мықты психолог маман болып шығу

Қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі — әлі жете зерттелмеген, зерделенбей жатқан тылсым дүние»

                                                                                 Н.Ә.Назарбаев

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті дамыған алдымен 50 елдің, соңғы кезде 30 елдің қатарына кіру стратегиясын қабылдаған кезде, адамды тәрбиелеуге, сол мақсаттарға сай білімді, тәжірибені жинақтауға ұмтылдыру, бағыттау алдыңғы қатарға шыққан мәселенің бірі екенгдігін айтып өтті.

         Мемлекет, қоғам дамуының қозғаушы күші — адам. Яғни қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың интеллектуалдық белсенділігіне байланысты, тәуелді. Сол үшін де осы жаһандану дәуірінде бәсекелестікке шыдай алатын, өз мамандығын жетік меңгерген, бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі болып отыр.

         Экономиканың, ғылым мен техниканың, ақпараттық технологияның даму қарқыны адам тәрбиесін қадағалау, реттеу, жүйелей басқару мәселесінде көптеген қиындықтар туғызуда.

         Осындай жағдайда психолог мамандардың жауапкершілігі бірнеше еселеп өсетінідігі айтпаса да түсінікті.

          Мен жұмыс барысында  көптеген  психолог — ғалымдардың, ойшылдардың  еңбектерімен танысып, халқымыздың ұлттық тәрбиесі негіздерінде бүгінгі психологтар қажетіне жаратар көп қазына бар екендігіне көзім жетті. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл — Фараби  «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті  үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек. Бұл мақсатта әсіресе психолог мамандарға үлкен міндеттер жүктелген.  Орыс ойшылы К.Д.Ушинский «Бала — балқытылған алтын»   деген. Сондықтан  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып, мен өз алдыма «Оқыту үрдісіндегі тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу» деп проблема қойдым. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой — өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Бірақ ата –ананың бәрі бірдей ұстаз емес, бәрі бірдей психолог емес. Оның үстіне толық емес отбасылар қоғамда көбейіп отыр. Сондықтан отбасындағы кемшін тәрбиенің орынын толықтыру, ұстаздардың, оның ішінде психолог мамандардың міндеті деп түсінемін. Психолог маман  аса сезімтал, ерекше  жанашыр, мықты шыдамды болу арқылы  шәкіртінің сырына бойлай алады.  Айталық: Егер мен бір шәкіртімнің қатты жасық жасқаншақ екенін анықтап шықсам, оны «шалқайғанға шалқай, ол атаңнан ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол атаңның құлы емес» деген қағиданы санасына сіңіріп, оның ешкімнен кем емес екендігін, жұртпен бірдей екендігін  дәлелелдеп, жігерін ұштап, өзін-өзі тануына, қаблетін жетілдіруіне бар мүмкіндігімді жұмсаймын.

         Егер бала өзімшіл, қызғаншақ болса, «кең болсаң кем болмайсын» деп, халқымыздың ұлттық тәрбиесі қонақжайлық, мәрттік, жомарттық жағдайларына қатысты қызықты әңгіме, жыр, қазақ би шешендерінің айтқандарын  баяндау арқылы оның көпшіл болуына жол ашар едім.  Мен өз жұмысымда осындай жағдайларға сүйенемін.  Әрбір шәкірт әдемі гүл көшеті секілді. Егер олардың санасын ұлттық тәрбие негіздерімен суарса ол өркен жайып гүлдейді. Ал тәрбие нәрін ала алмаса өспей солады.

         Өзім еңбек ететін Бейнеу лицейі ұжымының зор табыстарға жетіп, береке бірлігінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тәрбиеде болуына үлес қосамын.  Осы жолда өз күш жігерімді арнаймын. Бұл орайда өзімнен үлкен тәжірибелі ұстаздардан үлгі ала отырып, талмай ізденіп, мықты психолог маман болып шығу — алға қойған мақсатым, көздеген арманым.

        

 Алдабергенова Камшат