Органикалық және бейорганикалық заттар арасындағы байланысқа сайыс сабақ
Сыныбы: 10 жаратылыстану –математика бағыты
Сабақтың тақырыбы: Органикалық және бейорганикалық заттар арасындағы байланысқа сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға органикалық және бейорганикалық заттар туралы, олардың ерекшеліктері, құрылымы, қасиеттері және жіктелуі жайында түсініктерін бақылау.
- Дамытушылығы: Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру. Белсендігін көтеруге , ойлау қабілетін арттыруға , өз ойын жүйелеуге дағдыландыру.
- Тәрбиелігі: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: слайд арқылы өткізу
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Сайыс кезеңдері
І. Тапқырлық
ІІ. Білгірлік
ІІІ. Танымдық өре сайысы
ІV. Ойлы оза біледі!
- Зерде
Тапқырлық
1.HCl ,NaCl, CaO- Ас тұзын тап Жауабы: NaCl
2.Атом ядросының заряды +13-ке тең элементте неше электрон болады
Жауабы: 13
- Электрондық формуласы 1s22s22p63s23p3 болатын элемент?
Жауабы: Р
- р,d орбитальында неше ұяшықтар болады? Жауабы: 3,5
ІІ.Химиялық эстафета
Реакцияны жүзеге асыр:
1.Сa CaO Ca(OH)2 CaCO3 CaCI2 Жауабы: O2;H2O;CO2;HCI
- С СO2 H2CO3 Na2CO3 Na2SO4 Жауабы: O2;H2O; Na; H2SO4
- AI AI2O3 AICI3 AI(OH)3 AI2O3 Жауабы: O2; HCI ; NaOH ; t0
ІІІ Танымдық өре сайысы
1.Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? ( Ғ)
- Ой және өмір элементі ( Р)
- Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды (CI2)
ІV Ойлы оза біледі
1.Құрамында К 24,7%,Мп34,8%,О 40,5% бар қосылыстың қарапайым формуласы( KMnO4 )
2.CaO дегі Ca- дің массалық үлесі? (28,5%)
3.54 г суда қанша моль бар? (3 моль)
V Зерде
Тәжірибелік сәт
Органикалық заттардың молекулалық моделдерін құрастыру
Метан,пропан,бутан,пентан, этил спирті,2диметилбутан аталған заттардың моделдерін құрастырып сипаттап айтып шығу.
Қорытынды.
Рефлекция.
Үйге тапсырма органикалық заттардың ерекшеліктерін қарап,іздеп, оқып келу.
Бағалау