Қышқылдар, олардың жіктелуі, алынуы химиялық қасиеттері.
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, олардың жіктелуі, алынуы химиялық қасиеттері. Сабақтың мақсаты: Қышқылдардың алыну жолдарын ұғыну. Күтілетін нәтиже: Жоғары — Қышқылдардың қасиеттерін түсінеді, тұрмыста қолданылатын қышқылдарды ажырата алады. Орта — Қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін ажырата біледі. Төмен — Қышқылдардың жіктелуін түсінді. | |
Негізгі идея:
Дереккөздер:
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Қышқылдардың түрлері мен қасиеттері жайлы түсіну
Интерактивті тақта, реактивтер мен сынауықтар, стикер, оқулық, АКТ
Миға шабуыл; зертханалық жұмыс; Джиксо әдісі; Адасқан формулалар; Венн диаграммасы; Инсерт кестесі. Шынжыр әдісі, жұмбақ ,Джиксо әдісі, деңгейлік тапсырма,топтық жұмыс. |
уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Күтілетін нәтиже |
2 минут | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Қара жорға биімен» сергіту сәтін өткіземін. Топтық тапсырмаларды орындату үшін оқушыларды мақал сөздері жазылған қағаз қиындыларды құрастыру арқылы топқа бөлемін. | Оқушынлар сәлемдеседі. Сергіту жаттығуын ережеге сәйкес жасай отырып, оқушылар белсенді іс- әрекет жасайды.
Оқушылар мақал сөздері жазылған қағаз қиындысын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. | Ынтымақтастық атмосферасы орнайды |
10 минут | Үй тапсырмасын пысықтау. Топтағы оқушылардың білімдерін анықтау үшін, бұрын алған білімін еске түсіре отырып,сұрақтар қою. 1.Негіздер деген не? 2. Негіздер қалай жіктеледі? 3. Негіздердің физикалық қасиеттері қандай? – деген сұрақарға жауап беруін тапсырамын. Сұраққа нақты жауап бергеніне қарай екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалаймын | Оқушылар ойларын жинақтап, берілген сұрақтарға нақты жауап береді.
Екі жұлдыз бір тілек арқылы оқушылар үй жұмысында өз дайындықтарын сезінеді. | Алдыңғы сабақты пысықтай отырып үй тапсырмасын толық меңгергендері көрінеді, сыни ойлау қабілеттері дамиды |
7 минут
10минут
| Жаңа сабақ: Бүгінгі жаңа сабақтың мазмұнын ашуда оқушыларды ойландыру мақсатында «Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақты ашу үшін топтық жұмыс бердім 1.Оқулықпен жұмыс, постермен жұмыс 2.Зертханалық тәжірибе. Химиялық қасиеттері бойынша А- оқушыға қышқылдарды қандай заттармен әректтестіруге болатынын жасауды тапсырдым. Оқушыларды « Сенгвич» әдісімен бағалау және өзін-өзі бағалау. | 1.Оқушылар ізденеді, оқулықпен жұмыс жасайды
2.оқулықпен жұмыс жасай отырып постерлерін қорғайды.
3.Зертханалық жұмысты ережелер бойынша жасай алады.
Оқушылар өзін-өзі бағалайды. | Жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Постер қорғау арқылы ой өрістері артады. Өз алған білімдері бойынша білімдерін толықтырады.
|
8-мин | Жаңа сабаққа байланысты дәптермен жұмысты орындатамын. 1.Қышқылдардың металдармен әрекеттесуін; 2.Қышқылдардың негіздік оксидтермен; 4.Қышқылдардың негіздермен; 5.Қышқылдардың тұздармен әрекеттесу, реакция теңдеулерін жазуды тапсырамын.
Реакция теңдеуін жазған оқушылар бағдаршам арқылы бағаланады.
| Оқушылар реакция теңдеулерін жазып аяқтайды, оны коэффициенттер арқылы теңестіреді. Реакция нәтижесінде түзілген заттардың аттарын атайды.
Дәптермен жұмыс орындаған оқушылар бағдаршам арқылы өздерін бағалайды. | Ұқыптылық пен нақтылық бойынша жұмыс істеуді үйренеді. |
3минут | «Адасқан формулалар» әдісімен өткен сабақты қортындылайды 2.Инсерт кестесі арқылы не білгенін білемін | Өз бетімен ізденуге бет алады.Кері байланыс жасайды,сабақтан алған әсерін жазады. | АКТ, инсерт кестесі, стикерлер |
2минут | Екі жұлдыз бір тілекБағдаршам арқылы , критери жасау арқылы бағалайды. | Өзіне сын көзбен қарай отырып,ынталанады. | Бағалау парақшалары |
1 минут | Қышқылдар тақырыбына теңдеулер жазады. Келер сабақ бойынша тапсырма беремін | ізденеді | Қосымша материалдар АКТ |