Деңгейлік тапсырмалар№11 Еріген заттардың массалық үлесі. Судың физикалық,химиялық қасиеттері(§38-§41)
Деңгейлік тапсырмалар№11
Еріген заттардың массалық үлесі. Судың физикалық,химиялық қасиеттері(§38-§41)
І-деңгей.
- Ерітінділер дегеніміз —
- Судың физикалық қасиеті қандай?
- Күкірт қышқылының молярлық массасын есепте.
- Ерітіндінің концентрациясы —
5.Қышқыл мен тұзға сәйкес келетін формула жазып, оны атаңыз.
ІІ – деңгей
- Мына қосылыстарды атаңдыр.
H2 SO4 Na CI
NaNO3 H2 CO3
HCl Ca (NO3)2
Na2 O Fe SO4
H3 PO4 Na2 O
- Көп нүктенің орнына тиісті формуланы қойып, теңдеуді теңестіріңіздер. Түзілген заттарды атаңдар.
Mg + 2HCl = MgCl 2 + … 2Na + …= Na2SO4 + H2
Zn + 2AgNO3 = … + 2Аg Fe + CuCl2 = … + Cu
- 8 г мыс оксидімен әрекеттесуге қажет сутектің көлемін есептеңдер.
- 50 г тұз пен 150 г су алынды. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай
ІІІ-деңгей.
- Дәріханада 500 гр 9%-тік ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз, қанша грамм су қажет?
- 30 гр астұзы 200 гр суда ерітілген. Осы ерітіндінің массалық үлесін табыңдар?
- 72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.