Заттың атын білдіретін сөздер

Сабақтың тақырыбы : Заттың атын білдіретін сөздер /3 сағ /

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларды заттың атын білдіретін сөздер туралы
білімдерін тиянақтау. Ертегін мазмұнымен
таныстыру. Мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың сөйлеу тілін, ой-өрісін, сөздік
қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды қамқорлыққа, ұйымшылдыққа,
табиғатты қорғауға, құстарға қамқор болу баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, слайдтар,гүлдер
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оқушыларды түгендеу.

Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз 4 бөлімнен тұрады. Бүл бөлімдерде берілген тапсырмаларды орындау арқылы сабағымыздың мақсатына жетеміз.

 

I «Ой ашар» бөлімі

II «Ой дамыту» бөлімі

III «Ой жинақтау» бөлімі

IV «Қорытынды» бөлімі

 

Ой ашар бөлімі:

-Оқушылар жылдың неше мезгілі бар ?

— Қазір жылдың қай мезгілі ?

— Көктем айларын атайықшы

— Наурыз, сәуір, мамыр айында қандай мерекелер бар ?

/ 8-наурыз, 14 -наурыз, 22-наурыз, 1-сәуір, 12 сәуір, 1-мамыр, 9-мамыр 65-жылдық/
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады ?

 

Ой дамыту : Жаңа сабақ

-Бүгінгі жаңа сабағымыз «Сауысқан мен көкек » ертегісімен танысамыз.
Ертегі жөнінде мағлұмат беру.

Ертегі — халық ауыз әдебиетінде көбінісе қара сөз түрінде айтылатын
халық шығармасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешу:
Қайталап атымды                       Құйрығы ұзын, өзі ала,
Ән салып аламын                       Шықылықтап тұрмайды
Кез келген ұяға                          Құйрығы ұзын, өзі ала,
Жұмыртқа саламын. (көкек)            Бұл қандай құс? (Сауысқан)

 

 

 

 

 

Сауысқан мен көкек ертегісін оқу, мазмұнын түсіндіру.

Ертегі соңындағы тапсырмаларды орындау.

Оқушыларға шынжырлап оқыту.

Сергіту сәті:

Ой жинақтау бөлімі

Дәптермен жұмыс

Күннің жады, көркем жазу жазу.

Көркемжазу : Құстар -табиғат көркі.

87- жаттығу. Терме диктант. Диктант ішінен кім ? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.

88- жаттығу. Қатар бойынша орындау.

I- қатар: Бағбан, омарташы , сауысқан сөздерін буынға бөлу.

II- қатар: Не ? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.

III- қатар : Егінші ,бұлт, тырма сөздеріне сөйлемдер құрау.
Шығармашылық тапсырма:

I -нұсқа : Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздер жазу, Аналар сөзіне сөйлем кұрау.
ІІ-нұсқа : Нелер ? сұрағына жауап беретін сөздер жазу, құстар сөзіне сөйлем құрау.
Аналар, Құстар сөздеріндегі дауысты дыбыстарды табу.
Қорытынды бөлім :

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар біз берілген барлық тапсырмаларды орындап, сабақта мақсатымызға жеттік. Мақсатымызды орындағанымыз үшін бізге апайлардан сыйлық келіпті.

Қандай сыйлық екен көрейікші.

-Балалар біз гүлді қай жерде, кімдерге тарту етеміз ?

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр ?

-Олай болса, осы гүлді үйге барып аналарымызға тарту етейік .
Оқушыларды гүлдермен бағалау.