Наурыз тойы
Сыныбы: 8 сынып
Тақырыбы: Наурыз тойы
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе
Ақтілек
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. «Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам., екіншіден ай аты, үшіншіден ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Барлығы көрпелерге шуласа жайғасады.
Мұғалім: Балалар көктем келді. Көктем келсе жеріміз көгеріп, аққа тойамыз. Әр халықта көктем мерекесі әр түрлі тойланады. Балалар мереке қалай аталады? Оқушылар бірге Наурыз. Ал ендеше, оқушылар жеті түрлі тағам салынған наурыз көжеден ауыз тиейік. Көженің дайындалу жолын кім айтады.
Анар: Алдымен қазанды ысытып алып, сұр майды қуыра су құйамыз. Оған сәл сұр ет турап салып етіміз пісті ау дегенде сүт, күріш, ірімшік, тұз салып жәй отқа қайнатамыз.
Мұғалім: Балалар, Наурыз мейрамы жыл басы. Біздің ата-бабамыз үшін жыл басы көктемнен басталады.
Фариза:
Ойын – сауық қабақ бар
Тіл үйірген тамақ бар
Күш сынасар жігіттер,
Ән салатын қыздар бар.
Ақбөбек:
Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.
Фараби:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер
Наурызың құтты болсын, ата-әжелер
Наурызың құтты болсын, ана-әкелер
Мұғалім: Балалар көктем келе талдар бүршік жарып, табиғатқа жан бітеді.
Қуаныш: Кәрі қыстың зәрі сынып,
Басылғанда дауыл сәл-
Отырғызған нәлі шыбық
Сенің атың – Наурызтал деп оқушылар тал егіп, өз тілектерін қағаз бетіне түсіріп талдың шыбықтарына іледі.
Фархат:
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық
Дөңгелесін бишілер
Ортамызды ашайық.
Би «Қара жорға»
Наурыз бата
Қазбек: Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын,
Алтын табақ аққа толсын,
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин
Мұғалім; Наурыз күні жеті түрлі тағамнан көже пісіріледі. Сақтаған сүр ет асылды жылқының, сиырдың, қойдың еттерін сүрлеп тұздап 1-2 күннен соң, желге жайып сақтаған ет ішіне қазы салынды. Көжеге сүр ет салғаным қыспен қоштасқанның , ақ құйғаның ақпен қауышудың мәнісін білдіреді. Үш түрлі малдың етін асқаным еттің дәмділігін арттыру, және өз қалағанын жесін дегенді білдіреді.
Ән: Қош келдің Жаңа жыл