Ж дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілеттерін аттыру.
Жаңа Жж дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құрауға дағдыландыру.
Баспа әріп жазу жолдарымен үйрете отырып, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ұлттық киімдер мен бұйымдар.
Психологиялық дайындық
Үлкенге сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем-бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімі. Оқушылар өз есімдеріне байланысты жақсы сөздер айту.
ІІ. Өткенді қайталау.
Өткен әріптерді қайталау.
- Алфавитте неше әріп бар?
- Дыбыс нешеу?
- Қайсы әріптер дыбысталмайды.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Қайдай болып бөлінеді?
- Балалар, біз қандай әріптермен таныстық?
- Балалар, мына суреттегі кім? Ыбырай Алтынсарин атамыз.
Бұл кісі туралы не білеміз?
Бұл ата қазақ балаларына алғаш мектеп ашып берген.
Ы дыбыстан басталатын сөздерді оқушыларға оқытамын.
Буынға бөліп, неше дыбыс, неше әріп барын айтамыз.
Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар, жылдық неше мезгілі бар?
— Қазір қай мезгіл (күз)
— Күзден бұрын қай мезгіл өтті (жаз)
— Аптаның неше күні бар (7 күн)
— Бүгін аптаның қай күні (жұма) Яғни жұма күні қасиетті күн
— Балалар, сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бос жер қалмай аспанда
Түнде шешіп тастаған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?
Жұлдыз Ж әрпінен басталған.
Сонымен бүгін біз Ж дыбысымен танысамыз
Ж дыбысын айтып көреміз.
Сонымен Ж дыбысы дауыссыз
Ұяң дауыссыз дыбыс екен?
Бір әрібін өзгертсең
- Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қоректін (жастық-астық)
- Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде (жалау-палау)
Суреттерме жұмыс жүргізу
Буынға бөлу, неше дыбыс, кеше әріп барын табу.
Жүзік салу ойыны С әрпінен басталатын сөз ойлау буынға дыбысқа, неше әріп барын табу керек.
Жұппен жұмыс
Әр жұпқа буын жазылған леспе қағаздар береміз, буындардан сөз және сөйлем құрап шығады. Дұрыс құраған жұп алманы алма ағашына іледі.
Дәптермен жұмыс жүргізу.
Әріптің жазба және баспа түрін жазып көрсетемін.
— Ауада Ж әрпін жазғызу.
— Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
— Сергіту сәтті.
Сабақты қорыту.
Бағалау.