«Оттек, оксид. Жану»
- Сабақтың тақырыбы: «Оттек, оксид. Жану»
- Сабақтың мақсаты:
а/Білімділік: Оттек элементін жай зат, әрі химиялық элемент есебінде түсіндіріп, оқушылар білімін бекіту және тереңдету.
ә/ Дамытушылық: Химиялық формула жаза білуін, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
б/ Тәрбиелік: Топта жұмыс істеуге қалыптастыру, білімділікке тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
- Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап.
- Көрнекілігі: Сызбалар, дидактикалық материалдар, Менделеевтің, ломоносовтың портреттері. Периодтық жүйе.
- Пәнаралық байланыс: Физика, математика.
- Пайдаланылатын әдебиет: Химия оқулығы, есептер жинағы, «Химия мектепте» журналы.
- Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгендеу.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Оттек элементін жай зат, әрі химиялық элемент есебінде түсіндіріп, оқушылар білімін бекіту және тереңдету мақсатында жарыс сабағын өткізуді таңдадым. Химиялық формула жаза білуін, теңдеу құру дағдыларын дамыту, химиялық құбылыстар жөніндегі көзқарастарын жетілдіру ізденімпаздыққа жетелейтіні сөзсіз.
«Білімді болуға ұмтылу-заман талабы» деген ұранмен өткен сайыс сұрақ қою арқылыт топпен жұмыстар жүргізіп, ұжымдық ойлау әрекеті мен халық педагогикасының элементтері пайдаландым.
Сынып оқушыларын екі топқа бөлдім.
«Білімпаздар» Ұраны: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар».
Мақсаты: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес еп, тілегі елдің.
«Ойшылдар» Ұраны: «Білім-таусылмас кен»
Мақсаты: «Сын тұрғысынан ойлаймыз, Білімнің терең жеріне бойлаймыз».
І-Бөлім- «Бой сергіту»
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Оны талдауға 5 минут беріледі.
«Білімпаздар» тобына.
- Жер қыртысында неше пайыз оттек бар?.
- Оттектің физикалық қасиеттері қандай?.
- Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?
- Қандай реакцияны тотығу реакциясы деп атайды?.
- Қандай заттар оксидтер деп аталады?
- Табиғатта оттекті бөліп шығаратын реакция.
- Ауаның құрамы?.
- Қандай реакция экзатермиялық реакция деп аталады?.
- Молярлық көлем.
- Газдардың салыстырмалы тығыздығы?
«Ойшылдар» тобына
- Атмосферада неше пайыз оттек бар?
- Озонның физикалық қасиеті қандай?
- Зертханада оттекті қандай заттардан алады?
- Қандай реакция жану реакциясы деп аталады?.
- Өршіткі дегеніміз не?
- Оттек қайда қолданылады?
- Аллотропия дегеніміз не?
- Эндотермиялық реакция дегеніміз не?
- Қ.Ж газдардың көлемі қандай?
- Газдың тығыздығы қандай?
ІІ-Бөлім. «Сандықтан шыққан басқатырғыштар».
Топ мүшелері сандықшадан нөмірлері бар асықтар алып шығады. 4 асықтан алады. Топ басшысы жауап береді.
№ 1. Оксидтерді табуға арналған «Алтын кілт» ойыны. «Оксид» деген сейфтің шифрін табу.
«Білімпаздар» тобына:
- CO2 2. NaOH НNO3 4. CaO 5. SO2 6. MgO
- H3RO4 8. Ca (OH) 9. N2O5 10. PH3 11. P2O5 12. ZnSO4
Сейфтің шифрі : 1,4,5,6,9,11
«Ойшылдар» тобына:
- Na2O Ba (OH)2 3. KN 4. FeO 5. CO2 6. CaO
- KNO3 8. KOH 9. P2O5 10. SiO2 11. CuSO4 12. Ca
Сейфтің шифрі: 1,4,5,6,9,10
№ 2. Оксидтерді атаңыздар:
«Білімпаздар» тобына «Ойшылдар» тобына:
а/CO б/ FeO г/ ZnO a/Na2O б/CaO г/MgO
ә/ P2O5 в/H2O3 д/ CaO ә/ SiO2 в/ ZnO д/ H2O3
№3. Оксидтердің формуласын атына сай құрыңыз.
«Білімпаздар» тобына «Ойшылдар» тобына:
а/Натрий оксиді- б/ Темір (III) оксиді- a/Калий окиді- б/Көміртек (IV) оксиді-
ә/ Күкірт (IV) оксиді- в/Азот (IV) оксиді- ә/ Көміртек (IV) оксиді- в/Фосфор (V) оксиді-
№4. Оксидтегі химиялық элемент атомының валенттілігін анықтаңыз:
Білімпаздар тобына: Ойшылдар тобына:
SO3 ZnO Fe2O3 HgO P2O5 SO2 , Al2 O3, NO, Cu2O, NO2
ІІІ. Бөлім. «Сен маған-мен саған».
Әр топ қарсы топқа 2 сұрақтан қояды.
«Білімпаздар» тобына:
№1. Эндотермиялық реакцияларды табыңдар
№2. Оксидтер дегеніміз не?
а/ C+O2=CO2+Q б/2H2+O2=2H2O+Q
ә/ 2H2O=2H2+O2-Q в/2HgO=2Hg+O2-Q
«Ойшылдар» тобына:
а/ N2+3H2=2NH3 +Q б/ 2SO2+O2=2SO3+Q
ә/H2+O2=2H2O+Q в/2H2O=2H2+O2-Q
№1. Экзотермиялық реакцияларды табыңдар
№2. Тоту дегеніміз не?
- IV. Бөлім. «Көсемдікке ұмтылу»
Сұрақтарға, тапсырмаларға ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады.
№1. Реакцияны теңестіріңіз.
«Білімпаздар» тобына «Ойшылдар» тобына
Ca=O2 = CaO Cu+O2=CuO
№2. Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойып теңестіріңіз.
«Білімпаздар тобына» «Ойшылдар» тобына
Li+O2 Na+O2
CU4+O2 CO2 +? C2U4+O2 CO2+ ?
№3. Оттектің массалық үлесін табыңыз.
«Білімпаздар» «Ойшылдар»
CaO MgO
№4. Сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазыңдар.
«Білімпаздар» «Ойшылдар»
KClO3 O2 CO2 KMnO4 O2 SO2
H2O O2 CuO H2O2 O2 CuO
№5.
«Білімпаздар» «Ойшылдар»
Сутектің қ.ж. тығыздығын есепте Оттектің қ.ж. тығыздығын есепте.
№6.
«Білімпаздар» «Ойшылдар»
Массасы 64 г SO2 зат мөлшерін Массасы 44 г CO2 зат мөлшерін
Есептеңіз есептеңіз
1 моль 1 мольъ
- Бөлім «Жұмбақтас».
Әр топқа 2 тапсырма беріледі.
№1 Реакция теңдеулеріне коэффициенттерін қойып, теңестіріңіздер. Реакцияның қай типіне жатады?
«Білімпаздар» «Ойшылдар»
Al+O2 Al2O3 P+O2 P2O5
№ 2. Реакцияны аяқтап, коэффициенттерін қойып, теңестіріңіздер.
«Білімпаздар» «Ойшылдар»
Zn+ ? ZnO Fe+? Fe2O3
5.Сабақты қорыту:
- Оқушыларды бағалау
- Үйге тапсырма: Қайталау.