Ата-анаға алғысым шексіз!!!
Ата-анаға алғысым шексіз!!!
Әр бала-жас шыбық…
Жас кезінде қалай исең, солай қалыптасады. Қатайған шыбықты қайта ие алмайсың, сындырып аласың. Құнарлы жерге отырғызсаң жеміс береді. Бір тал шыбық күтіп мәпелесең, мың жапырағымен қоса 10 шелек жеміс беріп жайқалмай ма? Жайқалған жапырақ-сәнің, ыстықтасаң-көлеңкең…
Сыныбымда 23 оқушы оқып отыр. Оның 5 оқушысы қыз бала, ал 17-сі ер бала.Оқушыларым бір-бірлеріне жаншыр,бауырмал. Оқуға деген талпыныстары өте жоғары.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.Сонымен қатар оқушылар бойындағы ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам — ата-ана. Ата-ана мен оқушымен өте жақсы қарым –қатынастамын. Мен өз ата-аналарыма алғысым шкесіз.
Қорыта айтқанда, құрметті ата-аналар балаларыңыз еліміздің жас ұландары ұлылығымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін демекпін.