БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ МЕНІҢ ПЕЛАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАМ
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ МЕНІҢ ПЕЛАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАМ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар-Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне торлық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.
Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-оқушының білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкіртті жаңа заман талаптарына сай оқытып-тәрбиелеу негізгі міндетке айналып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық, интерактивті тақта, электрондық оқу өқұралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану -өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мектеп пәндерін оқытуға пайдалану -өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін ақпараттық технологияны пайдаланудың орны ерекше.
Ақпараттық технология-қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация –ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу мақсаты білім беруді ақпараттандыру процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру.
Бұл мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу процесінде пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейін анықтау және оның оқу процесіне әсері;
- Жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютерді пайдалану арқылы ұйымдастыра білу.
- Сабақтың мақсаты мен компьютерді пайдаланып, өткізілетін сабақтарды өзара бір-бірімен сабақтастыра білу және оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау оны бағалай білу.
Аталған міндеттерді орындау негізінде мынадай нәтижеге қол жеткізе аламыз:
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауатылығын жетілдіру, өзіндік «Мені» қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиындығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
-дидактикалық бағыт;
-бағдарламалық ұсыныс;
-техникалық ұсыныс;
-пәндік аумақта қолдануы.
Оқыту технологияларына байланысты түсініктер
Мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
|
Жаңа технологияны оқушы бойына сіңіру-теориялық білім мен теориялық білім мен практиаклық дағдыны шбер үйлестіруді талап етеді.
Бұл жолда оқушы қажетті жолды таңдауды,шешімді қабылдауды үйренеді,қорытынды шығарады.Ақпараттық кеңістіктен өзіне қажеттіні табуға,сын тұрғысынан ойлауға,ойын шыңдауға мүмкіндік алады.
2006 жылдан бастап,СТО бағдарламасы бойынша жұмыс жүгізіп келемін.
СТО-ның мақсаты-барлық жастағы ,соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез-келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға ,сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жұмыс тәжірибемде жаңа мультимедиялық программалармен және қазіргі таңғдағы интерактивті тақталар мен жұмыс жүргізуді меңгеру бағтында олбыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілгін арттыру және қайта даярлау институтында арнайы курстан өтіп, сабақ процесінде осы ақпараттандыру, компьютерді пайдаланып, жұмыстар жүргізудемін.
Мектептегі интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттерде белгіленген кестеге сай ашық сабақ, тәрбие сағаттарын оқушыларымды машықтандыру мақсатында жүйелі түрде пайдаланып отырамын.
2- сыныпта мультимедиялық кабинет мүмкіндігімен ана тілі пәнінен «Үшқан ұя» тақырыбында сапалы білім кеністігіне қол жеткіздім.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып Б. Мамышұлы туралы түсінігін молайту, тақырыпты ғылыми тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау.
Міндеттері:
- Мазмұнға байланысты:
Әңгімені оқып танысады. Мазмұнын ашады. өз бетінше ой түйіндейді.
- Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтау және сезімін ояту.
- Топтық жұмыс үрдісіне байланысты:
–оқушылар бірін –бірін оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
-оқуға деген жауапкершілік артады.
-мәтіннің түсініксіз жерін айқындайды.
-топтастарының сұрақтарына жауап береді.
-бірін –бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыланады.
-қорытынды шығарады, өз пікірлерін дәләлдәйді.
3-сыныпта интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, ана –тілі пәнінен «Құмырсқаның қанағаты» атты тақырыптағы сабағым оқушы деңгейінің анағұрлым дамығандығын байқатты.
Сабақтың мақсаты:
Ооқушыларға ертегіні түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
Міндеттері:
А) мазмұнға байланысты:
Мәтінді оқып танысады. Ролдерге бөліп дағдыланады. Өз бетінше мазмұнын айтуға машықтанады.
Ә) сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауын қалыптастыру, ертегіні құрастыру, қиялын шарықтау, өз бетінше ой түйіндеу.
Б) топтық жұмыс үрдісіне байланысты:
1.Оқушылар өзара пікір алысады.ортақ ой түйіндейді.
2.Өз пікірлерін дәлелдейді.
В) Интернет желісіне ену.
1.Құмырсқа туралы мәлімет алынып, суреттері көрсетіледі.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық-мақсаттың жүзеге асуы.
Бұл ретте мен көздеген өз мақсатыма жеттім. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын, ақпаратты технологияларды қолдану барысында мынадай нәтижелерге қол жеткіздім:
- Бауыржан Момышұлының балалық шағы, өмірі туралы, ерлігі туралы түсінігі молайды, батыр жайлы бейнефильм көру арқылы қызығушылықтары оянып , өз ойларын ортаға салды.
- Мәтінді оқи отырып әдептілікті, ата-текті білу –ел тану екеніне мән берді.
- Оқушылар бір –бірімен ынтымақтасып жұмыс жасады.
- ЖИГСО әдісін пайдалану арқылы, әрбәр оқушы өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артты.
- Мәтінді топқа талдай отырып, өз ойын, пікірін толық жеткізді, қорытынды шығарды.
- Бір-бірінің ойын жалғастыру арқылы ойы дамыды.
- Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалану арқылы интернет желісінен ақпарат алды.
- Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеті артты.
- ББҮ әдісі бойынша, іздену арқылы өз білімдерін сараптап кестені толтырды.
Бұл тұста оқушылардың білім деңгейлерінің өскені байқалды.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтежесінде –оқу тәрбие үрдісінің жаңаша қалыптасуна жол ашуы керек.
Оқушыларға өзіне сын көзбен қарап, ойлап отырып, кездескен қиындықтарды көре білуге, проблемаларды шешуге жаңа технологияларды пайдаланып, жаңа идиялар, шешімдер қабылдай білуге дағдыландыру қажет.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі -өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы –дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға. Оқу үрдісінде мұғалім оқушылардың бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіре білу керек. Осы орайда өзім Сто бағдарламасын ақпараттық –коммуникациялық технологиямен ұштастыра үйлестіру арқылы сапалы білім деңгейіне көтергенімді өзтарапымнан жеткен жетістігім деп білемін.
Әдебиеттер тізімі
1.«Бастауыш мектеп» 2003 №10,12 2007 №8,9
2.Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технология саласы бойынша біліктілін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы 2006 ж.
3.«Оқыту технологиялары» Оқу-әдістемелік құрал. Алматы 2007ж