«Кестелік қосу және азайту». 1 саның қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: «Кестелік қосу және азайту».  1 саның қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

  • Он көлеміндегі сандар қатарын пайдалана отырып 1 санын қосу және азайтуды үйрету;
  • Сөйлеу тілін және ақыл – ойды, оқу еңбегі білігі мен дағдыларын дамыту;
  • Ұқыптылықа , сауатты, әрі әдемі жазуға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер және карточкалар.

С  а  б  а  қ  т  ы  ң     б  а  р  ы  с  ы:  

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Балалармен амандасып, сабаққа қатысып отырған және сабақта жоқ оқушыларды анықтау;
  • Балалардың зейінің сабаққа аудару;
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  1. Психологиялық дайындық:

                     Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып.

Гүл өссін деп  тілейік

 

.Өткенді қайталау :

-Геометриялық фигураларды қайталау, еске түсіру.

-1-ден, 10-ға дейін  сандарды тура және кері санау .

-Қосудың компонентін атау .

-Азайтудың компанентін атау .

-Қосуды қандай амалмен тексереміз?

-Азайтуды қандай амалмен тексереміз?

-Ұзындықты немен өлшейміз?

-Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

-Санды өрнекке мысал келтір

-Әріпті  өрнекке мысал келтір

  1. Жаңа сабақ:

Суретпен жұмыс (суретке қарап қосу және азайту амалдарын құрастыру.)

Оқушылардың 1 санына қосып, 1 санынан азайту жайлы білімдерін жетілдіру. Сандардың 1 санға артып немесе 1 саны кемуі жайлы білімдерін толықтыру Натурал сандар .

-Ойыншықтар

— Қайдан білдің? Санау арқылы.

— Оларды санамай, қанша екенін білуге бола ма? Болады.

— Шеңберлерді бір біріне қосу арқылы. Яғни, 1 + 1 = 2. Дұрыс.

— Енді партадағы екі ойыншыққа тағы 1 ойыншық қосамыз. Ал сендер тағы бір шеңбер қосындар.

— Ойыншықтың саны қанша болды? Үш.

— Ал шеңбер нешеу? Үш.

— неге? Себебі, 2 + 1 = 3,

— Қайсысы үлкен? 2 әлде 3?   3

— Қайсысы кіші? 2 әлде 3?   2

— Үш екіден қаншаға артық? Бірге.

— Екі үштен қаншаға кем?  Бірге.

Жұмыс осы ретпен 10 санына дейін жалғасады. Партада 10 ойыншық, ал оқушылардағы шеңбердің саны 10-ға жеткенде 1 санын азайту қарастырылады.

Мысалы: 10 – 1 = 9               6 – 1 = 5             2 – 1 = 1

9 – 1 = 8               5 – 1 = 4             1 – 1 = 0

8 – 1 = 7               4 – 1 = 3

7 – 1 = 6               3 – 1 = 2

Сергіту сәті:

  1. Кітаппен жұмыс:

1 – тапсырма. Сурет бойынша қосынды және айырма құр.

4 + 1 = 5       5 – 1 = 4

5 + 1 = 6       6 – 1 = 5

 2 – тапсырма.

 

3
0
6
8
10
1
2
9
7
5
4

 

 

 

 

1 + 1 = 2          2 – 1 = 1

3 – тапсырма. Жолдардағы сандарды салыстыр.

0  < 1  < 2  < 3 <  4 <  5 <  6  < 7  < 8 <  9  < 10

10  >  9  >  8  > 7  >  6  >   5   >  4  >  3  >   2  >  1  >  0

4 – тапсырма.

0   2   4                 1   3   *                10   8    *                9      7    *

0   3                       1   4   *                10   7    *                 9      6     *

5 – тапсырма. Өз бетінше орында.

10  =  1 + *            8  =  1 + *

6  =  1 + *            4  =  * + 1

9  =  * + 1            7  =  * + 1

5  =  * + 1            3  =  1 + *

6 – тапсырма. Шығармашылық тапсырма.

Ойлан, тап:

2  > 4

 

 

 

 

 

 

 

Шығырмашылық тапсырманы шешу жолы:

  1. « » орнына «+» таңбасы қойылады.
  2. * +  2  >  4
  3. Енді теңсіздік дұрыс шығытындай етіп сандар қоямыз.

3 +  2  >  4

4 +  2  >  4

5 +  2  >  4

6 +  2  >  4

7  +  2  >  4

8 +  2  >  4

  1. Енді « » орнына « — » таңбасы қойылады.
  2. * — 2  > 4
  3. 7 — 2  > 4

     8 —  2  > 4

Сергіту сәті:

5.Дәптермен жұмыс:

Бағасы

— 5 тапсырманы орындау.

— Есеп дәптерімен жұмыс.

  1. Карточкамен жұмыс:

 

  1. Сабақты қорытындылау:

— Балалар, бүгін біз не үйрендік?

  1. Үйге тапсырма беру:

— 66 беттегі жасыл түспен қоршалған шығармашылық тапсырма.

  1. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.