Металдар тақырыбына есептер шығару.
- Сабақтың тақырыбы: Металдар тақырыбына есептер шығару.
- Сабақтың мақсаты:
а/Білімділік: Есеп шығару машықтары мен дағдыларды қалыптастыру.
ә/ Дамытушылық: Есеп шығару қабілетін дамыту.
б/ Тәрбиелік: Білімділікке тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: Есептер шығару.
- Сабақтың өту әдісі: Жаңа технология әдістерінің элементтерін пайдалану. Вассерман әдісі..
- Көрнекілігі: Периодтық жүйе, таблица. Қ Сатбаевтың портреті.
- Пәнаралық байланыс: Физика, математика.
- Пайдаланылатын әдебиет: Химия оқулығы, есептер жинағы, «Химия мектепте» журналы.
- Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгендеу.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларға 5 минут ішінде 80-ге жуық металдарды жазуға тапсырма беріледі.
Қазақстанның темір кені туралы 1-2 минут әңгімелеймін.
3-топқа генетикалық қатарды орындауға тапсырма беремін. 5 минут.
Fe2(SO4)3 Fe(OH)3 Fe2O3 Fe FeCl3
FeCl2 FeS
NaCl Na NaOH Na2SO4 NaCl NaNO3 Ca CaO Cu(OH)2 CaCO3 CaO
№ 1. 3 минут
Массасы 5,4 г алюминий металы үлгісіндегі алюминийдің зат мөлшерін есепте.
0,2 моль
№2. 4 минут.
5,6 г темірдегі зат мөлшерін, атом санын анықтаңдар.
0,1 моль, 0,602*1023
№3. 3 минут
0,5 моль натрий карбогатының массасын есепте.
53 г
№4. 4 минут.
0,3 моль натрий иодидінің масасын, атом санын анықтаңдар.
45 г, 1,0806*1023
№5. 3 минут.
Алюминийдің (ІІІ) оксидіндегі алюминийдің массалық үлесін анықта.
52,9 %
№6. 3 минут.
Кальций карбонатындағы (CaCO3) кальцийдің массалық үлесін анықта. 40 %
№7. 5 минут.
Егер қосылыстың құрамындағы К -24,7 %, Mn-34.8 %, O-40.5% болса, осы қосылыстың қарапайым формуласын анықта.
KxMnyOz x:y:z= 24.7/39:34.8/55:40.5/16= 0.633:0.633:2.53=1:1:4
- 5. Сабақты қорыту
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма: 310 б № 6-7