Сәндік қолданбалы өнер.
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылармен таныстыру. Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жасауға ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.
Дамытушылық: Оқушылардың кәсіптік бейімділік, шығармашылық шеберлігін, еңбекке іскерлігін икемдей дамыту.ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қаблеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Көрнекілік: Сабаққа қажетті схема карталар, тест сұрақтары, сөзжұмбақтар, оқулық, жұмыс дәптері, қолөнер бұлымдарының фотосуреттері, қолөнер бұйымдары.
Сабақ түрі: аралас сабақ, білік, дағды қалыптастыру сабағы. Сабақ әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Кезекші оқушыны анықтап,оқушыларды түгендеу. –Сынып журналына тиісті мәліметтерді толтыру.
-Сыныпты екі топқа бөлу. Топтың аттарын қою:
І-топ – «Шебер»,
ІІ-топ – «Зергер».
- Жаңа сабақ.
Ортаға қолөнер бұйымдарын қамшы, шекіме,(чеканка)қоямын да, оқушылардан сұраймын:
- Бұл нәрселер қалай деп аталады?
- Қамшы, шекіме.
- Бұл нәрселер бейнелеу өнерінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Сәндік қолданбалы өнер.
Осыдан кейін тақтадағы схема карталармен сәндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстыра бастаймын.
Бейнелеу өнері
Графика |
Сәндік қолданбалы өнер |
Сәулет өнері |
Сурет |
Кескіндеме |
Дизайн |
Мүсіндеу |
Сәндік қолданбалы өнер
Текстиль жиһаздар |
Көркем оймыш |
Керамика |
Металдан жасалған бұйымдар |
- Сарамандық жұмыс. Фольгамен жұмыс істеу.
Нұсқау картасы
р/с | Жұмыс реті | Құралдар | Нобай |
1.
2.
3.
4. | Керекті суретті шаблонмен бастырып алу.
Фольганың сыртқы жағынан қайталап бастыру.
Фольганың ішкі жағынан бастыру.
Жұмысты аяқтау.
| Фольга, шаблон, сиясы жоқ стержень.
Фольга, стержань.
Фольга, стержань.
Фольга, стержань.
|
- Өз бетімен жұмыс.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап жатырған кезінде екі топқа қосымша мынадай тапсырмалар беремін.
1.Сөзжұмбақ «Тұскиіз».1,2,3,4,5,6,7 – төсеніштің түрлері.
- Сөзжұмбақ «Сырмақ».
— Төсектің тұсына ұстайтын үй жиһазы.
— Сырмақ жасауға қажетті құралдардың бірі.Сырмақ, тұскиіздің сәні.
— Жүннен талдырып түр салынатын төсеніш.
— Өрмекте тоқылатын бұйым.
— Ісмерлікте пайдалылатын зат.
Өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтары.
І-топ.
1.Салынатын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу.
А) этюд. В) графика. С) Эскиз. D) иллюстрация.
- Кеңістікте заттың көлемі мен формасын бояу түрлерімен үйлесімді бейнелеу.
А) Әсем табиғат көрінісі. В)Экстерьер. С) Интерьер D) кескіндеме
- Зәулім ғимараттар мен әсем құрылыстың сәулеттік құрылысы.
А)Монумент В) Мүсін С) Сәулет өнері D) Пирамида
- Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе:
А) Мүсін В) Рельефті мүсін С) Горельефті мүсін D)Кеуде мүсіні
- Әсем ғимараттардың ішкі көрінісінің безендірілуі және қабырға газеттерді әшекейлеп көркемдеу.
А) Көркемдеп безендіру В) Көркем шығарма С) Витраж D) Мозайка
ІІ топ.
1.Әсемдік бұйымдар мен жиһаздарды безендіруге қолданылатын ұлттық өнер:
А) зергерлік В) Сәндік қолданбалы өнер С) Дизайн D) Тұрмыстық жанр
- Заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма:
А) гобелен В) Графика С) Реалистік живопись D) Натюрморт
- Кеңістікте бейнелеу өнерінің заңдары:
А) схемалық әдіс В) Түстану С) Пейзаж D) Перспектива
- Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі:
А) Қ. Тельжанов В) Ә. Ысмаилов С) М.Кенбаев D) Ә. Қастеев
- Әлемнің жеті кереметінің бірі пирамидалар орналасқан ел:
А) Египет В) Франция С) Италия D) Индия
6.Сабақ беркіту.
-Оқушылар бүгінгі сабақта сәндік қолданбалы өнер туралы мәлімет алдыңыздар.Енді оқулықтағы репродукцияларды қарап, олар сәндік қолданбалы өнердің қай түріне жататынын айтып жіберейік.
- Үйге тапсырма мен оқушыларды бағалау.Оқушылардың алған бағаларын атау, сынып журналына қою.
«Мен қолөнер шебері болсам» деген тақырыпта эссе жазып келу.