Қышқылдардың химиялық қасиеттері, алынуы және жіктелуі тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың химиялық қасиеттері, алынуы және жіктелуі тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қышқыл өкілдерімен, олардың құрамы мен жіктелуі және химиялық қасиеттері жөніндегі білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың заттарды бір-бірінен ажырата білу, қышқылдардың химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза білу біліктілігін дамытып, теориялық білімдерін жетілдіру
Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, уақытты үнемдей білуге, өз бетімен жұмыс орындауға және шығармашылыққа баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже: Қышқылдар туралы толық білім алады, формулаларды жаза алады, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза алады, есептер шығару дағдысы дамиды.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
а)Оқушыларды түгендеу
ә)оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
б)техника дайындығы
в)оқушыларды топқа бөліп, топ басшыларын белгілеу
ІІ.Қышқылдардың алынуы, жіктелуі және химиялық қасиеттері тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей:
1.Қышқылдар дегеніміз не?
2.Қышқылдарда индикаторлар түсі қалай өзгереді?
3.Қышқылдармен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
ІІ деңгей:
1.Берілген заттардың ішінен қышқылдарды тап:
KOH, HCI,P2O5, H2CO3, NaHCO3, H2O, H2S, NaNO3, H3PO4
2.Қышқылдар құрамына қарай қалай жіктеледі?
3.Реакия нәтижесінде қандай қышқылдар түзіледі:
SO3 + H2O =
CO2 + H2O =
ІІІ деңгей:
1.Қышқылдар мына заттардың қайсысымен әрекеттеспейді:
Zn, CuO, Ag, NaOH, CO2, CaCO3
2.Фосфор және күкірт қышқылдарының молекулалық массаларын есепте.
3.Өзгерістердің теңдеуін жаз: MgMgOMg(OH)2
Семантикалық карта. Жасырын сөзді табу
І топқа
аты формула | Азот қышқылы | Тұз қышқылы | Кремний қышқылы | Фосфор қышқылы | Көмір қышқылы | Күкірт қышқылы |
HCI | а | х | і | т | е | ә |
H2CO3 | с | т | у | м | д | ғ |
HNO3 | л | к | э | б | щ | ж |
H3PO4 | о | г | ш | о | в | қ |
H2SO4 | е | б | с | н | ю | р |
H2SiO3 | м | з | и | ъ | ц | п |
Жасырын сөз……………………………………….
Қай қышқылдың қалдығы……………………………..
ІІ топқа
аты формула | Тұз қышқылы | Күкіртті қышқыл | Фосфор қышқылы | Күкіртсутек қышқылы | Азот қышқылы | Күкірт қышқылы |
H2S | м | з | і | а | д | ц |
H3PO4 | е | к | ф | б | щ | ә |
H2SO3 | а | о | ш | м | е | ж |
HNO3 | л | г | э | ь | ф | п |
H2SO4 | о | т | и | н | ю | т |
HCI | с | х | у | о | в | қ |
Жасырын сөз………………………………
Қай қышқылдың қалдығы……………………….
ІІІ топқа
аты формула | Көмір қышқылы | Кремний қышқылы | Бор қышқылы | Азот қышқылы | Күкірт қышқылы | Фосфор қышқылы |
H3PO4 | с | т | и | б | д | ғ |
H2SiO3 | л | з | і | ь | щ | ә |
HNO3 | м | к | ш | т | ю | ж |
H2CO3 | н | х | э | ч | в | а |
H3PO4 | о | е | у | с | ң | қ |
H2SO4 | е | ф | ы | х | р | я |
Жасырын сөз……………………………………….
Қай қышқылдың қалдығы…………………………………………
«Шпаргалка» ойыны
І топқа
а) … + … ZnCI2
ә) … + H2O H3PO4
ІІ топқа:
а) CuO + … CuSO4 + H2O
ә) SO3 + … H2SO4
ІІІ топқа:
а)NaOH + HNO3 … +…
ә) CaCI2 + … CaSO4 + HCI
«Екеуі артық» ойыны. Берілген қатардан қышқылдан басқа заттардың формуласын алып тастау керек.
І топқа: HCI, K2O, Fe2O3, HNO3, H3PO4
ІІ топқа: H2SO4, Mg(OH)2, H3PO4, HCI, AI(OH)3
ІІІ топқа: H2SO4, K2CO3, H2CO3, H3PO4, Fe2(SO4)3
Сергіту. «Химиялық жүріс» ойыны. Әр топтан бір оқушы шығып, қадам басқан сайын қышқылдың аты мен формуласын атайды.
Сабақты қорытындылау. «Иә», «жоқ»
1.Қышқылдардың құрамы сутек атомдары мен гидроксотоптан тұрады
2.HCI – оттексіз , бірнегізді қышқыл
3.H3PO4 – үшнегізді қышқыл
4.Азот қышқылының қалдығы сульфат деп аталады
5.Күкірт (IV) оксиді сумен әрекеттескенде күкірт қышқылы түзіледі.
6.Мыс тұз қышқылымен әрекеттеседі
7.Қышқылдар индикатордың түсін өзгертеді
8.Қышқылдар негіздермен әрекеттеспейді
9.Қышқылдық оксид сумен әрекеттескенде қышқыл түзіледі
10.H2SiO3– бұл көмірқышқылының формуласы
11.РО4 – сульфат деп аталады
Бағалау. Оқушылар бір- бірін бағалап,топ жетекшілері қорытынды шығарады.
Үйге тапсырма: §47. № 4,7 жаттығуларды орындау. 125-бет