Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Сабақтың тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға автор туралы мәлімет беру
Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру.Т.Рысқұловтың балалық шағы туралы әңгімелеу.
2.Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын,
қисынды ойлау білігін дамыту.
3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ш.Мұртаза портреті,Т.Рысқұлов портреті,слайдтар.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,сөздік жұмыс,көрнекілік,топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық дайындық
-Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша,қол көтерсін!
.-Кімнің досы осы сыныпта отыр,қолын шапалақтасын!
-Кім өз-өзіне сенімді,қол көтерсін!
-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта үйге «аштық,кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады» деген сұраққа дайындалып келуге тапсырма берілген болатын. Кім өз пікірін айтады?
Үш топқа бөлініп,топпен жұмыс жүргізу.
Ітоп-«Ойшылдар»
«Бәрі де шықпа,жаным,шықпа»деп отырған секілді.-деген сөйлем қай әңгімеден алынған?
ІІ топ-«Алғырлар»
«Азаттық жолында»әңгімесін қысқаша түсіндіріп бер.
ІІІ-топ-«Білгірлер»
Күзгі түн,шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып,бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы,итпен бірге қой күзетіп,
-Мен ояу,ел ұйқыда,оттар сөнген.деген өлең жолдарының авторы кім?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ребусты шеш.
«Интернат қоймасы»
-Интернат деген не?
-Интернат-шалғайда тұратын балаларға арналған мектеп.
-Қойма деген не?
-Қойма-әр түрлі заттарды сақтайтын орын.
-Ия,балалар,ребус шешу арқылы бүгінгі жаңа сабағымыздың атын біліп алдық
-Өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?.
-«Ата-бабам тарихы-менің тарихым».
-Ендеше, бүгінгі сабақта осы тарихи тұлғалардың бірінің балалық шағының көрінісінен сыр шертеміз.
Қазақстанда болып жатқан аштық,оның себептері туралыСталинге ашық хат жазған адам Тұрар Рысқұлов еді.
-Ол кім ? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.
Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»
«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»
- Бұл шығарма кім туралы еді?
- Тұрар Рысқұлов.
- Шығарма қалай аталады?
- Шығарма «Бала Тұрар» деп аталады.
- Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз топтастырайық.
1894ж
Талғар обл. Қоғам қайраткері, азаттық
Бесағаш ауылы. Тұрар Рысқұлов үшін күрескер.
3) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.
- Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.
4) Дәптермен жұмыс.
1.Күннің жады
2.Тақтада тақырып «Интернат қоймасы»
3.Топтастыру автор өмірін
1932ж
Жамбыл обл. жазушы, драматург,
Жуалы ауд. Шерхан Мұртаза журналист
Талапты ауылы
Шығармалары
«Қызыл жебе», «Қара маржан»
Биыл Ш.Мұртаза 80 жаста.Әлі де ел ісіне араласып келеді.
5) Мағынаны тану.
Мұғалімнің оқуы
Оқулықпен жұмыс:Пікірлер ағашын толтыру
-Әңгіме кім туралы?
-Тұрар Серікті неліктен сұраққа алды?
-Серік неліктен шындықты айтуға мәжбүр болды?
-Тұрар мен Қабылбек қандай шешім қабылдады?
-Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Үш топқа тапсырма беру.
І-топ.Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқы.Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
ІІ-топ.Әңгімеге қатысушы балаларды сипатта.Іс-әрекеттеріне баға бер.
ІІІ-топ.Әңгімеге басқаша тағы қандай ат қояр едің?Неге солай атағаныңды дәлелде.
Сөздік жұмыс. Айтағында- жетегінде
Омақастырады- сүріндіреді.(мағынасы жуық сөздерді айту)
- Дәптермен жұмыс.
— Мәтін ұнады ма?
— Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды?
— Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?
- Сергіту сәті.
-Оқушылар желтоқсан айында қандай айтулы мерекелер бар?
-1 желтоқсан Президентіміздің таққа отырған күні.
Қане қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,сипалайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
ІV.Сабақты қорытындылау
— Мәтін ұнады ма?
— Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды?
— Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?
-Сабағымызды мына кестені толтыра отырып аяқтаймыз.
Не білдік? | Не үйрендік? |
Тұрардың қандай бала болғанын білдік Жаман адамдар жамандықты әр түрлі жолмен жасайтынын білдік Ерме балалар болатынын білдік | Тұрар сияқты әділ және батыл болуды үйрендік Жамандықтан сақтануды үйрендік
Кез келген адамға ермеу керектігін үйрендік |
- Бағалау.
VI Үйге тапсырма.
1.Әңгімені түсініп оқып, түсінгенін айтуға дайындалу
2.Серікке ара түскен Тұрар кейін Сталинге неліктен хат жазды деп ойлайсың?