Моль. Молдік масса бойынша есептер
Моль. Молдік масса бойынша есептер
8-сынып
Массасы 3,2 г мыстың зат мөлшерін, атом санын анықтаңыздар.
Берілгені:
m = 3,2 г
Т/к , N
Шешуі: 1) Массасы 3,2 г мыстың зат мөлшері:
А r = 64; Mr (Cu) = 64; M (Cu) = 64 г/моль
m N 3,2
= ––––– = ––––– ; = ––––– = 0,05 моль
M NА 64
2) 0,05 моль мыстың атом саны:
N
v = ––––– ; N = v •NА N = 0,05•6,02•10 23 = 3,01•10 23 атом
NА
Жауабы: 0,05 моль және 3,01•10 23 атом.
Құрамында 10 % қоспасы бар 100 г аммоний карбонатындағы азот атомының санын анықтаңыздар. Берілгені: m (NH4) 2CO3) = 100 г ω (қоспа) = 10 % Т/к N(N) Шешуі: 1) Аммоний карбонатының мольдік массасы: М ((NН4)2СО3) = (14 + 4) •2 + 12 + 16•3 = 96 г/моль 2) 10 % қоспасы бар 100 г аммоний карбонатының массасы: m ((NН4)2СО3) = 100•0,9 = 90 г 3) Аммоний карбонатының зат мөлшері:
m 90
((NН4)2СО3) = ––––– = ––––– = 0,938 моль
M 96
4) Формула бойынша (NН4)2СО3 бір моль затта екі моль азот бар (N) = 2, сондықтан ((NН4)2СО3) = 0,938 •2 = 1,876 моль
5) Азот атомының саны: N(N) =• NA = 1,876 • 6,02 •10 23 = 11,3 •10 23
Жауабы: 11,3•10 23 атом.
Массасы 96 г оттегінің зат мөлшерін (қ.ж.), көлемін, молекула санын анықтаңыздар. Берілгені: m (О2) = 96 г Т/к ,V, N Шешуі: 1) Массасы 96 г оттегінің зат мөлшері: Mr (О2) = 32; M (О2) = 32 г/моль
m V N 96
= ––––– = ––––– = ––––– ; = ––––– = 3 моль
M Vm NА 32
2) Оттегінің молекула саны: N =• NА ; N =3 • 6,02 •10 23 = 18,06 •10 23
3) Оттегінің көлемі (қ.ж.): V =• Vm ; V = 3 моль •22,4 = 67,2 л
Жауабы: 3 моль; 18,06•10 23 молекула; 67,2 л.
Зат мөлшері 0,25 моль көміртегі (ІV) оксидінің массасын, қалыпты жағдайда алатын көлемін және молекула санын анықтаңыздар. Берілгені: (СО2)= 0,25 моль Т/к m, V,N
Шешуі:
1) Көміртегі (ІV) оксидінің массасы: Mr (СО2) = 44; M(СО2) = 44 г/моль
m
= ––––– ; m = • M; m = 0,25 •44 = 11 г
M
2) Көміртегі (ІV) оксидінің көлемі (қ.ж.):
V
= ––––– ; V =• Vm ; V = 0,25 •22,4 = 5,6 л
Vm
3) Көміртегі (ІV) оксидінің молекула саны: N = • NА ; N = 0,25 •6,02•10 23 = 1,505•10 23
Жауабы: 11 г ; 5,6 л ; 1,505•10 23 молекула.
Молекула саны 15•10 23 сутегі қанша көлем алады? Берілгені: N (Н2) = 15•10 23 Т/к V(Н2) Шешуі: І әдіс:
N N
V = • V m ; v = ––––– ; V = Vm • –––––;
NА NА
2,4 • 15•10 23
V(Н2) = ––––––––––––––– = 56 л
6,02•10 23
ІІ әдіс:
6,02•10 23 молекула –––––––– 22,4 л көлем алса, 15•10 23 молекула –––––––– х л көлем алады.
15•10 23 •22,4
х = –––––––––––––– = 56 л
6,02•10 23 Жауабы: 56 л.
Молекула саны 3,01•1023 натрий карбонатының (Nа2CO3) зат мөлшерін, массасын есептеңіздер. Берілгені: N(Nа2CO3) = 3,01•10 23 Т/к m ,
Шешуі: 1) Натрий карбонатының зат мөлшері: Mr (Nа2CO3) = 23 • 2 + 12 + 16 •3 = 106; M (Nа2CO3) = 106 г/моль
m N 3,01•10 23
= ––––– = ––––– ; = ––––––––––– = 0,5 моль
M NА 6,02•10 23
2) Натрий карбонатының массасы: m =•M ; m = 0,5 •106 = 53 г
Жауабы: 0,5 моль; 53 г.
Көлемі 1 литр этил спиртінің (С2Н5 ОН) зат мөлшері қаншаға тең екенін есептеңіздер ( p = 0,8 г/мл) .
Берілгені:
V(С2Н5 ОН) = 1 л
p = 0,8 г/мл
Т/к
Шешуі:
1) Көлемі 1 литр этанолдың массасы: m = p • V; m = 0,8 г/мл •1000 мл = 800 г
2) Этанолдың мольдік массасы мен зат мөлшері: М (С2Н5 ОН) = 12 •2 + 1•5 + 16 + 1 = 46 г/моль
m 800 г
= ––––– ; = ––––––––––– = 17,4 моль
М 46 г/моль
Жауабы: 17,4 моль
ЕСЕПТЕР
1) а) 8 моль натрий гидроксидінің; ә) 0,2 моль темір (ІІІ) сульфатының массасын есептеңіздер.
Жауабы: а) 320 г; ә) 80 г.
2) а) 0,486 г магнийдің; ә) 34,2 г алюминий сульфатының зат мөлшерін есептеңіздер.
Жауабы: а) 0,02 моль; ә) 0,1 моль.
3) Массасы 15,8 г натрий тиосульфатында ( Nа 2S2О3) қанша моль — атомдық натрий және күкірт бар екенін анықтаңыздар.
Жауабы: 0,2 моль натрий; 0,2 моль күкірт
4) Көлемдері а) 6 л озонның, ә) 29 л сутегінің, б) 9 л фтордың қалыпты жағдайдағы массаларын есептеңіздер.
Жауабы: а) 12,96 г; ә) 2,58 г; б) 15,26 г.
5) 41,4 г натрий карбонатында (Nа2СО3) қанша моль натрий атомы бар екенін есептеңіздер.
Жауабы: 0,8 моль.
6) 0,2 моль азот қанша көлем алады?
Жауабы: 4,48 л.
7) Массасы 23,4 г натрий сульфидінің зат мөлшерін есептеңіздер.
Жауабы: 0,3 моль.
8) Көлемі 67,2 л азоттың (қ.ж.) массасын есептеңіздер.
Жауабы: 84 г.
9) Массасы 72 г судың молекула санын есептеңіздер.
Жауабы: 24•10 23 молекула.
10) Қалыпты жағдайда озонның (О3 ) қандай көлемінде молекула саны 9,03•10²³ болады?
Жауабы: 33,6 л.
11) Метанның 3,01•1024 молекуласындағы сутегінің массасын табыңыздар.
Жауабы: 20 г.
12) Жай зат «дифтордың» қандай көлемінде фтордың молекула саны 2,408•1023 болады?
Жауабы: 4,48 л.
13) Б жай затының бір молекуласының массасы 5,33•10 -23 г . Б затының салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңыздар.
Жауабы: 32 г/моль.
14) Көлемі 56 л көміртек (ІV) оксидіндегі (қ.ж.) оттегінің атом санын табыңыздар.
Жауабы: 30,1•1023 .
15) Массасы 24 г натрий гидросульфатының зат мөлшерін есптеңіздер.
Жауабы: 0,2 моль.