Болашақтың бақытына бастар бағдарлама.
Болашақтың бақытына бастар бағдарлама.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Қазақ халқының бұл даналығы тегін айтылмаған. Ашылған бұлақ ағып, көлдер мен теңіздерге құяды. Сол сияқты бойдағы өнерді көрсетіп, ұштаса ол – халқымыздың рухани қазынасына қосылған қомақты үлес болмақ. Оның мақтанышына, игілігіне айналады.
Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық, өзгеріс, жаңа бастау десек те болады. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», — деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.
2014 жылдың наурыз айында Кембридж бағдарламасы негізінде өткізілетін Екінші (негізгі) деңгейлік 3 айлық біліктілік арттыру курсына барып келген «№11 Қоскөл орта мектебі»КММ –нің биология пән мұғалімі Тортаева Айгүл Серікқызы өз идеяларын ендіру мақсатында мұғалімдерге «Іс-әрекеттегі оқыту мен оқудағы кедергілерді шешу үшін «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері,диалогтық оқыту» тақырыбында коучинг сабақ өткізді.Коучингтің мақсаты мұғалімдерге оқыту үдерісін жақсарту мен білім беру сапасын арттыруды оқыту мен оқудағы кедергілерді шешудегі өз әдістемесін қолдану арқылы үйретті. Куочинг сабаққа мектептің барлық 22 мұғалімі қатысты. Коучинг барысында Үшінші (негізгі) деңгейлік 3 айлық курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер-кластар жүргізілді.Коучинг сабақ барысында мұғалімдер оқушылармен жұмыс жүргізу кезінде жаңа тәсілдермен танысты.Жалпы 3 деңгейлік курсқа барып келген мектебіміздің жас әрі қабілетті ұстазы осы уақытқа дейін өзінің іскерлігімен көзге түсіп келеді
2014-2015 оқу жылының басында мектебімізден Туякова Сайлаукуль география пән мұғалімі және Тусупбекова Асель информатика пән мұғалімдері үш айлық курсқа барып білімдерін шыңдады.Қай бала болса да, өмірге келгенде бір қырынан дарынды болатыны сөзсіз және жұлдызы жарқырап, отты көзі жанып тұрған бүлдіршіндер әр ауылда бар. Әрбір адамның бойында қандай да бір қабілет немесе дарындылығы, не болмаса икемділігі болады. Бірақ барлығы бірдей оны байқай білмейді. Деңгейлік оқуға барып келген мектебіміздің ұстаздары оқыған теорияларын жүзеге асыру барысында «Дарынды оқушыны дарынды ұстаз ғана тәрбиелейді» тақырыбында 2 күндік әдістемелік күн өткізді.Мектеп мұғалімдері осы екі күнге белсене ат салысып біраз мағлұматтар алды. Деңгейлік оқуға барып келген мұғалімдердің сабақ барысында жүргізіліп отырған әдіс-тәсілдерінде сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар арасында ұйымдастыру ойындарын жиі пайдаланып жүр. Осы жаттығу нәтижесінде оқушылар қажет ақпаратты өте жақсы қабылдайды. Ал бұрынғы сабақтарда көбінесе топпен біріге отырып жұмыс жасау тек ашық сабақтарда, конференция сабақтарында өткізілетін. Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар тапсырмаларын өзара тексеріп, өзара бағалап отырады. Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау, өзара пікір алмастыру, пікірлерін дәлелдету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізіп жүр. Әрдайым топпен жұмыстан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру әдетке айналып келеді. Мектеп мұғалімдері деңгейлік оқуға барған мұғалімдерден үйренген іс-тәжірибелерін өз сабақтарына енгізіп, оның тиімді екеніне қуанышты.Деңгейлік оқуға барып келген ұстаздардан әлі үйреніп алатын көп қырлары бар.
«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана діттеген мақсат- мүддеге жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынына кәміл сенемін.
«№11 Қоскөл орта мектебі»
КММ психологы А.К.Анихан