Менің сүйікті оқушым
Жақсы бала жасынан ,білім жайлы ойлайды,
Салт-дәстүрді дәріптеп,ел намысын қорғайды.
Ынта қойып, ғылым менен білімге
Қолы жетпей орта жолдан таймайды.
«Ақыл жастан, асыл тастан» дегендей , әрине өнер кені жастарда. Жас бала жас шыбық тәрізді. Қалай исең де өз қолыңда. Әрине, ол шебер ұстаз және ата-ана қолында. 2-сынып оқушысы Жұматай Саяна жақсы оқушы, өйткені ол оқу-құралдарын, бой-басын үнемі таза ұстайды,сабақты жақсы оқиды,тазалықты сүйеді. Сонымен қатар достарын жақсы көріп кез-келген жағдайда көмектеседі. Мұғалімді тыңдай біледі, үлкендерді сыйлайды,қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Осы айтылып өткен жақсы қасиеттердің бәрі әдепті мінсіз оқушының бойынан табылады.
Саяна икемге көнетін, сабырлы да салмақты бала. Ол менің сыныбымда 1 сыныптан бастап оқиды. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап ынталы, қабілетті оқушы екенін бірден байқадық. Бір таңқаларлығы бала барлық пәндерден де бірдей қабілетті, жан –жақты оқушы. Саянаның жетістіктерін айтса айтарлықтай: ол мектебіміздегі үздік оқушылардың бірі, жыл сайынғы мектепішілік сайыстардың жеңімпазы. Саяна көбінесе ән айту жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Саяна сынып басшысы болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Сыныптастарының арасында беделді, кез келген уақытта достарынан көмегін аямайтын, жарқын да инабатты қазақтың қызы. Саяна болашақтан көп үміт күттіретін жастарымыздың нағыз өзі десек, артық айтпаған болар едік.
Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы жоғары. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты. Саяна сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.
Мінезі салмақты, сабырлы, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні сыилай алады.
Саянаның байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа сеніммен қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Біздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Мына біздер – жастардың болашағын айқындаймыз, бүгін еккен дәндеріміз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Олай болса сіздерге тек қана үлгілі де білімді шәкірт тәрбиелеуді тілеймін.
Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы