Бақылау жұмысын буындап талдау жасаудың тиімділігі

 

Бақылау жұмысын буындап талдау жасаудың тиімділігі

Кіріспе

Жазбаша тексерудің ерекшелігі, аз уақыт ішінде сынып оқушыларының бәлгілі бір тарау бойынша алған білім деңгейлерін және сол білімдерін іс жүзінде қаншалықты көрсете алатындықтарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бір мезгілде өткізілетін жазбаша тексеру арқылы оқушылардың өтілген материалды қандай дәрежеде меңгергендіктері және  жіберген қателерінің мазмұны мен көлемі анықталады.

Оқушылардың білімдерін жазбаша тексеруді-химиялық диктант, қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылау жұмыстарын жүргізу, баяндама жаздыру түрінде іске асыруға болады.

Қысқа мерзімді бақылау жұмыстары 15-20 минут аралығында жүргізіледі және оның мақсаты — үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды қабылдауға әзірлеу немесе оқушылардың білімін анықтау болып табылады. Бақылау жұмыстарының нұсқаларындағы тапсырмалардың саны, мазмұны, сипаты мен қиындық деңгейлері уақытқа сәйкестендіріліп іріктелінеді. Ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары тарау соңында қорытындылау мақсатында алынады. Ұзақтығы 45 минут көлемінде болады. Мұнда да, бақылау жұмыстарының мазмұнын деңгейлетіп жасауға немесе стандартқа сай етіп бір немесе екі нұсқада құрастыруға болады. Мұның мақсаты, оқушылардың тарау материалдарын қаншалықты деңгейде игергендіктерін анықтау болып табылады. Ол үшін, пән мұғалімі тақырыпты жан-жақты талдап, тексерілуге тиісті білім көлемін анықтайды, сұрақтарға бөледі. Бақылау жұмыстарына ұзақ жауап жазуды қажет ететін теориялық сипаттағы тапсырмаларды кірістірудің қажеті жоқ. Мұндай бақылау жұмыстарында оқушылардың алған бағалары шешуші бағалар болып табылады. Сол себепті де, қойылған бағалар нақты және білім деңгейлеріне сәйкес болулары абзал. Ол үшін, бақылаудағы әрбір тапсырманың орындалуына терең талдау жасау қажет. Талдауды, бақылау жұмысындағы әрбір тапсырмада орындалуға тиісті қадамдарға (кезеңдерге) бөліп жасайды. Оқушылардың бақылау жұмысын белгілі жүйемен орындаулары үшін, бағыт-бағдар беру мақсатында сыныптағы тақтаға талдаудың алгоритмдік сызбанұсқасын іліп қоюға да болады.

І. Қысқа мерзімді бақылау жұмыстарын жүргізу

 

Мәселен, оқушылардың «Химия пәні. Таза заттар және қоспалар. Заттардың қасиеттері» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында, үш нұсқада бақылау жұмысын жүргізуге болады. Ол үшін, алынатын бақылау жұмыстарының мәтіндері жазбаша түрде орындалатындай етіліп немесе жауаптары көрсетілген тапсырмалар түрінде, яғни тест түрінде берілуі мүмкін. Тест түрінде берілетін бақылау жұмыстарының ерекшеліктері сол, әрбір оқушы өз жұмыстарының нәтижелерін дайын «кілт» арқылы өз-өзінің немесе бір-бірінің жұмыстарын тексере алады. Мұндай бақылау жұмыстарын сынып оқушыларын микротоптарға бөліп орындатуға болады және де, оқушылардың белсенді қатысуымен қолма-қол тексеруге де болады.

 

І нұсқа

 

1.Төмендегі келтірілген құбылыстардан химиялық құбылысты анықтаңыз: А) Жалынның түзілуі;    Б) Қатты заттың сұйық күйге келуі; В) Қант қызылшасынан қант өндіру;    Г) Гальваникалық элементтердің электр тогын беруі

 

2.Құм мен күкірт ұнтағын қыздырып қақтағанда қандай затқа айналады? Дұрыс жауабын таңдаңыз:      А) Таза затқа;    Б)  Қоспаға;    В)  Химиялық қосылысқа;  Г) Жай затқа

 

3.Мына тұжырымдамада қандай қате бар: «Қантты суда еріткенде химиялық құбылыс жүреді, себебі тәтті дәм пайда болады» ? Дұрыс жауабын таңдаңыз:    А) Қанттың қасиеттері өзгермейді, сондықтан физикалық құбылыс жүреді; Б) Қанттың қасиеттері өзгереді, сондықтан химиялық құбылыс жүреді;   В) Ерігендіктен тәтті дәмнің пайда болу-болмауының маңызы жоқ;   Г) Тұжырымдамада қателік жоқ

 

ІІ нұсқа

 

1.Спиртшам жанған кезде, алдымен спирт буланады, сосын барып жанады. Қандай құбылыстар жүрді? Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А) Химиялық;  Б) Физикалық;    В) Бастапқыда физикалық, соңынан химиялық;  Г) Бастапқыда химиялық, соңынан физикалық

 

  1. Өсімдіктердің минералды тыңғайтқыштармен қоректенуін химиялық құбылысқа жатқызуға бола ма? Дұрыс жауабын таңдаңыз: А) Ия, себебі топырақта тыңайтқыштардың химиялық өзгерісі жүреді; Б) Ия, себебі топырақтағы суда тыңайтқыштар ериді;  В) Жоқ, себебі топырақта тыңайтқыштар физикалық өзгерістерге ұшырайды; Г)Жоқ, себебі тыңайтқыштар топырақтағы суда тек қана ериді                                                 2

3.Таза заттар қоспалардан қандай белгілері бойынша ерекшеленеді? Дұрыс жауабын таңдаңыз:   А) Тұрақты құрамы жоқ;   Б) Тұрақты құрамы болады;   В) Оларды физикалық әдістермен бөлуге болады;  Г) Оларды физикалық әдістермен бөлуге болмайды

                                                                                                                                   

ІІІ нұсқа

 

1.Суда бірі еритін, ал екіншісі ерімейтін екі заттан тұратын қоспаны қандай әдіспен бөлуге болады? Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А) Буландыру;  Б) Сүзу;   В) Тұндыру;  Г) Тұнбадан бөлу

 

2.Зертханалық жағдайда-су, қант және бензин заттарын араластырып біртекті қоспа даярлауға бола ма? Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А) Болмайды, себебі бензин суда ерімейді;  Б) Болмайды, себебі қант бензинде ерімейді;  В) Болады, себебі бензин суда ериді;  Г) Болмайды, себебі қант суда ерігенмен, бензинде еріменйді

 

3.Құбыр суын қайнатқанда ыдыс қабырғасына ақ тұнбаның қақ түрінде жабысуы қандай құбылыс? Құдыр суы таза зат па, жоқ әлде қоспа ма?

А) Физикалық құбылыс, құбыр суы заттар қоспасы;

Б) Химиялық құбылыс, құбыо суы таза зат;

В) Физикалық құбылыс, құбыр суы таза зат;

Г) Химиялық құбылыс, құбыр суы заттар қоспасы

 

ІІ. Ұзақ мерзімді бақылау жұмыстарына талдау жасауды жүргізу

  Мәселен, «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы мәліметтерді қорытындылау» деген тарауға байланысты алынған бақылау жұмысына талдау жасап көрелік.

 

Бақылау жұмысы

 

1.Суда ерімейтін кремний қышқылының қышқылдар класына жататынын дәлелдейтін реакция теңдеуін құрыңыз. Осы қышқылға сәйкес келетін оксид формуласын жазыңыз және атаңыз.

 

2.Мына заттар арасынан негіздік оксидтердің формулаларын бөліп жазыңыз және олардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңыз: SO2, H2S, MgO, HNO3, КОН, CuO.

 

3.Мына заттар арасынан натрийдің генетикалық қатарын құрайтын заттардың формулаларын теріп жазыңыз және олардың әр қайсысының класын көрсетіп аттарын атаңыз: НNO3, NaOH, Na3PO4, MgO, Na2O, Na

Cu (OH)2.

 

3

Талдау жасау сызбанұсқасы

 

Бақылау жұмысындағы тапсырмалар ретіЖеке тапсырмалар бойынша орындалатын жұмыстардың ретіОрындалатын жұмыстардың (кезеңдердің) мазмұныСыныптағы оқушының журнал бойынша рет саны
12т.б.
 

 

 

 

1

1Кремний қышқылымен әрекеттесетін негізді (сілтіні) таңдау: KOH+
2Бейтараптану реакциясының теңдеуін жазу:

2KOH + H2SiO3=K2SiO3+H2O

++
3H2SiO3-на сәйкес келетін оксид формуласын жазу: SiO2++
4Оксидтің атын атау:

кремний (ІУ) оксиді

+
 

 

 

2

1Негіздік оксидтерді таңдау: MgO, CuO++
2Қышқылдармен реакция теңдеулерін жазу:

MgO+ НNO3=Mg(NO3)2+ H2O

CuO+H2SO4=CuSO4+ H2O

 

+
3Теориялық дәлелдеме:

MgO, CuO-типтік металл оксидтері болғандықтан негіздік оксидтерге жатады

 

 

 

 

3

1Генетикалық қатарын құру:

Na—Na2O—NaOH—Na3PO4

2Класын анықтау:

Na-металл

Na2O-оксид

NaOH-негіз

Na3PO4-тұз

++
3Аттарын атау:

Na-натрий

Na2O-натрий оксиді

NaOH-натрий гидроксиді

Na3PO4-натрий ортофосфаты

++

 

Әрбір дұрыс орындалған қадамға «+» белгісі қойылады. Егер де, барлық қадамдар дұрыс орындалса «5» деген баға қойылады, егер де бір қадамнан қате кетсе «4» деген баға қойылады. Осылайша әрбір жеке тапсырманы орындау деңгейіне қарай бағалап, ең соңында орта бағасын шығарамыз. Осындай жолмен бақылау жұмыстарына талдау жасау арқылы, әрбір оқушының біліміне нақты бағалау жасауға болады.Тапсырмалар мазмұндары қарапайымнан күрделіге қарай жасақталып беріледі.


Қорытынды

 

Бақылау жұмыстарына талдау жасау арқылы оқушылардың білімдерін нақты бағалау өзекті мәселелердің біріне жатады. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыруда, пәнге деген құрметті қалыптастыруда оңды әсерлері мол. Әрбір тарау соңындағы бақылау жұмыстарына талдау негізінде нақты бағалауды жүргізу-оқушыларды ізденуге, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Нұғманұлы И.Н. Химияны оқыту әдістемесі. – Алматы, «Рауан»,

1993.92-103 б.

2.Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексенбина К. Химия, 8 сынып.-«Мектп», 2004.

  1. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексенбина К. Химия, 8 сынып.-«Мектеп», 2005.