Д.Родари «Ғажайып жаңбыр» «Шоколадтан салынған жол»
Сабақ жоспары:
Күні | 16 мамыр |
Пәні | Ана тілі 4-сынып |
Сабақтың тақырыбы | Д.Родари «Ғажайып жаңбыр» «Шоколадтан салынған жол» |
Дерек көзі | Оқулық, слайд. |
Жалпы мақсат | Топтық әрекетте диалогтық тәсілді пайдалана отырып,мәтіннің мазмұнын ашу.Ой өрістерін , сөйлеу дағдыларын дамыту. Өз беттерімен мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтар қоя білу дағдыларын, өз көзқарастарын айту, қорғау дағдыларын жетілдіру |
Оқыту нәтижесі | ·1 Мәтін мазмұнына сай сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады. ·2 Өз пікірін қорғайды, көзқарасын білдіреді. ·3 Өз өзін бағалауға үйренеді. |
Негізгі идеялар | Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. |
Тапсырмалар | 1. Ассоциация құру. 2. Топтық тапсырмалар. 3. Шығармашылық тапсырмалар. |
Кейінгі тапсырма | Оқулықпен жұмыс.
|
Мұғалімнің жазбасы:
Әдіс тәсілдер: СТО, топтық жұмыс, ойын, диалог,сұрақ — жауап, шығармашылық жұмыс, АКТ өзін- өзі бағалау.
I.Ұйымдастыру.
- Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін ,
Қарады баршаға.
- Түстер бойынша 3 топқа бөлу.
- Үй тапсырмасы:
- Мазмұнын айту.
- «Жұлдызды сәт» ойыны. /тақырып бойынша сұрақтар қою/
Сұрақтары:
- Бір апта өткен соң қайда келіп жетті?/Италияға/
- Қай теңізде шомылды?/Жерорта/
- Не үшін балықтың аузына еркімен кіруге тырысты?/айырдай тісіне ілікпеу үшін/
- Ол өзін қандаймын деп санады?/ ақылдымын/
- Балық іші қандай екен?/тастай қараңғы/
- Балықтың ішінде не істеді?/қыдырды/
- Бұл жүріс балыққа қалай әсер етті?/ұнамады/
- Бұл жағдай болған соң, ол не істеді?/аттай тулап, есектей мөңкіді/
- Балық не істеді?/ойбай салып, астаудай басын судан шығарды/
- Бұл жағдайды кімдер көрді?/Италия кемесінің адамдары/
- Матростар не істеді?/балықты атып алып кемеге шығарды/
- Балықтың ішінде ол қалай отырды?/зәресі ұшып/
- Не деп ойлады?/балықпен бірге бөліп тастамас па екен?/
- Балтамен бөліп жатқанда ол не деді?/Италиянша «рахмет» деп айтып жатты/
- Матростар адам дауысын естігенде не істеді?/состиып тұрып қалды/
- Ол балықтан шыққан соң, не істеді?/ ілтипатпен иіліп сәлем берді/
- Бұл оқиға кімнің басынан өткен?/Мюнхаузеннің/
III. Жаңа сабаққа дайындық./Қызығушылықтарын ояту/
1) Сөзжұмбақ сұрақтары:/автордың аты жөнін шығару./
- Аттың жартысы қай жерде жайылып жүр?/көгалда/
- «Балама хат» өлеңін жазған кім?/Жамбыл/
- «Жарты ат», «Балық құрсағында» деп аталатынәзілкеш оқиғаларды кім жазған?/Энрих Распе/
- Ол қай халықтың жазушысы?/неміс/
- «Үш жігіт туралы хикая» атты шығарманы жазған жазушы./Назым Хикмет/
- «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі Әлеубектің шешесінің аты кім?/Жиһангүл/
- «Жарты ат» ертегісіндегі соғыс кімдермен болды?/түріктермен/
- «Акула» әңгімесін жазған жазушы кім?/Л.Толстой/
- «Ісініп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?/домбығып/
- Артиллерист, зеңбірек, қайық деген сөздер қай мәтінде кездеседі?/Акула/
- Кемені суда ұстап тұратын тетік./зәкір/
- «Шығыс шынары» кімге арналған мәтін?/Әлия/
2) Джанни Родари туралы қысқаша мәлімет беру. /Слайд арқылы/
3) Италия және оның қалалары туралы мәлімет беру. /Слайд арқылы/
- Ой қозғау.
Топ бойынша тапсырма беру.
1 – топ: Ғажайып жаңбыр қандай болады?
Ғажайып жаңбыр жауса не істер едің?
2 – топ: Жол неден салынады?
Шоколадтан салынса не істер едің?
3-топ: Ойланып көр. Жол шоколадтан басқа тағы неден салынуы мүмкін?
- V. Топпен жұмыс істеу./ассоциация құру./
1-топ: «Жаңбыр» сөзіне ассоциация құрады.
2- топ: «Жол» сөзіне ассоциация құрады.
3- топ «Шығармашылық топ» «Жаңбыр» сөзіне 5 жолды өлең құру.
Топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.
- Мағынаны тану.
1) «Оқы , оқығанды көңілге тоқы! Мәтінді оқушылар өз бетімен оқып, бір -біріне түсіндіреді.
1-топ: «Ғажайып жаңбыр» мәтінін оқып, бір-біріне түсіндіреді.
2- топ: « Шоколадтан салынған жол»
3-топ: Жаңбыр, жол туралы мақал-мәтел жазады. (Немесе «Жол» тақырыбына 5 жолды өлең құрайды.
2) Әр топтан бір қорғаушы мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелейді.
3) Мәтінді талдау. Мұғалім сұрақ қояды.
- Д. Родаридің шығармалары қандай шығарма түріне жатады?
- Осы мәтіндердің негізгі ойы қандай?
YII. Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа…
VIII. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу : көңілді, көңілсіз, ойлануда/
- Неге жақсы өтті?
- Неге жақсы өтпеді?
- IX. Үйге: Ертегіні оқу, мазмұны
- Мәтін соңындағы шығармашылық тапсырма.
- X. БББ – Білемін Білдім Білгім келеді /парағын уақыт қалса толтыру/
- Бағалау.
Бағалау парағы бойынша өз- өздерін бағалайды. /Критерий бойынша/ Топ басшысы біз былайша бағаладық деп қысқаша сараптама жасайды/