ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАЙЫНДАУШЫ.

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАЙЫНДАУШЫ.

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру —  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ”  деп Елбасымыз өз жолдауларында үнемі айтып отыратыны баршамызға мәлім.

Еліміздің болашағына білімді, ойлы, өнерлі азаматтарды дайындау үшін білім беруде тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты түрлендіріп отыру, шығармашылық қабілетті арттыру, эстетикалық тәрбие беру тікелей мұғалімге жүктелген міндет.

Сондықтан оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту ғылыми ізденудің әдістерін үйрету, білім беріп қоймай, алда тұрған поблемаларды шешуге үйрету бұл да  жаңашыл мұғалімнің негізгі міндеті.

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге көтерілуді көздейтін жаңа бағыт қалыптасып отырған қазіргі таңда «мұғалім» деген атаудың орнына «жаңашыл мұғалім», «жаңа тұрпатты мұғалім» деген атауларды қолданғанымыз жөн секілді. Білімін шыңдауға, өзінің кәсіби деңгейін көрсетуге және жиі білімін көтеруге талпынған мұғалім ол тек қана күнделікті өзіне жүктелген сабақты өткізуші ғана емес, ол нағыз еңбек етіп, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл ұстаз.

Ендеше үздіксіз дамып жатқан шақта бізге жаңа жүйеде жұмыс жасай білетін жаңашыл мұғалім қажет. Оны мына желі арқылы көрсетуге болады.

 

Жаңа жүйедегі жаңашыл  мұғалім моделі