Қышқылдардың қасиетін зерттеу
Тақырыбы: Қышқылдардың қасиетін зерттеу
Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын
құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс кезінде қауіпсіздік
техникасының ережелерін сақтау.
Реактивтер мен құралдар: Тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы, натрий гидроксиді, күміс нитраты, кальций оксиді, тамшуыр, индикаторлар, стакандағы су, сынауықтар, спиртшам, сіріңке.
Практикалық жұмысты орындау барысы:
№ | Тәжірибенің орындалуы | Байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері |
1 | Төменде берілген қышқылдардың формуласын жаз және әр элементтің валенттілігін есепте: тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы, фосфор қышқылы.
| |
2 | Қышқылдардың индикаторларға әсерін анықтау. Ол үшін төрт сынауыққа қышқыл ерітіндісін құйып, оларға лакмус, метилоранж, фенолфталеин, әмбебап индикаторларды тамызып (қағаз болса батырып) түсінің өзгеруін қараңдар. | |
2 | Сынауыққа мырыш түйірін салып, үстіне қышқыл қосыңдар (қажет болса қыздыру керек) Не байқалды? Қандай заттар түзіледі? | |
3 | Сынауыққа тұз қышқылын құйып, үстіне күміс нитратын қосыңдар. Қандай тұнба түзіледі? |
Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________