Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Математика 2-сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
- Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру.
- Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;
- Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , қамқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.
Көрнекілігі суреттер, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І.Ой қозғау
1.Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері:
-Балалар, біз бүгін сабақта қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінеміз.Өлең жолдарын бірге қайталайық:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы болады
Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.
Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.
-Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:
-Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.Құстарды таспен, доппен атып ойнауға болмайды. Ал қазір біз допты торға лақтырып ойнаймыз.
1 – тапсырма (ауызша есептеу) «Кім мерген?» ойыны.
|
|
|
|
|
|
- Берілген өрнектер туралы не айтуға болады?
- Нені байқадық? Қосудың компоненттерін ата.
- Екінші қосылғышты табу үшін не істейміз?
- Ал үшінші қосылғышты табу үшін не істейміз?
**Тапсырманы қорытындылау. Сонымен үшінші қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен екі қосылғыштың қосындысын азайтамыз.
Демек бүгінгі біздің тақырыбыз:Үшінші қосылғышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсатын оқушылар шығару.
ІІ.Мағынаны ажырату.
Көркем жазу минуты. Өрнектерді жазу 6+8 12-6 9+8 15-7
Оқулықпен жұмыс
№2-тапсырма.Есептерді салыстыр және оларды шығар
а)
7м 4м 8м
?
ә)
7м 4м ?м
19м
-Бұл есепте нешінші қосылғыш белгісіз? Белгісіз қосылғышты әріппен белгілеуге бола ма?Ал ендеше өрнек құрастырайықшы.
7м + 4м + а ═ 19м
-Бұл өрнекті не деп атауға болады?
-Теңдеу
-Теңдеу дегеніміз не? Теңдеу түрлерін ата.
Ендеше бұл есепті теңдеу құрастыру арқылы шығарып көрелік.
7м + 4м + а ═ 19м
11м + а ═ 19м
а ═19м – 11м
а ═ 8м
№3-тапсырма.Құстардың дауысы.
- Балалар қыстан кейін қай мезгіл келеді?Көктем мезгілі туралы не айтар едіңдер?
Ендеше көктем мезгілінде ең бірінші ұшып келетін құсты ата. Ұзақ. Ұзақ сендерге латынның бір әріпті тістеп алып келіпті. Р әрпі.Математикада бұл әріп туралы не айтуға болады? Периметр дегеніміз не?
Үшбұрыштың периметрін тап.
?см
3 см
6см
Сергіту сәті
«Шатаспа» ойыны
Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: кубик
4-тапсырма . Ойлан,тап
Үш амалдан тұратын бес 2-ден 20 санын шығар
5-тапсырмаҚосу,азайту таңбасын қой
+ —
6-тапсырма. Өздік жұмыс.Орындап болғасын тапсырады. 6 оқушы оқиды.
Семантикалық карта
мысал | 55 | 88 | 76 | 31 | 3 | 64 |
67+9 | ||||||
100-45 | ||||||
56+32 | ||||||
56+8 | ||||||
50-19 | ||||||
70-67 |
ІІІ.Ой толғаныс
Сурет бойынша есеп құрастыр.
Барлығы-35 құс
шіл -11 құр-? саңырауқұр-15
-Не үйрендік?
-не білдік?
Үйге тапсырма №7,8.Бағалау