Жұмыссыздық түрлері
Сабақтың тақырыбы: Жұмыссыздық түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жұмыссыздық туралы түсінігін кеңейту.Жұмыссыздық нысандарымен (фрикциондық,циклдік,маусымдық,құрылымдық) түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Жұмыссыздықтың артықшылығын, кемшілігін , әлеуметтік салдарын , логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке , отан сүйгіштікке өздігінен ізденуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар , ҚР- ның статистикалық мәліметі. Логикалық сұрақтар.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Барысы: I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
а)Еңбек нарығы дегеніміз не?
ә)Еңбек рыногында не сатып , нені сатып аламыз?
б)Жалақы деген не?Жалақы түрлері?
III. Логикалық тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
а)Банк күзетшісіне қандай жалақы төлеу?
ә)Жеке ательенің киім пішетін кісіге қандай жалақы төлеген дұрыс?
б)СТО механигіне қандай жалақы төлеу керек деп ойлайсыздар?
- IV. Жаңа сабақ.
Жұмыссыздықтың түрлері.
Қазақстанға әлемдегі елу елдің қатарына қосылу міндеті жүктеліп отыр.Жолдауда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. (*)
4.3Жұмыссыздық – халықтың белсенді, еңбекке жарамды бөлігі, өзі орындауға қабілетті жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы.
4.1
а) Жұмыссыздық дегеніміз не?
ә) Жұмысқа қабіллетті деп кімдерді айтады?
б) Неліктен адамдар жұмыссыз қалады?
в) Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны кімдер алуға құқықты?
Г) Жұмыссыздық ел экономикасына қалай әсер етеді?
4.2. Ассосация жазу әдісі :
Слайд№1.
- Слайд№ 2.
Жұмыссыздарды тіркеумен еңбек биржасы айналысады.
Мемлекет ресми тіркелген жұмыссыздарға жәрдемақы төлейді.
Жәрдемақы алмайтын, еңбек биржасына тіркелмеген азаматар кездеседі.
- Құрылымдық жұмыссыздық— егер адам бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілік, білімі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмай жүрген адамдар. Жұмыстың бұл түрінің пайда болу себебі: тех-қ прогресс себепші. Мыс: банкомат, комьпютер…. т/б.
- Циклдік жұмыссыздық— егер өндіріс қысқарса, кәсіпорындар, фирмалар қысқарса, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуын айтамыз.
- Уақытша жұмыссыздық(фрикциондық)- егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.
- Маусымдық жұмыссыздық— егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобын айтамыз.
Логикалық тапсырмамен жұмыс.
Төменде келтірілген жағдайлардың әрқайсысы жұмыссыздықтың қай түрі екенін анықта, сәйкес белгі қой.
1.Құрылысшы қыста жұмыс таба алмай жүр.
2.Экономикада құлдырау байқалады. Шахталар жабылып шахтерлар жұмыстан шығарылуда.
3.Заңгер Аматыдағы фирмадан жұмыстан шықты, өйткені Астана қаласындағы жұмысқа шақыру алды.
4.Университет түлегі алғашқы жұмысын іздеп жүр.
5.Дүкенде экономикалық дағдарыс әсерінен сатылу күрт азайды. Сатушы жұмыстан шықты.
6.Орта мектепті бітірген, белгілі мамандығы болмағандықтан жұмысқа қабылданбады.
7.Жоғары білікті программист жұмыстан шықты, өйткені оны жалақының мөлшері қанағаттандырмайды.
VI.ҚР-ның статистикалық мәліметтерімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс.
VII.Сабақты бекіту , қосымша сұрақтар арқылы.
Жұмыссыздықтың
Артықшылығы
| Кемшілігі |
VIII.Бағалау.
IX.Үйге:Қалай жұмыссыздық деңгейін азайтуға болады?