Дамытушы ойыншықтар өндірісі

 

Дамытушы ойыншықтар өндірісі                                                                                                       

 Сабақтың білімділік  мақсаты:оқушыларды өндіріспен байланыстыру.Өндіріс шығындары,жалпы табыс,табыс,шығын туралы мағлұматтармен таныстыру;

Дамытушылық мақсаты:оқушылардың ойлау қабілеттілігін арттырып,икемділікке тәрбиелеу.Бұйымды жасау технологиясы кезінде қауіпсіз,эстетикалық талғамға сай,шеберлікпен жұмыс жасауға үйрету;

Тәрбиелік мақсаты:үнемділікке,тиянақтылыққа,көркемдеп өңдей білуге,қоғамға және өзіне пайдалы еңбек етуге тәрбиелеу.

Жұмыс істеудің жалпы тәртібі:

  • оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы қандай ұғымдарды бекіту керектігін алдын ала анықтау арқылы тапсырманы таңдау;
  • тапсырманың құрылымы сіздің сыныбыңыздың деңгеіне сәйкес келуін анықтау;
  • берілген тапсырманы талқылау,балаларға түсініксіз жерлерді түсіндіру;
  • топтың құрамын анықтау;
  • оқушылар жұмыс істей бастайды(мұғалім сыныптың соныңда күте тұрады);
  • топтардың жұмысын бақылау;
  • шағын топтардағы талқылау барнысының аяқталуы;
  • түйін жасау,қорытынды шығару.

 Оқушылардың мақсаты:

  • Өндірушілер ресурстарды сатып алғанда,олар өндіріске шығын жұмсайтыны туралы түсіндіру.
  • Пайданы анықтау,жалпы табыстан жалпы шығынды алу.
  • Пайданы/шығынды есептеу.
  • Сату бағасы ретінде,сатылған тауарлардың санына көбейткендегі ,жалпы табысты анықтау.
  • Жалпы шығындарды,қолданылған ресурстардың жалпы бағасын өндірілген тауарлардың санына көбейткендегі,анықтау.
  • Жалпы жұмсалған шығындар жалпы табыстан артық болғанда, шығын пайда болатынын түсіндіру.

Сабақтың түрі:интербелсенді,зерттеу сабақ.

  1. Көрнекіліктер:№1кесте «Өндіріске кеткен шығындарды есептеу».№2 кесте «Ойыншық жайлы мәліметтер». №3 кесте «Қолданылатың ресурстардың бағалары».Әр түрлі заттар-желім,қорап,түс қағаз,қайшы т.б..Әр оқушыға 5 мың теңгелік ойыншық ақша. №1,№2,№3 кестелердің слайдтары жасалады.

Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды түгендеу,сабаққа даярлығын байқау.

Сабақтың мазмұны.Нарықтық(баға) жүйеде экономикалық шешімдер өндіруші мен тұтынушы арасындағы қарым — қатынас арқылы қабылданады.Өндіруші мекемелер адамдарға қажетті заттар мен түрлі қызметтерді жасайды және сатады. Фирмалар өндіріс факторларын(ресурстар) сатып алады,еңбек және капиталды ресурстар,тауарлар өндіреді және қызметтер жасайды,оларды тұтынушыларға сатады.Фирмалар пайда табуға ұмтылады-кәсіпкердің табысы.

Табыс фирманың жалпы шығының жалпы табыстан алып тастағаннан шығады.Кәсіпорын ресурстарға төлегенде өндіріс шығындарын көтереді.Жалпы шығындарды,әр бір тауардың немесе қызметтің жасалуына қолданған ресурстардың бағасын,жасалған тауардың(қызметтің) санына көбейту арқылы есептейміз.Фирманың жалпы табысы,жасалған тауардың бағасын сатылған тауардың санына көбейту арқылы шығады.Фирманың басты мақсаты-пайданы көбейту;бағаны және өндіріс деңгейін  анықтау,жалпы табыс жалпы шығыннан көбірек болдыру.Егер жалпы шығын жалпы табыстан көп болса,фирма шығынға түседі.

Түсініктер.Өндіріс шығындары,жалпы табыс,пайда,шығын.

Кіріспе.Оқушылардан кәсіпкерлік тәжрибесі туралы айтып беруді сұраймын,егер ондайы бар болса,мысалы,жаздың ыстық күнінде сусын сату.Осындай өндіріске қандай ресурстар қажет екенін оқушылармен тізімін жазып,олардың бағаларын талқылаймыз.Оқушылар табыс тапты ма, анықтаймыз.

Тапсырмалар

  1. Сынып 4-5 оқушыдан топтарға бөлінеді.Әр топ ойыншық өндірісін ұйымдастырып қандай да бір ойыншық жасап шығарады.Басқалары,қандай ойыншық сатып алу туралы шешім қабылдауы керек.Мақсат табыс табу.
  2. Топтарға ресурстар салынған қораптар және әр оқушыға №1 кесте  «Өндіріске кеткен шығындарды есептеу»таратылып беріледі.
  3. Әр топ қораптағы ресурстарды қолданып,дамытушы ойыншық прототипін жасап шығару керектігін түсіндіремін.Слайд арқылы тақтаға ресурстардың бағасын(прейскурант) көрсетіп,түсіндіремін.№3 кестенің көшірмесі әр топқа таратылады.
  4. Әр кәсіпорын(фирма) №1 кестені толтыруға және ойыншық прототипін жасауға 15-20 минут уақыт берілетіндігі түсіндіріледі.Сатылу бағасы 5000 теңге.Егер кәсіп орындар,көбірек пайда табуды ойласа,ойыншықтарды өндіруде азырақ шығын шығаруы тиіс,бірақ ойыншық сырт келбетімен сатып алушыны қызықтыратындай болуы тиіс.Тауарды өндіруде немесе қызмет көрсетуде қолданылған ресурстардың барлық бағасы(еңбек ақы мен алған көлемнің арендалық төлемін қосқанда),өндіріс шығындарын анықтайды.
  5. Слайдтың көмегімен №1 кестені қалай толтыру керектігі көрсетіледі. Жұмыс орнына арендалық төлем(рента)тұрақталған шығын екендігі түсіндіріледі.Әр топ,оқушылар санына,қанша ойыншық сата алғанына қарамастан,750 теңге төлейді.Еңбек ақысы өзгермелі шығындырға жатады,топта қанша жұмысшы(оқушы)болғанына байланысты.Мысалы,топ 4 адамнан тұратын болса,еңбекке кеткен шығын 1000 теңге(4×250).Барлық басқа шығындар өзгермелі,топ ресурстардың қандай түрін немесе ресурстың қанша саны қолданғанына байланысты болады.(Мүмкін, мұғалімге өндірісте қандай материалдар қолданғандарына байланысты шығындарды түсіндіру, қажет болады.)
  6. Әр топқа ойыншық өндірісіне 15-20 минут беріледі.Содан соң топтан бір оқушы ойыншықты көрсетіп, бір минутта жарнамалық компания өткізеді.Барлық ойыншықтар стол үстіне бір қатарға қойылады.
  7. Енді оқушылар сатып алушылар рөлін ойнайды.Әр оқушыға ойыншық 5000 теңгелік беріліп,өздеріне ұнаған ойыншықты сатып алуға тапсырыс береді.Оқушы тапсырысты өзінің аты- жөнін жазу арқылы немесе ойыншық 5000 теңгелікті таңдаған(ұнатқан)ойыншықтын қасына(конвертке)қою арқылы береді.
  8. Әр оқушыға №2 кесте «Ойыншық жайлы мәліметтер»таратылып беріледі.1,2 және3 бағаналар толтырылады.Оқушыларға әр ойыншық 5000 теңгеге сатылатыны еске түсіріліп,фирмалар барлық тапсырыстарды орындай алатындықтан,барлық табыс тапсырыстардың санын 5000 теңгеге көбейткенге тең.
  9. №2 кестедегі 3,4 және 5 бағаналарды толтырамыз.Қай топ жоғарғы табыс тапқанын анықтаймыз.Оқушылар сол жетістік себептерін талдайды.Көбіне ойыншықтарды көбірек сатқан топ,табысты көп тапқан болып шықпайды,себебі олар көп шығын шығарған.Бұл жағдай оқушылармен талданады.Ең көп табыс тапқан және ең көп ойыншық сатқан топ кішкене сыйлықтармен марапатталады.
  10. Талдау(қорытындылау):
  • Кәсіпкерлерге тауар және қызмет жасау үшін қажетті ресурстарды атап шығу.(Жұмысшылар,өндіріс орны,және т.б.)
  • Кәсіпкерлер қызметті жасауда және тауарды өндіруде қандай шешімдер қабылдайды?(Нені,қалай және қанша жасау керек.)
  • Неге өндірушілер қандай ресурстарды сатып алатының мұқият таңдауы керек?(Ресурстар ақша тұрады және табысқа әсер етеді.)
  • Табыс дегеніміз не?(Жалпы табыс-жалпы шығын=табыс(пайда).)
  • Неге табыстың өндірушіге үлкен маңызы бар?(Табыс,өндіруші өндірісті жалғастыра алады ма,өндірушіге ақшалай сыйлықты және болашақты қамсыздандыруды,анықтайды.)
  • Өндіріс шығындары қалай тұтынушыға аударылады?(Сату бағасына өндіріс шығындары қосылады.)
  • Қандай фирма ең үлкен пайда тапты?(Сұраныс көлемі көп болды,шығын аз болды және т.б.)
  • Неге кейбір фирмалар шығынға түсті?(Сұраныс көлемі аз болды,шығын көп болды және т.б.)
  • Неге кейбір фирмалар бірде-бір ойыншық сата алмады?(Тұтынушылар басқа ойыншықтарды таңдады.)
  • Егер олар жасаған ойыншықтардың бірде-біреуін сата алмаса фирмамен не болады?(Бизнестен шығады.)
  • Тұтынушы ретінде,қандай ойыншықты сатып алу керек,қалай шешім қабылдадыңыз?

Үйге тапсырма:Өндіріс шығындары, жалпы табыс,пайда,шығын,заттың құнын анықтау.

 

№1 кесте Өндіріске кеткен шығындарды есептеу

  Компания атауы                                                       Өнімнің атауы

 

 

 

         Тапсырмалар: 1бағанаға сіздің тобыңыз(компания немесе фирма)ойыншық жасауда қолданған ресурстарды жазыңыз.2 бағанаға әр ресурстан қанша сан  қолданылғанын жазыңыз.3 бағанаға қолданылған ресурстардың,«Қолданылатын ресурстардың бағалары кестесін» қолданып, бағасын жазыңыз. 2 бағанадағы өлшемдерді 3 бағанадағы өлшемдерге көбейтіп,шыққан санды 4 бағанаға  жазыңыз.

1.

Ресурс

2.

Қолданылған ресурстардың саны

3.

Ресурстың бағасы

4.

Ресурстарға кеткен шығын

Жұмыс орнына арендалық төлем1750 теңге750 теңге
Еңбек ақыТоптағы оқушы саны1 жұмысшыға-250 теңге
Ойыншыққа кеткен жалпы шығын(4 бағанадағы сандарды қосыңыз)

 

 

 

№2 кесте Ойыншық жайлы мәліметтер

1.

Бұйымның атауы

2.

Сатылған ойыншықтар саны

3.

Жалпы табыс

4.

Жалпы шығын

5.

Табыс / Шығын

 

 

№3 кесте Қолданылатын ресурстардың бағалары.

РесурстарБаға
Желім

Картон қорап

Резеңке

Түрлі-түсті қаламсап

Түрлі-түсті ине

Түрлі-түсті маркер

Түрлі-түсті лента

Скотч

Скрепка

Қайшы

Пластмасса ыдыс

Түрлі-түсті қағаз

Пластмасса ыдыс(стакан)

Пластикалық пакет

Алюминий фольгасы

Қағаз қыстырғыш

Қағаз сүлгі

Диск

Степлер

Түс қағаз

Түрлі-түсті жылтырақ қағаз

Түрлі-түсті жіп

Еңбек ақы(бір жұмысшыға)

Жұмыс орнына арендалық төлем

500 теңге

500 теңге

250 теңге

250 теңге

250 теңге

250 теңге

250 теңге

500 теңге

250 теңге

750 теңге

1000 теңге

250 теңге

250 теңге

250 теңге

500 теңге

250 теңге

200 теңге

500 теңге

500 теңге

500 теңге

250 теңге

250 теңге

250 теңге

750 теңге