«Сутекті зертханада алу және оның қасиеттерін зерттеу»
Тақырыбы: «Сутекті зертханада алу және оның қасиеттерін зерттеу»
Мақсаты: Зертханада Кипп аппараты арқылы сутекті мырыш пен қышқылдарды әрекеттестіру арқылы алу және белсенді металлды сумен әрекеттестіру арқылы алу , сутектің мыс диоксидімен әрекеттесуін бақылау.
Құрал-жабдықтар: Мырыш түйірлері, натрий металы, тұз қышқылы, су, Кипп аппараты, сынауықтар, тұрғы, шырпы, т.б.
№ | Жұмысқа нұсқау | Тәжірибенің орындалуы |
1 | Кипп аппаратын құру, кеуекке мырыш түйірлерін салып, үстіңгі шарға тұз қышқылын құямыз астыңғы шар толғанша. Ортаңғы шардағы тетікті ашқанда реакция жүреді де сутегі бөліне бастайды. Сутекті сынауыққа жинап алып, жанған спиртшамды жақындатсақ «пах» деген дыбыс шығарып жанады. Реакция теңдеуін және байқалған құбылыстарды жаз. Кипп аппаратының суретін салу. | |
2 | Сынауықты тұрғыда орналастырып, ішіне аздап су құйып, үстіне кішкене металл натрий саламыз. Бөлінген сутекті келесі сынауыққа жинап алып, жанған спиртшамды жақындатамыз. Реакция теңдеуін және байқалған құбылыстарды жаз. Суретін сал. | |
3 | Ішінде мыс (II) оксиді салынған сынауықты аузын төмен қаратып,көлденеңінен металл тұрғыда орналастырып, қыздырамыз. Газ алатын қондырғыдан сутек газын жібереміз. Реакция теңдеуін және байқалған құбылыстарды жаз. Суретін сал. |
Қорытынды: