Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысқа эксперименттік есептер.
Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысқа эксперименттік есептер.
Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын
құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс кезінде қауіпсіздік
техникасының ережелерін сақтау.
Реактивтер мен құралдар: Тұз қышқылы, натрий гидроксиді, натрий хлориді, кальций, мыс (II), фосфор (V) оксиді, тамшуыр, индикаторлар, стакандағы су, сынауықтар, спиртшам, сіріңке.
Практикалық жұмысты орындау барысы:
№ | Тәжірибенің орындалуы | Байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері |
1 | Жазуы жоқ екі шыны ыдыста екі түрлі ұнтақ бар: біріншісінде — кальций оксиді, екіншісінде — мыс (II) оксиді. Тәжірибе жасамай- ақ, әрқайсысын қалай ажыратып тануға болады? | |
2 | Үш сынауықта жазуы жоқ ерітінділер берілген: тұз қышқылы, натрий гидроксиді, натрий хлориді. Қайсысы қай сынауықта екенін қалай анықтауға болады?
| |
3 | Берілген заттар: кальций оксиді, фосфор (V) оксиді. Осылардан олардың гидроксидтерін алыңдар. Тәжірибе жүзінде алынған заттың біреуі — сілті, екіншісі — қышқыл екенін дәлелдеңдер. | |
4 | Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар: а) фосфор → фосфор (V) оксиді → фосфор қышқылы → тұз; ә) кальций → гидроксид → тұз. |
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________