Металдар тақырыбына есептер шығару.
10-сынып. Химия
Cабақтың тақырыбы: Металдар тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Есеп шығару машықтары мен дағдыларды қалыптастыру.
- Дамытушылық: Есеп шығару қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Есептер шығару.
Сабақтың өту әдісі: Жаңа технология әдістерінің элементтерін пайдалану. Вассерман әдісі.
Көрнекілігі: Менделеевтің периодтық жүйесі, таблицалар, Қ.Сәтбаевтың портреті.
Пәнаралық байланыс: Физика, математика.
Пайдаланылған әдебиет: Химия есептер жинағы, Химия оқулығы.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларға 5 минут ішінде 80-ге жуық металдарды жазуға тапсырма беремін.
№1.
Fe2(SO4)3 Fe(OH)3 Fe2O3 Fe FeCl3
FeCl2 FeS
№2. Массасы 3,2 г мыстағы зат мөлшерін, атом санын анықтаңдар.
Берілгені:
m (Cu)=3,2г Шешуі: Ar (Cu) =64 Mr(Cu)=64 M(Cu)=64 г/моль
Т/к ν, N ν=m/M=N/NA ν=3.2/64=0.05 моль
ν=N/NA N=ν*NA=0.05*6.02*1023=3.01*1022 атом.
Ж/бы: ν=0.05 моль N=3.01*1022 атом
№3. FeO, Fe2O3, Fe(OH)2, Fe(OH)3 қосылыстарындағы темірдің массалық үлестерін тауып, оларды өсу ретімен орналастырыңдар.
ω (Fe) =56/62=0.9 90% ω (Fe)= 56/107= 0.52 52%
ω (Fe) =2*56/160=0.7 70% Fe(OH)3< Fe(OH)2< Fe2O3< FeO
ω (Fe)=56/90=0.62 62%
№4. 10,4 г темір мен магний металдарының қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6,72 л /қ.ж/ сутек бөлінген. Қоспадағы металдардың әрқайсысының массаларын есептеңдер.
M(Fe)=56 г/моль M(Mg)=24 г/моль
Берілгені:
m=(Fe+Mg)=10.4г 56x+24y=10.4
V(H2)=6.72 л Fe+2HCl=FeCl2+H2
Т/к: m(Fe)-? Mg+2HCl=MgCl2+H2
m(Mg)-? ν(H2)= V/νm=6.72л/22.4 л/моль=0.3 моль
x+y=0.3 моль
56x+24y=10.4
x+y=0.3 24
56x+24y=10.4
24x+24y=7.2
32x=3.2
x=3.2/3.2=0.1 x+y=0.3
0.1+0.2=0.3
x=0.1 y=0.2
m(Fe)=ν*M=0.1 моль*56 г/моль=5.6г
m(Mg)=ν*M=0.2 моль*24г/моль=4,8 г
Жауабы: 5,6 г Fe 4.8 г Mg
№5. 4,5 г алюминий мен магний құймасын сілті ерітіндісімен әрекеттестіргенде 3,36 л /қ,ж/ сутек бөлінген. Құймадағы алюминийдің массалық үлесін табыңдар.
Берілгені:
m (Al+Mg)=4.5 г Шешуі:
ν(H2)=3.36л 2Al+2NaOH+10H2O=2Na[Al(OH)4*(H2O)2]+3H2
Т/к: ω(Al)-? ν(H2)= V(H2) /νm =3.36л/22,4 л/моль=0,15 моль
2 моль Аl-3 моль H2
х моль Al-0.15 моль х=2*0,15/3=0,1 моль
m(Al)=ν(Al)*M(Al)=0.1 моль*27 г/моль=2,7 г
ω(Al)=2.7г/4,5г*100%= 60% Ж/бы: 60 % Al
№6. Периодтық жүйедегі ІІ топта орналасқан, массасы 9,52 г белгісіз металдың хлориді ерітілген ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшері қосылған. Нәтижесінде массасы 17,22 г тұнба түскен. Бастапқы ерітіндіде қандай металдың хлориді ерітілгенін анықтаңдар.
Берілгені:
m(MeCl2)=9.52 г MeCl2+2AgNO3=Me(NO3)+2AgCl
m(AgCl)=17.22г ν(MeCl2)= m(MeCl2)/M(MeCl2)=9.52/(x+71) г/моль=9.5/x+71 моль
Т/к ф-ла ν(AgCl)=17.22 г/143,5г/моль=0.12 моль
(MeCl2)-? 1 моль MeCl2 – 2 моль AgCl
9.52/x+71 моль MeCl2 – 0.12 моль AgCl
2*9.52/x+71=0.12
(x+71)*0.12=2*9.52
0.12x+8.52=19.04
0.12x=10.52
x=10.52/0.12
x=87.6 Sr Жауабы: 87,6 стронций
Сабақты қорыту:
Бағалау:
Үйге тапсырма: 310 б № 6-7