Деңгейлік тапсырмалар№14 Тұздардың жіктелуі, алынуы мен қасиетттері(§48-49)

 

Деңгейлік тапсырмалар№14

Тұздардың жіктелуі, алынуы мен қасиетттері(§48-49)

І-деңгей.

  1. Тұздар дегеніміз не?
  2. Мына тұздардың формуласын жазыңдар: натрий (І) хлориді, калий (І) сульфаты, темір (ІІІ) фосфаты
  3. Мына тұздарды атаңдар: NaHSO4, Na CI , Ca (NO3)2
  4. Қышқыл тұз және негіз тұз дегеніміз не? Мысал келтір
  5. Орта тұз дегеніміз не? Мысал келтір.

 

 

ІІ-деңгей.

  1. Мына тұздардың формулаларын жазыңдар, қандай тұзға жататынын анықтаңдар: кальций хлориді, барий нитраты, темір (ІІ) сульфаты, натрий гидросульфаты, магний гидроксохлориді, мыс (ІІ) сульфаты, мырыш (ІІ) нитраты
  2. Мына тұздардың алу реакциясын жазыңдар: магний хлориді, кальций карбонаты, натрий хлориді
  3. Реакция теңдеуін құрыңдар:

а)

ә)

в)

  1. Төмендегі айналуларды іске асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

а)

ә)

 

ІІІ- деңгей

  1. 50 г күкірт қышқылы натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеңдер.
  2. Массасы 198 г мыс (ІІ) гидроксиді айырылғанда мыс (ІІ) оксидінің қандай зат мөлшері түзіледі?
  3. 28 г тұз қышқылы барий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген тұздың көлемін анықтаңдар.