Деңгейлік тапсырмалар№12 Негіздер, олардың құрамы және қасиеттері (§42-43)

Деңгейлік тапсырмалар№12

Негіздер, олардың құрамы және қасиеттері (§42-43)

І-деңгей.

Тест

  1. Негіздер деген –

а) құрамында металл атомдары гидроксотоппен қосылған күрделі заттар.

ә) құрамында сутек атомымен қышқылдық қалдығы бар күрделі зат.

б) екі элементтен тұрады, біреуі міндетті түрде оттек болып келеді.

  1. Калий гидроксидінің молярлық массасы.

а) 65                ә) 56                б) 57

  1. Сілті ерітіндісінде фенолфталеин түсі қалай өзгереді?

а) сары           ә) қызыл         б) таңқурай

  1. Бейтараптану реакциясы …..

а) негіз+қышқыл      ә) негіз+қышқылдық оксид    б) негіз+су

  1. Натрий гидроксиді –

а) суда ерімейді         б) суда жақсы ериді  ә) суда аз ериді.

 

ІІ-деңгей.

  1. Химиялық айналымды жүзеге асыр
  2. Берілген негіздердің формуласын жазыңдар. Натрий гидроксиді, магний гидроксиді, кальций гидроксиді, темір гидроксиді
  3. Кальций гидроксиді төмендегі заттардың қайсысымен әрекеттеседі? Тиісті химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
  4. 50 г 16%-к сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм сілті алу керек?

 

ІІІ- деңгей

  1. Массасы 196 г мыс (ІІ) гидроксиді ыдырағанда мыс (ІІ) оксидінің қандай зат мөлшері түзіледі?
  2. 78 г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы түзіледі?
  3. Массасы 126 г азот қышқылын бейтараптау үшін мыс (ІІ) гидроксидінің қанша массасы және қанша зат мөлшері түзілетінін есептеңдер?