Органикалық заттардың ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бейорганикалық қосылыстарды еске түсіре отырып,органикалық заттарға түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми көзқарасын арттыру
Тәрбиелілік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Сабақтың көрнекілігі: Тірек –сызбалар ,таблицалар
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Қай ғалым»
Ізделінді сөз: Швед ғалымы И.Я. Берцелиус
- Тақтаға жазатын құрал атымен аталатын элемент (бор)
- Н2 SiO3 – қышқылдың аталуы (кремний)
- Тіс жуғыш паста құрамындағы элемент (фтор)
- Алақанда еритін металл (цезий)
- Құрылыс материалы (цемент)
- Ең жеңіл металл (литий)
- Азот қышқылының тұздары (нитрат)
- Радиоактивті элемент (уран)
- Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикат)
- Мағынаны ашу (Жаңа сабақ)
2.Оқулықпен жұмыс.
№2. №3. №4. Жаттығуларды орындап, түсіндіріңдер.
3.Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар .
Берілген бірнеше заттарды қайсысы органикалық заттар, қайсысы бейорганикалық заттар екенін айырып жазыңдар:
Киім, тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, шалбар, көмір, мұнай, май, шокалад, тұз қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий, көмір қышқылы, сұйық май, күдіргіш калий, вазелин.
- Ой тұжырымдамасы:
- Өсімдіктер мен жануарлар денесінен табылған заттар органикалық заттарға жатқызылды. Ол органикалық заттар тірі организмен әсерінен пайда болады. Кейін органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады.
- Оргнаикалық заттардың ерекшеліктері: Құрамында санаулы ғана элементтер (С, Н, О, N,S, т.б) кіреді.
- Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар түзе алады.
- Бейорганикалық заттар 100 мыңнан асса, органикалық заттар өте көп, 18млн –дай болады.
ІІІ. Кіріктірілген бөлім.
Рефлекциялық – бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест- сұрақтар
1.« Органикалық химия » терминін алғаш енгізген ғалым.
а) И.Я. Берцелиус ә) М.В. Ломоносов б) Д.И. Менделеев
- « Органикалық » деген термин қандай сөзден шыққан.
а)көміртек ә) организм б) өнімдер
3.Органикалық қосылыстар саны бейорганикалық қосылыстардан аз ба, көп па?
а) аз ә)көп б)орташа
- Органикалық қосылыс қандай элементтен тұрады?
а) натрий, калий ә) көміртек, сутек б) көмірқышқыл газы
- Органикалық заттардың құрамына мына элементтердің қайсысы кіреді?
а) Ca, S, N, C, Mg ә) C, H, O, N, S б) Zn, Ba, C, O, H, S
ІV. Бағалау.
№ | Тапсырмалар | Мұғалім берген ұпай | Оқушылар жинаған ұпай | Баға |
1 | Қызығушылығын ояту | 15 ұпай | ||
2 | Тірек-сызбамен жұмыс | 5 ұпай | ||
3 | Оқулықпен жұмыс | 10 ұпай | ||
4 | Тест | 5 ұпай | ||
5 | Барлығы |
35 ұпай-«5»
30 ұпай – «4»
25 ұпай-«3»
- Үйге тапсырма
§ 40. Органикалық заттарға мысалдар жазып, түсіндіріңдер