Табиғат және қорық. Қорық табиғат жанашыры
Сабақтың тақырыбы: Табиғат және қорық. Қорық табиғат жанашыры
Сабақтың мақсаты:
- мемлекеттік қорықтар мен олардың қызметі жайлы, қорықтарда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен таныстыру;
- өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылып кету себептерін анықтау арқылы, қорықты аймақты зерттеуге қызығушылықтарын дамыту;
- балаларды қоршаған дүниеге қамқорлық жасауға, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру сабағы
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер
Әдісі: әңгімелеу, баяндау, техникалық құралдарды пайдалану, сұрақ-жауап,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
Табиғат ғажайыптарын көрсету. (слайд )
Қызығушылығын ояту
Құрметті оқушылар біздің мектебімізде Салт-дәстүрім өлмеген,Халқым ғой ол өрлеген атты айлық жүріп жатқанын бәріміз білеміз.
Салт-дәстүр дегеніміз не?Табиғат тал бесігім деп табиғатты қастерлеп,аялаған.
Ежелден қазақтың өмірі табиғатпен байланысты болған.Табиғатты қорғай білген.Табиғатты қорғауға бізді де үйреткен. (слайд )
1.Табиғатым – тал бесігім. Балалардың еліміздің табиғаты туралы ойларын тыңдау.
1-оқушы: Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі .Оның байтақ жерінде тау да ,төбелер мен жазықтар да бар.Қазақстан жерінің ең биік нүктесі — Хан Тәңірі шыңы .Теңіз деңгейінен 6995м жоғары , ал төмен нүктесі – Қарақия ойпаты.Теңіз деңгейінен 132м төмен жатыр.Атырау теңізінің ең терең жері 600м жетеді.
2-оқушы:Ел аумағының 10-нан бір бөлігін таулар алып жатыр.Тянь Шянь, Іле Алатауларының беткейлері. Қылқан жапырақты орман болып келеді.Бұл таулардың шатқалдарында жабайы алмалар мен жеміс жидек,жаңғақ бұталары өседі.
3-оқушы:Тау құздарын мұздақтар мен мәңгі қарлар басқан.Осынау биіктерден қар барысын Тянь Шяньның қоңыр аюын, тау ешкілерін кездестіруге болады.
4-оқушы:Бұл тауларды ең күшті де қыран құстар, қар тасқарасы, ақ басты күшіген, жайылған қанаттарының ұзындығы 3м ге жететін бүркіттер ұшып жүреді.Қазақтың саятшы-бүркітшілері бүркітпен аң аулайды.
5-оқушы:Алтайдың орманды алқаптары-алып бұландар мен әдемі маралдар мекені .Бұл жерде бұлғындар,борсықтар мен орман тышқандары бар.
6-оқушы:Ормандар мен далаларды қасқырлар,түлкілер,қарсақтар,қояндар мекендейді.
7-оқушы:Ертіс,Тобыл және Есіл сияқты үш өзеннің суы Сібірлік Обь өзеніне құйып Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін барады. Ал қалған өзендер ішкі су қоймаларына ,Каспий теңізіне ,Арал мен Балқашқа , ұсақ көлдерге ағып келеді.
8-оқушы:Жаздыгүні қаптаған дала көлдерінде үйрек,шағала,балықшы,көкқұтан,сарыалақаз сияқты мыңдаған құстар жыпырлап өріп жүреді.
Пікірталас: «Жануарлар неліктен құрып кетеді?»
А)Адам жануарлардың тіршілік ортасын жойып жібереді. ( егін салу үшін ормандар мен тоғайларды кесіп, өртейді, ғимараттар салады)
Ә)Аңшылық кәсіп және жөнсіз аулау. (браконьерлік)
Б)Табиғи апаттардың салдарынан.
В)Өзен, көлдер мен мұхиттардың ластануынан.
Иә, шектеусіз аулау мен адамдардың шаруашылық әрекетінен кейбір жануарлар мүлде құрып кеткен, ал көбі сирек кездесетін түрге айналған. Олар Қазақстанның Қызыл кітабынаенгізілген.
Жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің құрып кету себептері анықталған соң, проблемалық сұрақ туындайды:
Адамдар құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеп жатыр?
Еліміздің көрікті, табиғи аймақтарын өз қалпында сақтау, саны азайған өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және балық уылдырық шашатын өзен -көлдерді қорғау мақсатында құрылған мемлекеттік қорықтар бар. Олар: (VІ слайд)
2.Қорық-табиғат жанашыры.(слайд)
Мұғалім:Көріп отырғанымыздай осындай алуан түрлі табиғатымызды қорғау үшін адам қандай әрекеттер жасайды.
1-оқушы:Қазақстанның ортасында орналасқан Теңіз көліндегі қызғылтым қоқиқаздар қызыл кітіапқа енген. Бұл жер-осы құстардың ең солтүстіктегі қонысы.Оларды қорғау үшін. Қорғалжың қорығы құрылған болатын.Қазақстанның батыс бөлігі мидай жазық болып келсе , шығыс жағы таулы қиратты болады.Жоңғар және Іле Алатаулары Алтайдан басқа Тарбағатай, Қаратау,Көкшетау,Ұлытау және т.б.
1-оқушы:Осынау тамаша жердің табиғатын сақтау үшін мемлекеттің қорғауындағы Марқакөл , Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 13 мемлекеттік зоология және ботаника заказниктері құрылған.
2-оқушы:Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6000 астам.Олардың ішінде емдік қасиеті барлары,сирек кездесетін түрлері де аз емес.Ал құстардың түрлері 500 ден астам.
3-оқушы: Өзен,көлдерде балықтың 107 түрі өсіп-өніп жатса,далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178ге жетеді екен.
Мұғалім:Қорық дегеніміз не?
Қорық деген белгіленген шекараның ішіндегі табиғаты түгелімен қорғалады. Қорықтың ішінде мал бағуға,егін егуге, шөп шабуға, жол салуға, пайдалы қазба ізжеп өндіруге, саяхатқа шығуға тыйым салынады.Ұлттық бақтарда мемлекет тарапынан қорғалады, бірақ ол жерлерге саяхатқа аруға,үй салуға , демалыс орындарына рұхсат берілген.
Қорықтың мақсаты не?
Барлық табиғи процестер қорықтарда адам әсерінсіз іске асады: бұл жерде табиғат ресурстарының ешқандай түрін пайдалануға, табиғат тұтастығын бұзатын кез -келген шаралар жүргізуге рұқсат жоқ. Қорықтағы жануарлар ерекше қорғауға алынған. Қорықшылар жануарларды бақылайды, қыста қосымша жем береді, ересек жануарлар мен олардың төлдерін есепке алады. Аңшылардың қорыққа рұқсатсыз аң аулауға кіріп кетпеуін қадағалайды.
3.Қазақстандағы қорықтар.
1.Ақсу Жабағалы
2.Алакөл
3.Алматы
4.Барсакелмес
5.Батыс Алтай
6.Қаратау.
7.Қорғалжың
8.Марқакөл
9.Наурызым
10.Үстіріт.
Ұлттық бақтар:
1.Алтын емел
2.Баянауыл
3.Бурабай
4.Іле Алатауы
5.Қарқаралы
6.Қатон Қарағай
7.Көкшетау.
8.Шарын
4-оқушы.Қазақстанның оңтүстігінде,Қаратау баурайына биосфералық Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан.Ло 1926 жылдың 14 шылдесінде ашылған болатын.
Биосфера дегеніміз-тірі табиғат,адам игілігінің,өсімдіктер мен жануарлардың қайнар көзі.
5-оқушы.Қорықтың рәмізі ретінде Рейх жауқазыны таңдап алынған.Оның көлемі 12-15 см-ге жетеді.1877 жылы Амстердам қаласында өткен гүлдер көрмесінде Оңтүстіе Қазақстанның Рейх жауқазыны әдемілігімен үлкендігіне орай гүлдер падишасы атанған.
6-оқушы.Екінші бір өте бағалы гүл-қызыл жолағы бар сарғыш түсті Кауфман жауқазыны.Жұртшылықтың бәрі білетін көген көз сияқты гүлдер мен шөптерде бұл қорықта мұқият қорғалады.Қазақтың халық емшілері емдік шөптердің арасында киікотын бірінші орынға қояды.
7-оқушы. Қазақстандағы қорықтар арасында Ақсу-Жабағылы өсімдіктерінің бай және алуан түрлілігімен көзге түседі.Басқа қорықтарда 5-7 типті өсімдіктер болса,мұнда 12 типті өсімдікке 60 өсімдік формациясы бар.
Қорық флораға бай.Саңырауқұлақтар 250 түрден жоғары,мүктер,қыналар,балдырлар 60-70 түрден,жоғары өсімдіктер1300 түрден жоғары. Батыс Тянь-Шянь мен Қаратау эндемегі-177,қалдық түрі-30-дай, қызылкітаптық-39 түрі.Тек Ақу Жабағалы қорығында сирек кездесетін тамаша ас сүттігін ангрен угамиясы минквиц примуласы ,таласки кекіресі .Масальски қандыгүлі, Коопман өгей бұтасы,Талас қайыңы және т.б. қорғалады.
8-оқушы:Қорықтың жануарлар әлемі де алуан түрлі. Омыртқалы жануарлар фаунасында 330 түр, оның ішінде 6 отряд,21 тұқымдасқа жататын 50 сүтқоректілер түрі бар.
9-оқушы:Құстар әлемі едәуір бай.Мұнда 268 құс түрі кездеседі.Сонымен қатар 110жыл құсы және 130 ұялайтын құс бар.
10-оқушы: Олардың 6 түрі бүркіт, сақалтай жыланышы , жұртшы, бақалтақ қыран, ителгі өте сирек. Бір немесе бірнеше болып ұялайды.Қызыл кітаптық дәрежеге жетеді.
11-оқушы:Қорықта балық саны аз,бірақ көптеген мәліметтер бойынша түрдің саны5, тіпті 7 ге жетеді.
4.Табиғат адам емшісі.
1-оқушы:Астана мен Көкшетау қалаларының арсаында атақты Бурабай көлі жатыр. Бурабай ауасының жанға жайлы, дертке дауа екендігін адамдар ежелден ақ байқаған.Бурабайдағы алғашқы санатори 1910 жылы ашылды.
2-оқушы:Бурабай өзінің емдік қымызымен де жұртшылыққа белгілі.Қымыздың құрамында спирт, сүт қышқылы және толып жатқан витаминдер болады.Ол ерекше пайдалы сусын.
3-оқушы.Алакөлдің емдік суы жаралы жанды аз уақытта аяғына тұрғызып жіберген.Зайсан көлінің маңайында терек,торанғы тұқымдасқа жататын үшінші кезеңнің сирек кездесетін тоғайлары бар. Ал Тарбағатай баурайлары мен Айғырқұм құмдарында өсетін шырғанақ емдік бұталары тығыз.
4-оқушы:Алтай тауларының 1,5 мың м биіктігінде Рахманов қайнарының бұлағы орналасқан. Бұл бұлаққа аңдарда , адамдар да келіп емделіп тұрады.Рахманов деген аңшы бір күні жаралы маралдың ізіне түсіпті .Аң бұлаққа дейін жетіп ортасында тұра қалған екен. Ал ол судан шыққан кезде денесінде жара ізі байқалмаған.
5-оқушы: Сонда аңшының өзі де суға түсіп , ревматизм болған тізесін емдеп үйіне аман сау қайтқан екен.Бір таңқаларлығы Рахманов қайнарлары жыл бойы ыстық болғанымен оның барып құйылатын көлінің суы мұп-мұздай.
6-оқушы:Осы маңайда Қазақстандағы ең биік сарқырама биіктігі4 40 м-ге жететін үлкен Көккөл сарқырамасы күркіреп жатады.
7-оқушы: Киіктер-ешкі тектес жануарлар.Олардың мүйіздерінің емдік қасиеті кұшті.Сондықтан да қымбат.Бұл жануарлар құрып кетудің аз ақ алдында.
8-оқушы: Қазақстан жерінде қарақұйрық жануарының да келешегі мол.Олардың да мекені- шөлейт және жартылай шөлейт жерлер.
А)Экологиялық маршрут.Үстірт қорығына саяхат.(слайд)
Ә) Топтық жұмыс.
Б)Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді жазың
В)Жұптық жұмыс. «Жалғастыр» ойыны.
Г)Мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді жалғастыру.
ІV. Қорытынды
Адамдар құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеп жатыр?
Қорықтардың мақсаты не?
2011 жыл- Халықаралық орман жылы болып жарияланды. Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Парктер шеруі болып өтті.
О, Адамзат! Табиғат байлығы саған ата-бабаңнан мұраға қалған жоқ, келешек ұрпақтан қарызға алғансың!