Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі
Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты – ізгілік пен тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту» -деп атап көрсетті.
Осыған орай бүгінгі білім беру саласының мұғалімдерінің алдында, оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, жан-жақты, шығармашылдықпен дамыту міндеттері де тұр.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру екені белгілі.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мұрат – міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп қалыптастыру.
«Менің педагогикалық сенімім» атты еңбегінде А. С.Макаренко «Өзін-өзі тәрбиелеуді туғызатын тәрбие ғана нағыз тәрбие» деп текке айтпаған.
Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білім аламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. «Білім өмірде –таяныш, жолда – дос, жалғыздықта – жолдас, қуанышта – бастауыш, қайғыда –медет, күресте –құрал, зұлымдыққа қарсы айла деп, дни қадистерде бекер айтылмаған.
Қазақстан Республикасының Білім жетілдіруге арналған 2011-2020 бағдарламасы негізінде, мен, Шығыс Қазақстан Білім беру мекемелерінің басшы кадрлар резерв мектебінің білім жетілдіру курсының бірінші кезеңін оқып бітірдім.
Жас маман ретінде алған білімім, тәжірбие жинақтауыма үлкен рухани азық болды. Басшылық қызметтің қыр-сырлары, ұстаздарымыздың толағай білімдерінің арқасында білім биігіне шыға алдық. Басқару саласында тәжірбие жинақтау, ойлы шешімдер қабылдау, үздіксіз білімімді жетілдіріп отыру, басқару ісінің әдістемелерін толық меңгеру, жаңа технологиялармен инновациялық белсенділігімді көтергеніме өте қуаныштымын.
Резервтік мектептің бітірушілерден де үлкен нәтижелі іс пен жетістіктер күтетіні белгілі, мен сол үмітті ақтауға күш жігерімді саламын. Оқу барысында 20- дан астам тақырыптар негізінде ізденіс жұмыстары берілген еді. Солардың ішінен мені қызықтырған тақырыптар: «Басқару психологиясындағы заманауи тенденциялар», «Командалық рух және корпаративтік мәдениет», «Басқарудағы тиімді қарым-қатынас», «Ұжымдағы психологиялық климат түсінігі», «Басқару қарым- қатынасындағы қиындықтар».
Меніңше басқару өнері үлкен өнер. Ақылды басшы таудан аққан суларды өзіне жинақтап алатын өзен сияқты, өзін қармағындағылардан төмен қоюы керек, қарапайымдылығымен көпке өнеге.
Түркістандағы қасиетті Қожа Ахмет Иасауидың кесенесінің қақпасында: «Дүние –уақыт, оны өзіңе бағындыра біл»- деп жазылған және « Егер кім де кім өзін-өзі таныса, ол адам өзінің құдайын да таниды» делінген сөздер бар екен.
Менің ұстанымым басқару ісінің негізгі принциптерін меңгеру, табандылық, адамгершілік, гуманистік асыл сезіммен, адами қасиеттерден айырылмау, тоғышарлық пен шенеуліктің жаман қасиеттеріне бой ұрмау негізгі қағидамның бірі.
Ұлы данышпан Абай атамыз: «Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын, жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абройын шашатындар көп» деген көрегендікпен айтылған нақыл сөзі қандай басшылықта болмасын жиі еске алатын философиялық ой. Адам өзінің адами қасиеттерін қымбат екенін терең түсініп, оның бағасын биік ұстағаны жөн.
Менің әлі де үйренімім көп. Оның бәрі де ізденіспен, тәжірбиемен келетініне кәміл сенемін. Білім жолы түпсіз терең, ізденгенге ғана ілігеді.
Нургалиев Марат Аманжолович