Азот оксидтері, азот қышқылы және нитраттар
Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтері, азот қышқылы және нитраттар
Сабақтың мақсаты: : азот(ІІ) және (ІV) оксидтерінің алыну тәсілдері, қасиеттері және азот қышқылын өндіргенде олардың атқаратын рөлімен таныстыру, сұйытылған және концентрлі азот қышқылының қасиеттерін оқу, тәжірибе жүзінде нитрат-ионды анықтауды үйрену .
Сабақ түрі : Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс -тәсілі : сөздік- көрнекілік
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, электрондық оқулық, периодтық жүйе, кестелер, реактивтер, жинақтамалар , бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже:
- Азот оксидтерінің қасиетін сипаттай алады
- Азот қышқылының химиялық қасиетін талдай алады
- Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен жаза біледі
- Нитраттардың ыдырау өнімдері мен нитрат-ионды анықтай алады
І. Қызығушылықты ояту Ой қозғау стратегиясы
- «Химиялық ой жинау»
- Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады?
- Азот қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
- Аммиактың физикалық қасиетін сипаттаңыз
- Аммиакты өнеркәсіпте және зертханада қалай алады?
- Аммоний тұздары туралы не білеміз?
- Азоттың қандай оксидтерін білесіздер?
- Азот қышқылының тұздары қалай аталады?
- Семантикалық картаны толтыру
Азот | NH4Cl | NO2 | HNO3 | NO | NaNO3 | HNO2 | KNO3 | NH4NO3 | NaNO2 | Ca(NO3)2 |
Оксидтері | ||||||||||
Қышқылдары | ||||||||||
Тұздары |
ІІ. Мағынаны тану Топтастыру стратегиясы
Оқушыларға топтар бойынша тапсырмалар беріледі.
І топ Азот оксидтері, алынуы, қасиеті
ІІ топ Азот қышқылының қасиеттері
ІІІ топ Нитраттар, қасиеті, қолданылуы
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс орындалады
Өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ |
І топ Азот оксидтеріне сипаттама жазу
NO |
Түссіз газ |
Суда нашар ериді |
Ауада жеңіл тотығады |
Қиын сығылады |
NO2 |
Суда ерігенде HNO3 және NO түзеді |
Димерленіп, N2O4 түзеді |
Буы улы |
Электрондық оқулықтан NO2 газының тұзілуі және нитрат-ионды анықтау реакциясы көрнекі көрсетіледі.
ІІ топ
Азот қышқылының химиялық қасиетін тірек сызбалар арқылы талдап, реакция теңдеулерін жазады. «Патша арағы» туралы қосымша мәлімет беріледі.
Концентрлі қышқыл Fe,Cr,Al,Au,Pt,Ir әсер етеді |
Концентрлі қышқыл басқа ауыр металдармен |
NO2 |
Концентрлі қышқыл сілтілік және сілтілікжер металдармен |
Сұйытылған қышқыл сілтілікжер металдармен, сондай-ақ Zn және Fe-мен |
Сұйытылған қышқыл ауыр металдармен |
N2O |
NH3(NH4NO3) |
NO |
Реакция теңдеулері электрондық баланс әдісімен теңестіріледі. Мысалы, мыспен,мырышпен,магниймен сұйытылған және концентрлі азот қышқылының әрекеттесуі .
Ертедегі алхимиктер селитра NaNO3 , темір купоросы FeSO4 7H2O , алюмокалий квасц KAl(SO4)2 12 H2O және мүсәтірді NH4Cl қосып қыздыру арқылы «металдардың патшасы» — алтынды да еріте алатын сұйық алды. Сондықтан да оны aqua regia , яғни «патша суы» немесе «патша арағы» деп атады.
Патша арағы — үш көлем тұз қышқылы мен бір көлем азот қышқылын араластырғанда түзілетін сары түсті сұйықтық. Патша арағында платина сияқты қиын еритін металл да оп- оңай ериді: 3 Pt + 18 HCl + 4HNO3 = 3H2[PtCl6] + 4 NO + 8 H2O
Патша арағының жоғары тотықтырғыштық қабілеті күшті тотықтырғыш — атомдық хлор мен нитрозил хлориді NOCl түзіле жүретін қайтымды реакцияға негізделген.
HNO3 + 3HCl 2[Cl] + 2H2O + NOCl Соңғы өнім сұйықтыққа сары және сарғылт түс береді.
Патша арағында алтынның еруі: Au + 3 HCl + HNO3 = AuCl3 + NO + 2H2O
Түзілген алтын( ІІІ ) хлориді HCl –дың артық мөлшерімен әрекеттесіп, комплексті қосылыс- ( ІІІ ) сутек тетрахлороауратын — H[AuCl4] түзеді:
Au + 4HCl + HNO3 = H[AuCl4] + NO + 2H2O
ІІІ топ
Нитраттардың ыдырау өнімдері тірек сызбамен жұмыс, реакция теңдеулерін жазады.
MeNO3 |
MeNO2 + O2 |
Me + NO2↑ + O2↑ |
MeO + NO2↑ + O2↑ |
Me Mg |
Me Cu |
мен аралығында орналасады |
—нен оңға таман орналасады |
—ден солға таман орналасады |
Me Mg |
Топырақтағы нитраттар, нитратжинағыштар туралы хабарлама жасайды.
Азот қышқылының тұздары азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады. Адам үшін нитраттардың өлімге әкелетін мөлшері 8-15 г аралығында болғанымен, тәуліктік қабылдау адамның дене салмағының бір киллограмына 5 мг артық болмау керек. Топыраққа артық мөлшерде азот тыңайытқыштарын беру өте қауіпті жағдайға әкеледі. Көктемде қар ерігенде нитраттар топырақтан ауыз су көздеріне түсуі мүмкін. Сондай- ақ нитраттар кейбір көкөністердің тамыржемістеріне (сәбіз,қызылша,қарбыз,қауын,картоп) жиналады. Мұндай көкөністерді қабылдаған адам қатты уланады, себебі, ағзада нитраттар анағұрлым улы нитрозаминдерге R2N-N=O тотықсызданады.
ІІІ. Ой толғаныс
1)Жаттығулар мен есептер шығару
№1, №6, №8 (оқулық бойынша) Дидактикалық тапсырмалар бойынша № 2
Қосымша тапсырмалар
- Азот қышқылын сұйылтқанда оның тотығу қабілеті қалай өзгереді? Сұйытылған азот қышқылы мен металдардың әрекеттесуінің ерекшелігі неде? Мысалдар келтіріңдер.
- Концентрлі азот қышқылы темірді, хром мен алюминийді енжарлайды. Бұл нені білдіреді және қалай түсіндіріледі?
- Оқ- дәрінің жануы мынадай жуықталған теңдеу бойынша жүреді:
2KNO3 + 3C + S = K2S + 3CO2 + N2
Массасы 100 г оқ- дәріні жаққанда қандай көлем ( қ. ж) газ бөлінеді?
- Танымдық ойын «Химиялық лото»
+ |
H2O |
+ |
? |
→ |
? |
+ |
NaOH |
+ |
? |
↓ |
AgNO3 |
→ |
NaNO3 |
Na2CO3 |
+ |
? |
? |
+ |
H2O |
+ |
3) Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма : §8.16 №2, 7