Галогендер. Хлор
Сабақтың тақырыбы: Галогендер. Хлор
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға галогендердің, хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық тәжірибелер арқылы теория мен практиканы ұштастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс жасауға қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәріс – сұхбат, түсіндіру, өзіндік жұмыс, тәжірибе.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар, тұз қышқылы, металл үлгілері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І топ: SO2 алынуы, қасиеттері. Күкірт қышқылының қолданылуы.
ІІ топ: SO3 қасиеттері. Күкірт қышқылының қасиеттері.
ІІІ. Жаңа сабақ
- «Қызығушылығын ояту» Сөзжұмбақ шешу.
- «Мағынаны тану»
І топ «Галогендердің периодтық жүйедегі орны»
ІІ топ «Хлордың периодтық жүйедегі орны»
ҮІІА топшасы элементтерінің қасиеттері
Қасиеттері | F | Cl | Br | I | At |
Реттік нөмірі | 9 | 17 | 35 | 53 | 85 |
Салыстырмалы атомдық массасы, м.а.б | 18,998 | 35,453 | 79,904 | 126,90 | 209,99 |
Валенттік электрондары | 2s2 2p5 | 3s2 3p5 | 4s2 4p5 | 5s2 5p5 | 6s2 6p5 |
Атом радиусы, нм | 0.064 | 0.099 | 0.114 | 0.133 | — |
Салыстырмалы электртерістігі | 4.10 | 2.83 | 2.74 | 2.21 | 1.90 |
Физикалық күйі | Ашық жасыл газ | Сары жасыл газ | Қызыл қоңыр сұйық | Қара күлгін крист. | Қара көкшіл крист. |
Балқу температурасы, Со | -219,6 | -101,0 | -7,3 | 113,6 | 227 |
Қайнау температурасы, Со | -188,1 | -34,1 | 59,2 | 185,5 | 317 |
Хлордың табиғатта кездесуі:
Табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі (жер қыртысындағы үлесі 0,2% )
Физикалық қасиеттері. Хлор – белсенді элемент. Ауадан 2,5 есе ауыр. 1VН2О : 2,5V Cl
Химиялық қасиеттері. Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі:
H2 + Cl2 = 2HCl
2Sb + 5Cl2 = 2SbCl5
Cu + Cl2 = CuCl2
2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
2Na + Cl2 = 2NaCl
Қолданылуы.
Хлор – маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: Фосген СОCl2, иприт (С2 Н4 Cl)2 S, хлорпикрин CCl3 NO2 т.б (видео көру)
Алынуы. Алғаш рет 1774ж швед химигі К.Шееле тұз қышқылымен МnО2 – ге әсер етіп алды.
Зертханада.
МnО2 + 4HCl = MnCl2 + Cl2↑ +2H2 O
16HCl + 2KMnO4 = 2MnCl2 + 5Cl2↑ +8H2 O + 2KCl
6HCl + KClO3 = KCl + 3Cl2↑ +3H2 O
СaОCl2 + 2HCl = CaCl2 + Cl2↑ +H2 O
Өнеркәсіпте.
2NaCl + 2H2 O → H2 ↑ + Cl2↑ + 2NaOH
Хлорсутек, тұзқышқылы және хлоридтер. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
Алынуы. NaCl + H2 SO4 = NaHSO4 + HCl
NaHSO4 + NaCl = Na2 SO4 + HCl
H2 + Cl2 = 2HCl
Химиялық қасиеттері.
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 ↑
MgO + 2HCl = MgCl2 + H2 O
NaOH + HCl = NaCl + H2 O
AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3
Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады.
AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3
Қысқартылған иондық теңдеуі:
Cl— + Ag+ = AgCl↓
NaCl – тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
KCl – маңызды минералды тыңайтқыш
ZnCl2 – ерітіндісін теміржол шпалдарына сіңіріп, шіруден сақтау үшін, сондай – ақ дәнекерлеу кезінде қолданылады.
CaCl2 – суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз CaCl2 газдарды кептіру үшін қолданылады.
ІІІ. «Ой толғаныс»
І топ. NaCl → Cl2 → HCl → AgCl
ІІ топ. NaCl → Cl2 → HCl → Cl2 → FeCl3
Семантикалық карта
Хлор қосылыстары | HCl | KCl | COCl2 | CaF2 | NaCl | KClO3 |
Ас тұзы | ||||||
Бертолле тұзы | ||||||
Фосген | ||||||
Хлорсутек | ||||||
Балқытқыш шпат | ||||||
Сильвин |
- IV. Қорытынды
- V. Бағалау
VІ. Үйге: §8.20, 8.21
Бағалау парағы
Тапсырма
| 1. Үй тапсырмасы | 2. Жаңа сабақ | 3. Реакция теңдеулерін жазу | 4. Топ басшылар сайысы | 5. Семантикалық карта | Қорытынды баға |
1.
| ||||||
2.
| ||||||
3.
| ||||||
4.
| ||||||