Өтілген материалды бекіту. «Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлу»
Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту. «Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлу»
Мақсаты: қосындыны санға бөлу әдісі туралы білімдерін бекіту; зерделенген түрдегі тапсырмаларды шешуді үйренуді бекіту.
Пәндік нәтиже: Оқушылар қосындыны санға бөлу ережесін үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, алмұрт ағашы қағаздан, сиқырлы хаттар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтын әдісі: түсіндіру, талдау, топтық жұмыс, сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
А) Сәлемдесу(оқушылар ортаға шығады).
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Бейсенбі күніміз,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Ә) Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ.
№1.Осы сандармен теңдіктер төрттігін құр:(тақтада алмұрт өсіп тұрған алмұрт ағашынан әр оқушы алмұрт таңдап алады да, тақтада орындайды)
1-оқушы 2-оқушы
72, 9, 8 48, 8, 6
3-оқушы 4-оқушы
12, 3, 4 56, 7, 8
№2.Көрсетілген сан шығатындай өрнектер құрастыр:(орындарында орындайды)
- Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймайтұғын- дей келесі тапсрымаға көшейік.
№3.Оқулықпен жұмыс. Есептеу тәсілдерінің бірімен шығар.
- Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына- дегендей, енді балалар ортаға шығып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті(бейнебаян музыкалық балалар презентациядан қарап қайталау).
ІІІ.Өткенді қайталау.
№4. Ауызша түсіндіріп отырып шығар(тақтаға бір-бір оқушыдан келіп үстелден билеттер алып соларды тақтада орындайды).
1-оқушы 2-оқушы
24:2 66:3
66:6 93:3
3-оқушы 4-оқушы
330:3 46:2
93:3 640:2
- Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан.
«Рас па?» ойыны:
1.Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне немесе енін ұзындығына көбейтеміз рас па?
2.Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз рас па?
- Азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосамыз рас па?
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді рас па?
- Көбейтуді бөлу амалы арқылы тексереміз рас па?
- Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығына енін қосамыз рас па?
- Әріпті өрнектің мәнін таба алмаймыз рас па?
- Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлуге болады рас па?
- Санды 10-ға көбейткенде оған оң жақтан бір нөл жалғанады рас па?
- Санды 100-ге көбейткенде оған оң жақтан екі нөл жалғанады рас па?
№5. « Кім тапқыр» ойыны.(балалар тақтадағы «кім тапқыр» конвертінен тапсырмаларды алып, тақтада орындайды)
1-0қушы 2-оқушы
600-462 457+349
605-309 132+765
3-оқушы 4-оқушы
108+673 709-408
409+379 852-713
«Санды тап» ойыны:
- Мен бір сан ойладым, егер оны 5-ке көбейтсем 25 шығады.
- Мен бір сан ойладым, егер оны 3-ке көбейтсем 27 шығады.
- Мен бір сан ойладым, егер оны 4-ке көбейтсем 32 шығады.
- Мен бір сан ойладым, егер оны 7-ге көбейтсем 56 шығады.
№6. Есепті шығар.(оқулықпен жұмыс)
І-орамда- 128м
ІІ-орамда-? одан 45м артық
Ш: 128+45=173
128+173=301
Ж. 301м
ІV. Қорытынды.
Сәйкестендіру әдісі: (мұғалім оқушыларға А4 парағындағы сандарды таратып береді)
4х2 9х2
3х4 5х8
10х4 2х6
6х3 2х4
Үйге тапсырма: №6,№9 тапсырмалар 44 бет