Сайыс. Сурет сала білесің бе?
Сайыс. Сурет сала білесің бе?
Сайыстың тақырыбы: Сурет сала білесің бе?
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Эстетикалық тәрбие беру
Сайыстың көрнекілігі: Кеш өтетін залға шарлар ілініп,тақырыбы әсемдеп жазылады.
Сайыстың барысы: Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Осы сайысты өткізгендегі мақсатымыз оқушылардың қоршаған ортаны,табиғат өмір шындығы туралы өрісін кеңейту,оқушылардың туған өлкеге деген сүйіпеншілігін арттыруға негізделген.
Сонымен сайысымыздың шарттары:
1.Таныстыру
2.Портрет
3.Жұмбақ ойын
4.Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
5.Мозайка құрастыру
6.Топ басшылар сайысы
7.Жалғастырып сал
8.Өнер.
Енді осы сайысқа қатысқалы отырған топтарды таныстырып өтейік.
Қазір ортаға «Таныстыру» сайысы бойынша 6а класының «Суретшілер» және 6ә класының «Шебер қолдар» топтарын шақырамыз,қарсы алыңыздар.1-ші «Суретшілер» тобымен танысайық.
1.Таныстыру.
«Суретшілер» тобының топ басшысы:
Ау,халайық,халайық!
Бәріңе жар салайық.
Сәлем жолдап баршаңызға,
Суретшілер кеп тұр бүгін ортаңызға.
«Шебер қолдар» тобының топ басшысы:
Қолда қағаз ,қаламым,
Алмаймын мен бір тыным
Сызумен тек боламын,
Суреттің мен түр-түрін.
Келесі кезекті осы топтарымыздың сурет өнерін қаншалықты игергендігін бағалайтын әділ-қазыларды таныстырып өтелік.Сайыс 3,4,5 балдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші: Сурет сабағы
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.
Қызыл бояу – қызғалдақ,
Сары бояу –сарғалдақ,
Жасыл бояу – жайлауым,
Іздеп барар армандап.
дегендей ,бүгінгі жарыстың мақсаты-жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру,оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу.
2.Портрет
Менің досым.
Мен досыма қарап алдым,
Қолға қағаз,қалам алдым.
Дөңгелетіп басын салдым,
Екі сызып шашын салдым.
Ұқсатқан жөн түрін енді,
Міне,мынау мұрын енді.
Салынды езу,құлағы еді,
Күлімсіреп шыға келді.
Ең соңынан көзін салдым,
Айнымаған өзін салдым.
Бір оқушының суретін салып,маркермен бояйды.Біреуі басын,екіншісі денесін,үшіншісі қолын, төртіншісі аяғын тез салып бояйды.
3.Жұмбақ ойын.
Бірінші топ екінші топқа жұмбақ жасырады.Жұмбақтың шешуінің суреті салынатын және мектеп құралы болу керек.
Мысалға: Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (кітап)
Жоқ өзінде бас та,
Қас та,мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
4.Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу.
Екі топқа тапсырма беріледі.1-ші топқа Қожанасырдың,2-ші топқа Алдар-Көсенің суретін салу.
5.Мозайка құрастыру.
Қиылған суреттерді құрастыру.Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
6.Топ басшылары сайысы.
Топ басшысына суретті көрсетіп,сосын көзін байлап сурет салады.
7.Жалғастырып сал.
Мольбертке аяқталмаған екі сурет ілінеді,1 минутта осы суреттерді аяқтау.
8.Өнер.
Топ басшылары сайысы.Топ басшылары шығып,екі қолын артына ұстап,аузына қарындашты тістеп,табиғатты бейнелейді.
Осымен сайысымыз аяқталды.Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.Сайысымыздың қортындысын бағалайды.Жалпы есеп «Суретшілер» тобы-32 ұпай, «Шебер қолдар» тобы37-ұпай.
Топтарды сапқа тұрғызып, марапаттаймыз.