Алюминий және оның қосылыстары.
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.
Білімділігі: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, қолданылуын,
Қосылыстары туралы мәліметтерді меңгерту
Дамытушылығы: Оқушының пәнге қызығушылығын, дүниетанымын,
екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан әрі дамыту.
Тәрбиелігі: Алюминийдің тұрмыста қолданылуын, алюминий
құймаларының құрамымен таныстыру, өмірдегі маңызын түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: алюминий ұнтағы, алюминий құймалары, периодтық жүйе, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
- Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
- Алюминийдің периодтық жүйедегі орны (химик)
- Табиғатта таралуы және маңызы (геолог)
- Алюминийдің ашылу тарихы (тарихшы)
- Физикалық қасиеттері (физик)
- Алюминийдің алынуы (металлург)
- Алюминийің кен орындары (географ)
- Алюминийдің химиялық қасиеттері ( химик)
- Алюминийдің қолданылуы ассоциация әдісі бойынша түсіндіру
- “Кім жылдам?” есептерді орындау
- Сәйкестікті тап
- Тест тапсырмалары
А. Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Қазақстан жерінде ежелден металдан жасалған бұйымдар?
- Ең қиын, ең оңай балқитын металдар?
- Ең жеңіл және ең ауыр металдар?
- Түсті металдар?
- Сирек кездесетін металдар.
- Қазақстанның қазба байлықтарының металогендік картасын жасаған ғалым.
- Мыс пен мырыштың балқу температуралары қандай?
- Елімізде хромның бай кен орындарын ата
- Темірдің биологиялық маңызы қандай?
- р-элементтерге қандай элементтер жатады?
Ә. «Қанатты металл»
Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын,
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап
Жердің жүзін , көк аспанды шарладым ,
Дюралюминий дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары.
Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен,
Бағандардың бұйдаларын қос тағы.
Қағаз да мен қант-шайды сәндеген,
Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен.
«Химик» Атом құрылысы
Аl ІІІ периодта, ІІІ топта, негізгі топшасында
Аl 1s2 2 s2 2 p6 3 s2 3 p1
Al /13протон, 14 нейтрон / 13 электрон Ar = 27
Тотығу дәрежесі +3
Валентілігі ІІІ
«Металлург»
1827 жылы неміс химигі Ф.Вёлер.
Француз ғалымы Берцелиус латынша аІumеn – ашудас
950 С, Nа3 [АІF6]
2АІ2О3 4АІ + 3О2↑
электр тогы
«Физик»
- Күмістей ақ түсті
- Жеңіл металл
- Бүйірлі орталынған торы бар
- d -2,7г/см3
- t – 660,24 С
- t – 2500 С
- Иілгіштік қасиеті жоғары
- Электр өткіздігіштігі, жылу өткіздігіштігі жоғары
«Химик»
АІ
Қосылыстары:
Алюминий оксиді — Al2O3 – қиын балқитын, қатты зат.
Al2O3 + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2О
Al2O3 +6NaOH→ 2Na3AlO3 + 3H2О
Al2O3 +2NaOH→ 2NaAlO2 + H2О
Алюминий гидроксиді Al(OH)3 – ақ түсті суда ерімейтін зат.
2AlCl3 + 3NaOH → Al(OH)3 + 3NaCl
2Al(OH)3 = Al2O3 + 3H2О
«Кім жылдам?» Қорытындылау
- Айналуларды жүзеге асырыңдар:
Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→ Al(OH)3→Al2O3→Al
- Алюминтермия процесінде 80г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандырғанда 42,5г темір алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымын (%) анықтаңдар.
- 10г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың алатын көлемі 6,72л (қ.ж). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін анықтаңдар.
«Сәйкестікті тап!»
№ | Формулалар | Аты |
1 | Na3AlF6 | Корунд |
2 | Al2O3 | Нефелин |
4 | KNaAlSiO4 | Альбит |
5 | KAlSi3O10 | Криолит |
«Тест тапсырмасы»
1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?
а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5
2.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:
а) HNO3, NаСl, KOH; ә) H2О, СuСl2¸NаOH; б) HСl, SO2¸KOH
- Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан
бастап жұмыс жасайды?
А) 2000; ә) 1998; б) 2007; в) 1992
- Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:
а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен
ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау
б) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру
- Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:
а) Nа¸Mn¸Al; ә) Ni¸Cr¸Zn; б) Cu¸Nа¸Сr
Тест жауабы: 1 – ә; 2 – ә; 3 – б; 4 – а; 5 – ә;
Үйге тапсырма: Алюминий және оның қосылыстарын оқу.