Деңгейлік тапсырмалар№19 Сілтілік металл – натрий. Гаологендер(§65-§68)
Деңгейлік тапсырмалар№19
Сілтілік металл – натрий. Гаологендер(§65-§68)
І-деңгей.
- Кестені толтырыңдар:
Заттардың техникалық аталуы | Формуласы | Қолданылуы |
1. Күйдіргіш натр 2. Кальцийленген сода 3. Ас содасы 4.Глаубер тұзы |
- Периодтық жүйедегі орнына сәйкес электрондық формуласын жазыңдар: хлор, натрий, фтор, бром
- Хлордың физикалық қасиеттерін жазыңдар.
- Хлорды кім ашты, қайда қолданады?
- Галогендердің формуласын жазыңдар.
ІІ-деңгей.
- Хлордың берілген заттармен реакция теңдеулерін жазыңдар:
а)натриймен, ә) кальциймен, б) алюминиймен, в) сутекпен
- Хлорды алуға болатын реакция теңдеулерін жазып, оларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
- 30 г хлордың қалыпты жағдайдағы көлемін есептеңдер.
- Реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
а)
- b) Cl2 + ? = HCl + HClO
- c) Fe + Cl2 =
ІІІ-деңгей.
- 1. 40,5 г мыс хлоридін алу үшін қанша г хлор қажет?
- 3 л сутек пен 2 л хлор газы (қ.ж) әрекеттескенде қанша л хлорсутек түзіледі?
- Темір (ІІ) сульфидін алу үшін 28 г темір мен 22,4 г күкірт қосылды. Қай зат артық қалады және артық заттың массасы қандай? Түзілген темір (ІІ) сулфидінің неше грамы түзілетінін есептеңдер.