«Қызықты да, қиын химия»
Тақырыбы: «Қызықты да, қиын химия»
Мақсаты: Факультативтік сабақтан көрініс көрсету,есеп беру.
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту.
Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
- Негізгі бөлім
Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, химиялық құрылғылар, ыдыстар.
Барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар біз бүгін сіздермен химия пәнінің қызықты, әрі қиын екенін көреміз. Ол үшін мен өзіме көмекші екі оқушыны шақырамын, олар маған көмектеседі. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.
Сонымен біздің « Қызықты да,қиын химия» атты кешімізге «ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР»
СИҚЫРЛЫ ТАЯҚША тәжірибесі
Фарфор шашкесіне алдын ала калий перманганаты мен концентрлі тұз қышқылын қосамыз. Шыны таяқшаны шашкеге салып, тез арада спирт шамға жақындатамыз, шам өздігінен т
Сүттің суға айналуы
Кальций хлориді ерітіндісінің натрий карбонаты ерітіндісі қосқанда ақ тұнба түзіледі, түзілген ақ тұнбаға 20% — дық тұз қышқылын қосқанда «ақ сүт» қайнап, түссіз мөлдір сұйықтыққа айналады.
Кальций хлориді ерітіндісі натрий карбонаты ерітінідісімен әрекеттескенде ақ түсті кальций карбонаты тұнбаға түседі:
CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3¯ + 2NaCl
Түзілген тұнбаға тұз қышқылын қосқанда тұнба еріп кальций хлориді, су және көміртек (IV) оксиді тұзіледі, көмір қышқыл газының бөлінуі қайнауды көрсетеді:
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
«Зерек болсаң,шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 8 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.
1 ұяшық: массасы 8 г көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін тап. (Ж.4,032л)
2 ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)
3 ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)
4 ұяшық: 1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)
5 ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)
6 ұяшық: С+О2 + СО2 + 402 кДж теңдеуі еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттың үлесін тап. (Ж.20%)
8 ұяшық: 6,2 кг фосфор жанғанда неше грамм фосфор (Ү) оксиді түзіледі?
(14,2 г)
Көрінбейтін бояу
Фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, қаламұш не қаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіруге болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталейннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталейн мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да бол
Ауыртпай жасалған «операция»
Үстінде ақ халат киген оқушы қыз тәжірибе үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: «Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалуы да, жазылуы да тез. Бір батылдауың, осында келуіңді сұраймын» — деп, шақырады. Жанына келген оқушының білегіне «спирт» жағады да, операция пышағын дизенфекциялағыш сұйықтан алып, оның білегін ары бері кескен болады (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы жазылады, «қаны» тазарады. Бұл қызықты «операция» отырғандарды таң қалдырады. Бұдан кейін оқушы өзі жасаған «операцияның» жасырын сырын айтады: «Мен оқушыныңы білегін спиртпен тазалаған болып оған 5% темір (III) хлоридінің ерітіндісін жақтым да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кескен болдым. Сонда оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданиді түзіледі.» Ол реакция теңдеуін былай жазуға болады:
FeCl3 + 3KCNS = Fe(CNS)3 + 3KCl
Келесі кезекте оқушыларға сұрақтар қоямыз. Сұрақ жауабы қандай әріп таңдасақ, сол әріптен басталуы тиіс. Сұраққа тез әрі нақты жауап беруіміз керек.
«К» әрпі
1.Жай зат (күкірт)
- Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.
3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)
4.Бейметалл (көміртек,күкірт)
5.Сілтілік металл (калий)
6.Екі валентті элемент (кальций)
7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)
8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)
9.Лакмус сілтіде (көгереді)
10.Химиялық байланыс (ковалентті)
«М» әрпі
1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)
- ІІ валентті элемент (магний)
3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)
4.Атомдар нені құрайды (молекула)
5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)
6.Шалшық газы(метан)
- Калий перманганаты (марганцовка)
8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)
9.Индикатор (метилоранж)
10.Темір (металл)
«Вулкан»
1г темір ұнтағы мен 2г калий силитрасының ұнтағын араластырамыз. Оны азбест қағазының ортасына 4-5 қасық үйеміз де, ортасына кішкене этил спиртін тамызып жағамыз. Сол кезде отшашу байқалады.
«Стакандағы қысқы көрініс»
300мл стаканға қорғасын нитратын құйып,оған аммоний хлоридін саламыз. Сонда стаканда қыраумен басып қалғандай көрініс байқалады.
Жанбайтын орамал
Тұтастай мақта қағазды орамалды (ерлер орамалын қолданған ыңғайлы) сулайды да, суын жайлап сығады. Орамалды көрермендерге көрсетіп, кейін ақырындап ацетонға немесе диэтил эфирге (медициналық) батырады. Ацетон немесе эфир құйылған шыныны тез арада алып уақыт өткізіп алмай сіріңкімен орамалды тұтатады. Ұстағышпен (қыстырғыш) ыстық орамалды ұстап тұрып, көрермендерге көрсетеді. От әбден сөнген сщң тұтастай бүлінбеген орамал көрермендерге көрсетіледі, бұл уақытқа дейін орамалды қолмен ұстауға болмайды.
Тәжірибе, су буланғанда оған орамалдан жылудың көп бөлінуімен, ал жылу сұйықтықтың жануымен және сол кезде судың толық буланбай дымқыл орамалдың жанбауымен түсіндіріледі.
Қорытынды: сонымен біздер бүгінгі сабағымызда химия пәнінің қызықты да қиын жақтарын көрдік.
Сабақтың аяқталуы: Сау болыңыздар!