Ауыл тарихы-ел тарихы. Ғылыми жоба

 

Тақырыбы:        Ауыл тарихы-ел тарихы.

 

Ғылыми  жоба

 

Мазмұны

 

. Кіріспе:

Мені қызықтырған …

Тарихтың  асыл бетін парақтасақ…

ІІ. Негізгі бөлім:

а/  “Қаракеткен бекеті”

ә/ Игі істері мол “Игілік ” балық колхозы.

б/ Ел мерейін асырған “Жалағаш ” қой совхозы

в/ Қаракеткеннің қазіргі келбеті

ІІІ. Қорытынды

IV . Ұсыныс

 

 

Мақсаты:

 

Оқушыларға кіндік қаны тамған жер , өз ауылының тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу.  Қалияр шүңейті деген ұғымды ашу. Қазіргі жастарға ауыл тарихын айтып , кеңінен білуге насихаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мені  қызықтырған …… .

Мен  Қаракеткен ауылында  туып   өстім.  Осы  ауылдағы   № 114 орта мектептің  5 -сыныбында оқимын. 

Ауылым деп  соққан   балалық  балғын   жүрегім  мені ауылымның  тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің  тарихын білуім  керек   деп ойлаймын.  Бұл  менің  үлкен  өмірге  аяқ  басқан   алғашқы  қадамым.

            Ауыл –ата-бабамыздың  өмірге  келіп, кіндік  қаны  тамған,  маңдай тері  төгілген  киелі  мекен.  Ананың әлдиі,  аялы  алақаны қандай  қымбат  болса,  ауыл соның негізгі  ұясы.

            Ауыл қазақтың алтын  бесігі.  Сұлу  сөз  өрнектеген  ақын,  ән  тербеген сазгер,  қызыл  тілді  шешен,  ел қорғаған   қарапайым ауылдың қара шаңырағынан  шыққан.  Біз үшін туған ауылдың   ұлтарақтай жерінің  өзі қымбат  қазына.  Ауыл – сол  жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін  мәнгілік кітабы.  Өзінің  туған жерін  жан  жүрегімен  сүйіп,  сырын  ұғып  өскен  ұрпақ  ғана  ұлттық пердесін сақтай  алады  деп  ойлаймын.   Керемет  ақын Мұқағали Мақатаев:

            Бір  әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

            Бұдан артық рахат табылмайды.  – деп  туған  жерге  деген ыстық сезімін жырға қосады.

Міне  осындай   туған жерге  деген менін балалық ауылым  жайлы тереңірек білуге  баулыды.  

 

 

 

а/ «Қаракеткен  бекеті»

 

Сыр өңірі  тұнған   шежіре.

Сырдария  өзенін жағалай  орын тепкен  біздің  елді   Сыр елі  деп атайды.

            Менің  туған ауылым  Қаракеткен  де  осы  аймақта орын тепкен.

Жері  жазық төбелі,  шөлді  аймақ.  Ауыл  іргесі  1905-1906 жылдары  теміржолдың   салынуына   қатысқан  жұрттың   қоныстауынан  бастау  алады.  Ауыл  негізінен  Орынбор – Ташкент  теміржолының  бойында  орналасқан.

  Қаракеткен  деп  аталу  себебі  көне  көз  қариялардың  айтуы  бойынша  осы  жол салынып  жатқанда   оның  Шығыс  жақ   бетіндегі «Қалияр шүңейіті»  деген  жерге  ірі  қара  сиырдың  суға  кетуімен  байланыстырады.  Сол  кездерден  бастап  «Қаракеткен   бекеті»  деп  аталған.

  1931 жылы  Қаракеткенде  машина –трактор станциясы  құрылды.  Ол  станцияның  Солтүстук  Шығыс  бетіне  салынады. Бұл МТС  сол кездегі  Қармақшы  ауданына  қарасты  32 колхозға  техникадан  көмектесіп  тұрған  және   техниканы  оқып  үйретуге  арналған  мекеме  болған. 

МТС 1946 жылы  Жалағашқа  көшіріледі.

1932-1933  жылдары   Қаракеткен  темір жол станциясының  Оңтүстік  бетіне  бір бөлмелі  Ж.Жабаев  атындағы  бастауыш  мектеп  салынады.Сол жылы мектепте 30 дан астам оқушы оқыпты.  1952 жылы  су  тасқыны  кезінде  мектееп  үйі  және жеке  үйлер  құлап қиындық  тудырады.  Сол  кездегі  ауылдық  кенестің  ұйымдастыруымен ауыл  адамдары  бірігіп  жаңа  мектеп  үйін  салады.

 Мектеп  1953 жылы  салынып  бітті.  Бұл  мектеп  ауыл  бүлдіршіндеріне  білім  беруді 1989 жылға  дейін қызмет  еткен.  Станцияның  екі  жақ   бетіне  сол  жылдары   тұрғын  үйлер,  ауылдық  кеңсе  салынады.      

 

 

 

Игі істері  мол  «Игілік»  балық колхоз.

Каракеткенің  атын  төңірекке  танымал еткен «Игілік»балық  колхозы. Ол  1928 жылы  ұйымдастырылған артельдің  бірі  болатын.  Теміржолға  жақын екенін  ескеріп  1930 жылы  «Игілік» балық  колхозы  болып құрылады. Қаракеткеннін  айналасы  сулы  да, нулы болған. Балық  ауланатын  көлдерден су  үзілмеген. Үлкендердің  айтуы  бойынша  ауыл  іргесіне  дейін  сулы  көлдер  болыпты. Балықшылар балықты  Қаракеткен  аумағындағы  «Майкөл», «Кіндіккөл», «Үйсінкөлі», «Түйе кеткен»  сияқты  көлдерден аулап отырған.  Соғыс  жылдары  колхоз  барлығы  13 мың  тоннадан астам сапалы балық  аулап, Отан қорғау қорына  жөнелткен.

Колхоздың  аты  дүркіреп шығып 1955-1958 жылдары  Бүкілодақтық  халық шаруашылық  көрмесіне  қатысып,  бағалы  сыйлықтармен  марапатталған. 1957 жылы «Майкөлден» ауланған сапалы  балықпен  балықшылардың  ерен еңбегі  туралы  сол  кездегі  колхоз  төрағасы Ж.Есіркепов  озінің «Өмір өткелдері» кітабында   былай деп жазды:

….. 1957 жылдың  басында  қытымыр аязында   төрт  жылымды қатар  салғыздық. «Майкөл» 1087 тонна сапалы  балық  берді,  былайша  айтқанда  сол  қыста 67 вагон  сапалы  балық  жөнелтілді…….

1964-1965 жылдары  колхоздың  аты  халық  шаруашылығы  жетістіктері көрмесінің  Құрмет  тақтасына  жазылды.

1965 жылы  Балық  шаруашылығы Министрлігінің ауыспалы Қызыл Туына ие болады. «Сырдария» Қараөзек суының азайып, көлдерінің құрғауына байланысты Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 16-қазандағы қаулысымен  «Игілік»  балық колхозы таратылды. 

б/ Ел  мерейін  асырған «Жалағаш »  қой  совхозы.

 

1941 жылы  Ұлы  Отан Соғысының  басталуына  орай  Ақтөбе  облысынан  мал  шаруашылығы көшіп  келеді. Мал шаруашылығына  тұрақты жер  болмай  екі  жылдай  көшіп  қонып  жүреді.  1943 жылы  оларға  тұрақты  мекен етіп   бұрынғы  корей  құрған  «Актив» колхозының  орны  беріледі.   Міне  осы  жерде  1943  жылы   «Жалағаш»   совхозы  ашылады.  Алғашында  700 бас  ірі  қарадан  құрылады.  1947 жылы Ақтөбе  облысынан 3 мың  бас  жібек  жүнді  миронос қойы алынады.  Ел  азаматтарының  ерең еңбегі  арқасында  1958 жылы  совхозда  қой  саны  42 мыңға  жетеді.   Совхоз  үкіметке  сапалы қаракөл  терісін,  ет, жүн  өткізіп  жоғары  жетістіктерге  жетеді.   «Жалағаш»  қой  совхозы   үш  фермаға  бөлініп  орналасады.   Көктем  шығысымен  шопандар  Қарақұм  жайлауына  көшірілетін  болған.  Жалағаш  совхозының  жарты  жылдық  тарихында  ел дәулетін асыруға  еңбегі  сіңірген  ауыл  еңбеккерлері көптеп  саналады.  Олардың  ішінде  Еңбек  даңқы  орденінің  иесі  шопан  Т.Ермекбаев, Еңбек  Қызыл ту орденің  алған жүргізуші М.Өлментаев, Құрмет белгісі орденінің  иесі  шопан  Ж.Нұрбаевты  мақтанышпен  атауға  болады.   Осы жылдары  ауылда  45 орын  балабақша салынады.

 1989  жылы  үш  қабатты  мектеп  үйі пайдалануға  беріледі.  Екі қабатты   шаруашылық кенсесі  іске  қосылады.

 1991-1993 жылдары  совхоз  таратылып  жекешелендіруге  көшеді. Совхоз  мүлкі,  жері  ауыл  адамдарына  үлестіріп  беріледі.     

 

в/ Қаракеткеннің қазіргі келбеті

Қазіргі  кезде  ауылда  халыққа  қызмет  көрсетіп  тұрған 1 орта мектеп, 15 орындық аурухана, клуб ,145 нүктелік  байланыс  бөлімі, «Фариза», «Жанжаз» , «Ақбосаға»  жеке сауда  орындары, теміржол  торабы бар. 2007 жылдың  күзінде  ауыл  азаматы кәсіпкер  А.Тәшімбетов  «Әбділда ата» атындағы   имандылық  үйі  мешіт  салып  берді.  .  Жаз  жайлауы  сонау  Қаракұмға  дейін  созылған  мыңғыртып  мал  өсірген ауыл  қазір  қолдағы  азғантай малымен  тіршілік  етеді.

Қаракеткен ауылдық әкімшілігі

            

 

Қорытынды бөлімі.

 

Еліміз  егемендік  алып тәуелсіздік  салтанат  құрған заманда  ауыл  көркейіп , гүлденеді  деп  сенемін.  Үкіметіміз ауылды  көркейтуге,  жұмыс  орындарын  ашуға   көптеп  көңіл  бөліп  келеді.  Тек  ауылым  деп  атқы  мінер  азаматтар  көп  болса  екен  деп  тілеймін. 

Ауыл  болашағы  бүгінгі  білімді  ұрпақ қолында.  Келешекке   үлкен  сеніммен  көз  тастасам  менің  ауылым  сәулеті  асқан,  дәулеті  тасыған  берекелі  құт  мекен  болады  деп  сенемін.