Жеті модуль идеяларына қатысты ойларым
Жеті модуль идеяларына қатысты ойларым
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі.
Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.
Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.
«Мғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Осы орайда 7 модульге қатысты туындаған пікірлерімді білдіргім келеді.
Ең алдымен жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді:
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабаққта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті».
Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып аламын: « Менің оқушыларым не істей алады?»-деп. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Оқушыларымыз мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі де жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмегендіктен, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Себебі, бала алдымен өзіне-өзі баға беріп үйренуі керек. Алдымен «Өзін-өзі бағалау» тестын жүргіздім. Сыныптағы 22 оқушының біреуі ғана өзін-өзі жоғары бағалайтыны, өзіне сенімді екені анықталды. Оларды психологиялық тұрғыдан дайындадым. Сыныпқа көп уақытымды арнадым. Ал сабақтарда оқушылар өзін-өзі бағалауда қиналғандары байқалды. Менің қуанғаным, олар өздері туралы көп ойланды, өздерінің іс-әрекеттеріне есеп бере алды, яғни бұл жерде өзін-өзі реттеу әрекеті де көрініп жатты. Өзін-өзі реттеу әдісі оқушылардың өздері топтық ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, белсенділіктерінен, сабақтан жиі қалатын оқушының да мектепке тартылғанынан, «үнсіз» оқушының сөйлегенінен , топтағы өздерінің рөлдерін жауапкершілікпен орындағанынан көрініп жатты.
Әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ –ны қолдануды әр сабағымда ескердім. Алғашқы сабағымды Блум таксономиясына негіздей отырып, презентация түрінде өткіздім. Кейінгі сабақтарымда да семантикалық карта толтыру, инсерт, видеоролик қарау, т.б. әдістерін қолдандым.
Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Алдымен өткізген сауалнама нәтижесі арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Мәселен, 5 жолды өлең, реферат жазу, эссе жазу, туған жер туралы 4 жол өлең құрастыру, т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.
7 модулды қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Әріптестерім де менің жаңалығыма қызығушылық танытты. Ал оқушыларым мен ата-аналарым алғыстарын жаудырып жатты. Бұл менің шабытымды шақыра түскендей!
Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.
Зекешова Арайлым Нәсіпқалиқызы,
Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі,
Казталов ауданы.
Батыс Қазақстан облысы.