Mg
Гипофизде — Zn ,Br, Mn ,Cr Бауырда – Li, Se, Mo, Zn, Ca,Mn,K,Cu.
Ү бөлім : Капитандар сайысы .
- Бір қағаз бетінде прибор салынған ,ал екінші қағазға салардың реакциясын жазылған.
Осы приборға қандай реакция сәйкес келетінін табу керек.
CO2
А)(CaCO3+2HCI= CaCI2+ H2CO3
H2O
Б) 2NaOH +H2SO4= Na2SO4 +H2O
В) Zn +2HCI = ZnCI2+H2
Г) ZnCI2+2KOH = Zn (OH)2 +2 KCI
ІҮ – бөлім : Есеп шығару « Алтын сандық»
Есептер сыры : Тағы келді сыналар шақ айналып ,
Тереңіне білім теңіз байланып
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр
Есеп шешер кезегі келіп тұр.
Қышқылдар тобына : Массасы 200 г шаймен бірге адам судың қанша молекуласын ішетіндігін табыңдар. Бір шөлмек 0,5 л. Минералды су ішкенде ше ?
Негіздер тобына : Қыз бала тамақ пісіріп жатқанда абайсызда массасы 15 г. бір ас қасық қантты С12Н22 О11 жерге шашып алды Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.
Қорытынды : Арренус, Усанович мырзалар сый – сияпаттарын береді .
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – деп осымен тәрбиелік шараны аяқтаймыз .