Алтын сақа танымдық ойын (экономикалық сайыс)
Алтын сақа танымдық ойын (экономикалық сайыс) Барысы: 1-жүргізуші:
Міне, залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Кешіккендерді тоспаймыз, № 4 мектепте экономика жайында Кешімізді бастаймыз
2-жүргізуші: Келдік міне біз бүгін Түсейік деп сайысқа Тайсалмай да, жалықпай Келіңіздер жарысқа. 1-жүргізуші:Ойынға қатысушы бірнеше топ келіп отыр, әр топта 4 оқушы бар.Ойынға қатысу үшін сұрақтар беріледі.
- «Табалдырық»
1-жүргізуші:1-сұрақ.Экономика нені зерттейді? 2-жүргізуші:2-сұрақ.Экономиканың мақсаты не? 1-жүргізуші:3-сұрақ.Экономика міндетін ата. 2-жүргізуші:4-сұрақ.Сауда деген не? 1-жүргізуші:4 топта «Әудемжерге» көшеді.Әр топта 5 баллдан бар. 2-жүргізуші:Жауап берген оқушылар шығады.Асықтың көмегімен әр топтың кезігін анықтайды.Әр топ конверттің түсін өзі анықтайды.Әр сұраққа бір минуттан уақыт беріледі. II.«Әудемжер»
1-сұрақ.Ақша деген не? (қызыл) 2-сұрақ.Балама құн деген не? (сары) 3-сұрақ.Өндіріс деген не? (көк) 4-сұрақ.Банкроттық деген не? (жасыл)
1-жүргізуші:Біреу озса жарыста, біреу артта қалад Ренжімей тараса, озбағандар жарады деп бір топ ойыннан шығады.Үш топ «Қозыкөшке» өтеді.
III «Қозыкөш»
1-сұрақ.Тұтынушы деген кім?Сауатты тұтынушы дегенді қалай түсінесің? 2-сұрақ.Ресурстар түрлерін ата. 3-сұрақ.Сұраныс,сұраныс заңы. Жауап бере алмаған топ ойыннан шығады.Үшеуі де жауап берсе асықпен анықтайды. 2-жүргізуші:Жиналған ылғи, дарындар Жүрекке от, көздерінде жалын бар Қол соғып қарсы алайық Білімді экономистерді. 1-жүргізуші:1-сұрақ.Жарнама деген не?Әр топ қалаған тауарлар, қызмет көрсетулерге жарнама жасайды.(плакат, фломастер,уақыт 5 мин.)
- IV. «Беласар»
2-жүргізуші:Экономика сырларын, Білсек достар жалықпай. Ақыл-оймен кеңескен, Білімпаздар шықты алға, 1-сұрақ.Сауда себептері кедергілері Экономикалық есеп:100 гр теңіз суынан 4 гр тұз алынады.50 гр тұз алу үшін қанша теңіз суы қажет?Шешуі:100:4*25*100=2500 гр т.с. 2-сұрақ.Бизнес-жоспар деген не? Есеп:1-жүмысшы өзіне көмектесуге жалқауды көндірді.Жалқау – 30 күн. 1-күнге 8-доллар алады.Егер келмей қалса шарт бойынша 10-доллар қайтарады.Мерзімі біткен кезде жалқау 1-цент ақша таппаған.Жалқау неше күн жұмыс істеп,неше күн жұмыстан қалған?Шешуі:30*8 =240 $ 2-240:10=24 күн қалған. 30-24=6 күн келген. 1-топ. «Жолайырыққа» өтеді. Тапшылығы бар бюджет, баланстанған бюджет түсіндір Есеп :Қазақстанда жылына 110 тн жүн өндіріледі.1 кг жүннен 1 м мата дайындайды. 1-костюмге 2,5 м мата кетсе, республикада өндірілген жүннен неше костюм шығады? Шешуі:110*1000 кг=110000 м мата 11000:2,5 = 440 костюм. 1-жүргізуші:Қымбатты әділ қазылар, Әділдікпен шындықтың Туын биік тіккендер Білімді экономистердің Берсеңіздер есебін 2-жүргізуші:Ұтсақ егер ұтылсақ Ренжулер болмасын. Музыкалық сәлеммен Жанкүйерлер қолдасын.Әр топ оқушылары өз өнерлерін көрсетеді. 1-жүргізуші:Әділ қазылар есебі тыңдалады.Ойын аяқталып жеңіске жеткен топқа сыйлық тапсырылады. «Петро Қазақстан» демеушілігімен «Жастар Жетістігі» қоғамдық қорының бағалы сыйлықтары тапсырылады.Интерактивті тақта арқылы анаграмма шешіледі.Жауаптарын дұрыс тапқан оқушылар марапатталады.