Шырша жыры

Сабақтың тақырыбы: Шырша жыры

Сабақтың мақсаты:  1) Оқушыларға 1 сыныпта танысқан Ә.Дүйсенбиевтің «Шырша жыры» өлеңін жадында қайта жаңғырта отырып, шырша жөнінде кеңінен мағлұмат беру.

 

2) Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыта отырып сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын, білім-білік дағдыларын дамыту, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

3) Оқушыларға табиғатты аялауға және қорғауға, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу.

 

 Көрнекіліктер:  Слайдтар, сөзжұмбақ, ребус, шырша, шырша ойыншықтары т.б.

 

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, музыка, дүниетану,

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, әңгімілеу,ойын ойнату

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,

зейіндерін сабаққа аудару.

  • Балалар бүгін ерекше күн. Себебі біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр.Олай болса, келген қонақтармен сәлемдесейік.

 

                                     Күннің көзі ашылып,

                                     Көкке шуақ шашылсын.

                                     Құтты қонақ келіпті,

                                     Төрімізге еніпті

                                     Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой,

                                     Ал, қанеки бәріміз, сәлем берейік үлкендерге

Сәлеметсіздер ме апайлар!

 

Психологиялық дайындық:

Олай болса сабағымызды жылы лебізбен бастайық. Мен де оң қолымды

жайып,алақанымызды беттестірейік. Бірімізге – біріміз алақанымыздың жылуын

берейік. Адамның жылуы алақанында болады. Бір-бірімізге алақан жылуын бере отырып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

 

— Жақсы балалар, жаңа айтып өткендей, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ.

Себебі, біздің ашық сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Қазақта:

«Келгенше қонақ ұялады,

 

 

 Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біздер белсенді жұмыс істеп, өз

білімімізді ортаға салып, ұятқа қалмауға тырысайық.

  Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан «Түйе мен тышқан» ертегісінің мазмұнын сұраймын.

 

 

Үй тапсырмасын қорытындылау:  Жақсы балалар бүгін сабаққа өте жақсы дайындалып келген екенсіңдер.Ендеше қалған оқушылардың білімдерін тексеру үшін   «Аққала жасау» ойынын ойнаймыз.

 

 

  1. Ертеде адамдар әр жылды қалай

 

                                                                             атауды ұйғарды?

 

 

  1.   Жыл басына нелер таласады?

 

  1. Тышқан қандай қулық жасайды?

 

  1. Бойына сеніп,жылдан құр қалған

                                                           жануарды ата?

 

 

     —    Балалар аққаланың ортасынан қандай сөз шықты?

     —    Қоян

—    Жақсы балалар, қазір қандай жыл?

  • Қоян
  • Балалар қазір қоян жылының қай жыл мезгілі?
  • Қыс
  • Қыс айларын ата?
  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан
  • Қыста қандай өзгерістер болады?
  • Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады, су бетіне мұз қатады т.б
  • Қысқы қандай қызықты ойындарды білесіңдер?
  • Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанау, аққала жасау, қар атыспақ т.б
  • Қыстың алғашқы айында қандай мерекені атап өтеміз?
  • 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
  • 16 желтоқсан оқиғасын кім біледі?
  • Балалар біз тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
  • 1991 жылы 16 желтоқсанда
  • Тәуелсіздік жолында қаза тапқан апа-ағаларымызды кім атайды?

 

-Иә , дұрыс айтасыңдар балалар, 2011 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін сендер білесіңдер. Тәуелсіздік жолында көптеген апа – ағаларымыз қаза болды.

Ата – бабаларымыз армандап, қол жеткізе алмаған тәуелсіздікті біздерге алып берді.

 

 

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына  арнап Қазақстанның барлық аймақтарында түрлі-түрлі шаралар өткізілуде. Біздің мектебімізде де тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап ашық сабақтар, тәрбие сағаттары,сынып сағаттары, әр түрлі концерттер өткізілуде. Біздің бүгінгі ұранымыз «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ»

Ендеше біз бүгін өз білімімізді көрсетейік, сол біздің Тәуелсіздігіміздің

20 жылдық мерейтойына қосқан үлесіміз болсын.

 

 

  • Балалар ендеше сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қыс айын ата
  2. Аяз атаның серігі кім?
  3. Соңғы жыл атауын ата?
  4. Жаңа жылдың көркі не?
  5. Жыл атауын ата?
  6. Жыл басын ата?
  7. Аяз атаның дорбасындағы зат?

 

Балалар, сөзжұмбақтың ортасынан қандай сөз шықты?

  • Жаңа жыл
  • Бұл ненің атауы?
  • Мерекенің атауы

 

 

 

 

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар, алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Біз Жаңа жылды қай күні тойлаймыз?

 

  • 1 қаңтар
  • Ендеше балалар біз Жаңа жылдық шыршаға дайындық жұмыстарын жүргізейік. Балалар Жаңа жылдық шыршаға кімдер қонаққа келетін еді?
  • Аяз ата мен Ақшақар

Балалар Аяз ата бізге құрдан-құр келмейді. Ол бізге дорбасына көп сыйлықтар салып әкеледі. Сол сыйлықтарды алу үшін Аяз атаға біздер тақпақтар мен өлеңдер айтып беруіміз қажет. Ол үшін балалар біз бүгін

Сөзін жазған.: Әнуарбек Дүйсенбиев

Әнін жазған:  Латиф Хамидидің « Шырша жыры» деген өлеңімен танысамыз.

Балалар естеріңде болса, біз бұл өлеңмен 1 сыныпта музыка сабағында өткен болатынбыз. Ал қазір біз осы өлеңді қайта естерімізге түсіріп , жаттап Жаңа жылдық шыршада Аяз атаға айтып беріп, сыйлықтар алатын боламыз. Келістік пе балалар? Ендеше балалар мен сендерді Ә.Дүисенбиевтің және  Л. Хамидидің  өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мұғалім алдымен өлеңді әнімен бірге айтып береді
  2. Оқушылар мұғаліммен бірге хормен айтады
  3. Оқушылар өлеңді жүргізіп оқиды

 

Дәптермен жұмыс:              Желтоқсанның сегізі.

                                                 Шырша жыры

 

Өзі таудың бөктерінде өседі,

Жаңа жылда үй төріне көшеді.      (Шырша)

 

 

— Балалар ойын ойнағанды жақсы көреміз бе?

Ендеше, Жаңа жыл мерекесі келіп қалды. Жаңа жылда біз қоян жылымен қоштасып,ұлу жылын қарсы аламыз.Жаңа жылдың көркі шырша, олай болса біз  «Жаңа жылдық шыршаны безендіру» ойынын ойнаймыз. Ол үшін сендер мына бос шыршаны безендіру үшін, артында жұмбақтар  жасырылған ойыншықтардың жұмбақтарын шешу арқылы  ойыншықтарды шыршаға іліп,безендіреміз.

 

1 – ойыншық:  Суда қалқиды,

                            Жылыда балқиды.                                           (Мұз)

 

2 – ойыншық:  Мініп алып ылдида,

                            Тыңнан жол табамын.

                            Жоғарыдан ылдиға

                            Жұлдыз болып ағамын.                                  (Шана)

 

3 – ойыншық:  Өзі таудың бөктерінде өседі,

                             Жаңа жылда үй төріне көшеді .                    (Шырша)

 

4 – ойыншық:  Ақ көбелек асықты,

                            Аппақ кілем басыпты.                                        (Қар)

 

5 – ойыншық:  Қолы жоқ, сурет салады,

                            Тісі жоқ, тістеп алады.                                         (Аяз)

 

 

Жаңа жылға тақпақтар айту

 

Қорытындылау:

  1. «Шырша жыры» өлеңінің әні мен сөзін жазған кімдер?
  2. «Шырша жыры» өлеңін хормен айтып, шыршаны айналып жүреді.

Үйге тапсырма: «Шырша жыры» жаттау

Шырша суретін салу.

Бағалау:   Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.