« у » дыбысының бірде дауысты,бірде дауыссыз болып келуі
Сабақтың тақырыбы: 59 – 62 – жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
а/ Оқушыларға « у » дыбысының бірде дауысты,бірде дауыссыз болып келуінің
себебін түсіндіру, алған білімдерін пысықтау.
ә/ Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазуға, көркем таза сөйлеуге
баулу.
б/ Шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын ауызша, жазбаша.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
/ Оқушылардың назарын сабаққа аудару /
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызым мәңгі сені,
Болашағым бақытым – дара тілім.
Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын – жазушыларымыздың тілі туған тіліміз қазір қазақ тілі сабағы екен.
Бүгінгі сабағымыз балалар күндегіден ерекше, себебі біздің сабағымыз 22 – қыркүйек «Тілдер» меркесіне орай өткізіліп отыр.Сабағымызға көп ұстаз қонақтарымыз және «Білім ағашы» қатысып отыр. «Сәлем- сөздің атасы » дегендей ең алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.
Оқушылар: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Жақсы оқушылар «Білім ағашы» сіздерге мерекеге арнап өзінің алтын жапырақтарын сыйлап отыр.Осы қонақтарымызға өз білімдеріңізді көрсетеді деп сіздерге мен және «Білім ағашы » үлкен сенім артып отырмыз.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер- дей келе өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді « Бәйге » ойыны арқылы тексереміз.
( Интерактивті тақтаға көрсету )
10 – дыбыс нешеге бөлінеді?
10 – дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
10 – дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
20 – дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
20 –тіл не үшін керек?
20–Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30–(Не істеді? Не қылды? сұрақтары. Қимылды, іс-әрекетін білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30–Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30– Заттың санын білдіретін сөздеоге қандай сұрақтар қойылады?
- Жаңа сабақ.
- Кіріспе әңгіме.
-Жақсы балалар енді оқулықтарымыздағы 59-жаттығуды қараймыз. Бұл жаттығуда Ескен Елубаевтың «Туған дала» өлеңі, туған жеріміз, даламыз туралы екен. Туған жеріміз туралы не айтар едіңіз? Оқушылар өз ойларын айтады.
- Туған жеріміз Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
- Туған жеріміз батыс өңірінде орналасқан.
- Туған жеріміз мұнайға бай.
(Бір оқушыға өлеңді дауыстатып оқыту).
— Енді балалар,өлеңнің соңғы жолын «Жауын жауды» деген сөйлеммен салыстырып көрейік. Оқушылардың ойын тыңдау.
- -Жақсы балалар енді дәптерлерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.
-Жақсы, енді оқулықтырымыздағы 60-жаттығуды қараймыз. (Берілгенін 1оқушыға оқыту, дауыстатып)
-Бұл жаттығуды «Сөзге әріп қос» ойыны арқылы орындаймыз.
(Интерактивті тақтадан).
Қу
Жу
Бу
Сау
-Тақтада орындау, сөз мағынасындағы өзгерістер туралы айтып өту. Қосымша сұрақтар қою.
Қу-қуу, жу-жуу, бу-буу, сау-сауу.
3.Сергіту сәті. (Әліппе әуенінен).
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау. 2рет
- –Жақсы енді 61- жаттығуды қараймыз
(Берілгенін бір оқушыға оқыту)
- Балалар мен сіздерге қима жапырақтар үлестіремін ұнаған жапырақтарыңызда оқулықтағы сөздер жазылған.Топ болып сөйлем құрап, дайын топтан бір оқушы тақтаға жазады.
- Әр топ өздеріне тиісті сөйлемді ғана көшіреді.
( Тақтадағы оқушы «У» дыбысының дауысты ма, дауыссыз ба екенін айтып түсіндіреді.)
- – «У» дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуында алған білімдеріңізді тексеру мақсатында семантикалық картамен жеке жұмыс ұсынамын.
Сөздер | улы | сау | қу | су |
Дауысты
| ||||
Дауыссыз
|
( орындап болған соң жинап алынады, бір топтан 1 –оқушыға оқыту,тексеру)
- жақсы оқушылар « Білім ағашының » алтын жапырағына «у» быбысы туралы өз ойларыңды жазып, « Білім ағашын » келесі күзге дейін шығарып саламыз.
(Әр оқушы өз ойларын жазып іледі)
- Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едім, енді өлеңмен аяқтаймын. Тек қана мен қолымды көтергенде «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деп айтасыңдар.
Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,
Қазақ тілі — өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі – көгіндегі шамшырақ,
Қазақ тілі — өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,
Ұрапқтарын танытады әлемге!
- Балалар, қазақ тілін жақсы меңгеріп, әлемге танытатын сендер болатыныңызға мен сенімдімін.
5.Үйге тапсырма: 62 – жаттығу
- Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау.