Көктем мерекесіне сыйлық. «Гүлдерден панно жасау»
Пәні: Сәндік қолданбалы өнер.
Сабақтың тақырыбы: Көктем мерекесіне сыйлық. «Гүлдерден панно жасау»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға панно жасауды үйрете отырып,сәндік қолданбалы өнердің жаңа түрімен таныстыру,аналар мейрамына қарсы өз қолдарынан сыйлық жасату.
Білімділігі: Оқушылардың білімін жүйелендіру,шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету..
Дамытушылығы: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту,алған білімдерін өз беттерінше қолдана білуін қадағалау.
Тәрбиелігі: Оқушылардың көркемдік танымға,жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке,жасалатын бұйымға ынтамен қарауға,біткен бұйымды талдап,сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс,сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,жаңа техникамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу,өсімдіктану.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы, панно түрлері, қағаздан жасалған гүлдер,қауіпсіздік ережесі, сұрақ жасырылған конверт.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:гуашь бояуы,қылқалам,карандаш,жұмыртқа ұясы,қайшы,желім,түсті қағаз.
Сабақтың барысы;
а)Ұйымдастыру кезеңі;
ә)Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Балалар 5 орталық бойынша жұмыс жасайды.
1.«Еңбек»орталығы. 4. «Пікір алысу»орталығы.
2.«Ғылым»орталығы. 5. «Мақал-мәтел»орталығы.
- «Өнер»орталығы.
І.«Еңбек»орталығы.
*Сабаққа қажетті құралдарын тексеру,еңбекке дайындау.
*Сабақ ережесімен таныстыру,бірін-бірі тыңдау,ойын ашық айту.
*Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау.
ІІ. «Ғылым»орталығы.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Балалар,бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың өлеңімен бастаймыз.
Талап,еңбек,терең ой
Қанағат,рақым,ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Осы өлең жолдарының әрбір сөзінің астарына үңіліп,талқылап көрейік.
-Еңбек түбі –береке,
-Көптің түбі-мереке.
-Ал мереке,туған күн кештерінде гүл сыйлау қалыптасқан дәстүріміз.
Панно өнер туындысы.Мәдени орындар мен үй ішін көркемдеу үшін жасалады.
1.Икебано-жасанды гүлдер мен табиғи материалдан жасалған панно.
2.Түрлі-түсті қағаздан жасалған панно түрлері де болады.
3.Матадан,лентадан жасалған гүлдер панносы.
Панноның жобалау кестесін тауып көрейік.
ПАННО-1.Материал қымбат емес.
2.Төзімді сапалалы.
3.Әдемі дизайн.
4.Ерекшелігі мол.
- Жасалуы көркем.
6.Тез табылады.
7.Экономикалық шығын.
8.Бұйым мөлшері ерекшелігіне сай.
Өнердің өзі қызығушылықтан оянады,қызығушылық-үйрену процесі.Үйрену-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Қазақ сурет өнерінің атасы Ә.Қастеев былай деген екен:
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім.
Яғни,өнер біздің айналамыздан табылады,олай болса өнер туындысын жасауға талпынайық.Бүгінгі сабағымызда қарапайым жұмыртқа қағазынан гүл жасауды үйренеміз.Олай болса,гүлдің құрылысымен танысайық:1.Гүл басы (күлтешелер).2.Гүл ұрығы.3.Сабағы.4.Жапырағы.
ІІІ. «Өнер»орталығы.
-Балалар,енді біз гүл жасаудың ретін басшылыққа ала отырып,гүл құрастырамыз.
Ол үшін жұмыртқа ұясын әдемілеп киып алып,8 тілік жасаймыз және оны ұқыптылап шетін қайырып аламыз,жан-жағын тегістеп қиып отырамыз, болған соң ашық түсті гуашьпен бояп шығамыз.Бәрін дайындап алып,А4 көлемді қағаз алып ,желім арқылы бекітеміз.
ІV. «Пікір алысу» орталығы.
а).Сұрақ-жауап,білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1.Панно-дегеніміз не?
2.Еңбек қауіпсіздігін білесің бе?
3.Қандай гүлдерді ұнатасың?
4.Дала гүлі мен үй гүлінің айырмашылығы не?
5.Панноның қандай түрлері болады?
б).Венн диаграммасы.
Салыстыру арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын шығарады.
- «Мақал-мәтел»орталығы.
Оқушылар гүл туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады.
1.Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі.
2.Әр гүлдің иісі әр басқа.
3.Таулы жердің суы әдемі,
Жарық жердің гүлі әдемі.
4.Түздегі гүлден үйдегі гүл ұзақ жасайды.
5.Шықсыз гүл өспейді.
Әр оқушының шығармашылығына,жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады.
Әдемі жасалған жұмысты сынып көрмесіне қою.Сабақты бекіту;
1.Тренинг сабақ ұнады ма?
2.Бүгін біз не жасадық?
3.Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
4.Қандай сұрақтарың бар?